|
Аккредиттелген ұйымдардың емші сертификатын беруі бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 26 қыркүйектегі № 656 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 54-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған аккредиттелген ұйымдардың емші сертификатын беруі бойынша Нұсқаулық бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Баймұқанов С.А.): 1) емші сертификатын беруші денсаулық сақтау субъектілеріне аккредиттеу жүргізсін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. «Халық емшісі куәлігін беру бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 10 қарашадағы № 532 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4477 тіркелген, 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 5 (1208) «Юридическая газета» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін. 6. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі. «Сертификаттың және Қазақстан Республикасы емшілері тізілімінің нысанын, сондай-ақ оны жүргізу ережесін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 6 қарашадағы № 663 Бұйрығын қара
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|