Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін күтіп-ұстауға 2010 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы
«2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңының 13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін күтіп-ұстауға 2010 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттердің бекітілген сомаларын аударуды қамтамасыз етсін. 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері: 1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларын уақтылы және мақсатты пайдалануды; 2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының пайдаланылуы туралы есептерді ай сайын есептіден кейінгі айдың 5-күніне дейін ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 41 қаулысымен бекітілген
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін күтіп-ұстауға 2010 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|