|
|
|
Туындау және таралу қатері төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 754 Қаулысымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған туындау және таралу қатері төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесі бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2269 қаулысымен бекітілген
Туындау және таралу қатері төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесі
1. Оба 2. Тырысқақ 3. Сары қызба 4. Ауыр қатты респираторлық синдром 5. Вирусты геморрагиялық қызбалар 6. Фекальды-оральды жолмен берілетін вирусты гепатиттер 7. Сүзек-қылау аурулары 8. Сальмонеллез 9. Дизентерия 10. Басқа да қатты ішек инфекциялары 11. Пандемиялық тұмау (A/H1N1 тұмауы, құс тұмауы және басқа да түрлері) 12. Ауа-тамшы инфекциялары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |