Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2326 Қаулысы
(2010.14.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2010.05.08. № 802 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2010.05.08. № 802 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2010.05.08. № 802 Қаулысымен жоспар жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 2326 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
Мазмұны
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің миссиясы мен пайымдауы
2. Ағымдағы жағдайды талдау
3. Мәдениет министрлігі қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері
4. Мәдениет министрлігінің функционалдық мүмкіндіктері және ықтимал қатерлер
5. Нормативтік-құқықтық база
6. Бюджеттік бағдарламалар
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің миссиясы мен пайымдауы
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің (бұдан әрі - ММ) миссиясы - мәдениет саласында сапалы және қолжетімді қызметтер көрсетуге, мемлекеттік және басқа тілдердің қарқынды дамуына, ұлттық бірлігінің нығаюына, діндердің теңдігі мен үндесуін қамтамасыз етуге, мемлекет пен азаматтық сектор әріптестігінің тиімді жүйесін қолдауға бағытталған мемлекеттік саясатты әзірлеу және тиімді іске асыру.
Мәдениет министрлігінің пайымдауы - діндердің теңдігі мен үндесуінің мызғымас қағидаттары, азаматтық бастамаларды іске асырудың тиімді тетіктері бар жалпыұлттық мәдени және тілдік орта.
2. Ағымдағы жағдайды талдау
Азаматтардың мәдени қажеттіліктерін сапалы қанағаттандыру, тіл саясатын тиімді іске асыру, этносаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайту, мемлекеттің азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылын кеңейту саласындағы министрліктің қызметі алдағы жылдары бірқатар үрдістерге негізделетін болады.
Біріншіден, Қазақстанның тәуелсіздік алған кезеңі ішінде байқалатын жақын және алыс шет елдердің мәдениет өнімдерінің басым ықпал жасауы шетелдік ұқсас үлгілермен лайықты бәсекеге түсе алатын отандық мәдени өнімдерді шығаруға барынша назар аударуды талап етеді.
Екіншіден, елдегі этносаралық келісімнің әлеуетін, Қазақстан халқының бірлігін одан әрі нығайту мемлекеттік тілді одан әрі дамыту, оның қолдану аясын кеңейту, сондай-ақ тілдердің үш тұғырлығы саясатын іске асыру және ана тілді, мәдени мұраны және Қазақстанда тұратын барлық этностар Дәстүрлерінің еркін дамуына барынша жағдай жасауды талап етеді.
Үшіншіден, қазіргі заманғы жағдайда, конфессияаралық келісім мәселелері мемлекетке жалған діндердің енуі мен таралуы проблемаларымен байланысты болып отырған кезде халықтың дінтану сауаттылығын арттыру және діни сенім бостандығын қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы бұлжытпай сақтау міндеттері ерекше маңыздылыққа ие болады.
Төртіншіден, азаматтық қоғам мен билік арасындағы толық мәнді әріптестікті қарастыратын демократиялық мемлекеттің басты міндеті мемлекеттің ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл тетіктерін одан әрі жетілдіруді және қоғамдық институттардың елдің даму Стратегиясын іске асыруға қатысуын одан әрі кеңейтуді талап етеді.
Саланы одан әрі дамытудың аталған үрдістері саланың қазіргі проблемалармен қатар, орта мерзімді перспективада дәйекті әрі жүйелі шешуді талап етеді.
Мәдениет саласында көрсетілетін қызметтердің жеткіліксіз жоғары сапасы
Сала инфрақұрылымының жай-күйі.
Республикадағы мәдениет ұйымдарының желісін 39 республикалық, 7 мыңнан астам облыстық мәдениет ұйымдары құрайды, соның ішінде: 164 мұражай, 4 001 кітапхана, 2 727 клуб, 50 театр, 24 концерттік ұйым, 58 кинотеатр және телетеатр, 458 киноқондырғы, 4 хайуанаттар бағы, 2 цирк, 31 мәдениет және демалыс саябағы бар.
Саланың табыстары және жетістіктері.
Заңнамалық базаны жетілдіру шеңберінде 2008 жылы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Парламентке енгізілді. 2008 жылы 2009 - 2011 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасының тұжырымдамасы қабылданды, оның аясында ұлттық стратегиялық жобаны іске асырудың екінші кезеңі басталды.
Мәдениет мекемелері көрсететін қызметтер. 2009 жылы 10 мыңға жуық спектакль қойылды, 7 мың концерт, 80 мың мұражай экскурсиясы, 10 мың лекция өткізілді, 12 ғылыми-қолданбалы зерттеу, 49 археологиялық зерттеу басталды, 26 объектіде қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасын тапты. Жыл ішінде 8 тарих және мәдениет ескерткішін қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.
Республикалық мұражайларда 107 көрме, 347 лекция және 14 353 экскурсия өткізілді. Кітапханаларда тақырыптық поэзия, ән кештерін, көрмелерді, сондай-ақ кітапхана ісі жөніндегі семинарлар мен «дөңгелек үстелдерді» қоса алғанда, 500-ден астам іс-шаралар ұйымдастырылды.
Мәдениет қайраткерлерін қолдау. 2008 жылы музыкалық, драма, әдеби-сахналық, соның ішінде, мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған туындыларды жасауға 92 мемлекеттік грант бөлінді. 2009 жылы отандық репертуарды толықтыру мақсатында опера, балет, драматургия, камералық музыка, қазіргі заманғы және балалар әндері сияқты әртүрлі жанрдағы алты номинация бойынша «Тәуелсіздік толғауы» атты конкурс өткізілді.
Мәдени іс-шаралар өткізу. 2009 жылы Қазақстанда: балет әртістерінің халықаралық конкурсы, республикалық театр фестивалі, халықтық жанрдағы республикалық конкурс, патриоттық әндердің республикалық конкурсы өткізілді.
Шетелдегі Қазақстан мәдениетін танымал ету жөніндегі іс-шаралар әлемнің 10 елінде өтті және оларды 50 мыңнан астам адам тамашалады.
Қаржыландыру. Мәдениет саласының жұмыс істеуі үшін 2005 - 2009 жылдары бөлінген қаражат көлемі 111 млрд. теңгені құрады, соның ішінде 2005 жылы - 8,8 млрд. теңге, 2006 жылы - 11,3 млрд. теңге, 2007 жылы - 20,1 млрд. теңге, 2008 жылы - 37,7 млрд. теңге, 2009 жылы - 33,1 млрд. теңге.
Саланың ағымдағы және перспективалы проблемаларының арасында мыналарды атап өту қажет.
Біріншіден, шетел өндірушілерінің қызмет көрсету нарығындағы үстемдігі кезінде мәдениет саласындағы отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің жеткіліксіз болуы;
Екіншіден, өңірлердегі мәдениет ұйымдары желісін дамытудағы үйлеспеушілікке негізделген, республика халқының мәдениет мекемелері көрсететін қызметтерге бірдей қол жеткізе алмауы;
Үшіншіден, нормативтік-құқықтық базаның жетілдірілмеуінде, өңірлердегі мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын дамытудың төмен деңгейінде, инфрақұрылымы дамуының төмен дәрежесі мәдениет мекемелері мен мамандандырылған кадрлар тапшылығында көрініс беретін мәдениет саласы.
Мемлекеттік тілді қолданудың төмен дәрежесі, Қазақстан халқының бірігу факторы ретінде
төзімді тілдік ортаны сақтаудың қажеттілігі
Сала инфрақұрылымының жай-күйі. Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы жұмыс істейді. Мемлекеттік тілді үйрету орталықтарының өңірлік желісі жоспарлы түрде кеңейтілуде: 2005 жылы - 8, 2006 жылы - 11, 2007 жылы - 36, 2008 жылы - 93, 2009 жылы - 101 орталық жұмыс істеді.
Саланың табыстары және жетістіктері.
2009 жылы мемлекеттік органдарда іс жүргізуді мемлекеттік тілде жүргізуге кезең кезеңмен көшіру аяқталды. 2009 жылы мемлекеттік органдардағы мемлекеттік тілдегі құжат айналымы 60,5 % жетті. 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілде іс жүргізу мониторингінің автоматтандырылған жүйесі енгізілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 2 ақпандағы № 550 Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ересектерге мемлекеттік тілді жеделдетіп оқытудың тұжырымдамасы, Стандарты және Үлгі бағдарламасы әзірленіп бекітілді. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар жанындағы курстарды ұйымдастырушыларға балама ретінде өңірлік мемлекеттік тілді оқыту орталықтарына тиісті оқу құралдары бар көп деңгейлік мемлекеттік тілді үйрету бағдарламалары, сондай-ақ, сөздіктерді, дидактикалық материалдарды қамтитын компьютерлік бағдарламалар кешені дайындалып, таратылды.
Барлығы 71 әдістемелік құрал әзірленген: 12 оқулық, 18 оқу-әдістемелік құрал, 6 оқу-әдістемелік кешен, 16 екі - үш тілді атаулы сөздік, әр түрлі салалар бойынша (медицина, техника, құқық, спорт, экономика салалары, бекітілген терминдер сөздігі, қазақ есімдері және жер - су атаулары анықтамалықтары) 10 орысша-қазақша тілашар және 8 сөздік. Сонымен қатар «ҚР мемлекеттік қызметшісінің тілдік портфелі» әзірленді, оған 19 атау кіреді, соның ішінде: электрондық аудио- және бейне оқулықтар, грамматикалық анықтамалықтар, оқыту сөздігі.
Мемлекеттің тіл саясаты жөніндегі ақпараттық орталықтың рөлін атқаратын «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» интернет-порталы іске қосылды.
Төзімді тілдік орта қалыптастыру. 2009 жылғы жағдай бойынша этномәдени орталықтар жанында 190-нан аса жексенбілік мектептер жұмыс істейді (2005 жылы мектептердің саны 160 болған), оларда республикамызда тұратын 7 мыңнан астам балалар мен ересектер 30-ға жуық этностық топтардың тілдерін оқиды.
Тілдердің үш тұғырлығы саясаты. Мемлекеттік органдардың іс жүргізуінде қазақ тілімен қатар орыс тілі ресми қолданылады. Қазақ тілін меңгермеген азаматтар үшін арнайы курстар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, ағылшын тілін үйренуге жағдай жасалуда.
Қаржыландыру. 2005 - 2009 жылдары бөлінген қаржының көлемі 7 млрд. 307 млн. теңгені құрады: 2005 жылы республикалық бюджеттен - 327,9 млн. теңге, 2006 жылы - 560,6 млн. теңге, 2007 жылы - 1 млрд. 872 млн. теңге, 2008 жылы - 2 млрд. 390 млн. теңге, 2009 жылы - 2 млрд. 157 млн. теңге бөлінді.
Саланың ағымдағы және перспективалы проблемаларының арасында мыналарды атап өту қажет.
Біріншіден, қоғамның барлық саласында мемлекеттік тіл қолданылуының жеткіліксіз дәрежесі.
Екіншіден, тілдерді оқыту инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы.
Үшіншіден, шет елде тұратын отандастармен байланысты әрі қарай кеңейту қажеттігі.
Ұлттың орнықты дамуы үшін мемлекеттілікті одан әрі нығайту, Қазақстан халқының
бірлігі мен қоғамның бірігу қажеттілігі
Қоғамдық-саяси сала инфрақұрылымының жай-күйі. Республикада 10 саяси партия, 818 этно-мәдени бірлестік (бұдан әрі - ЭМБ), 18 000 астам үкіметтік емес ұйымдар (бұдан әрі - ҮЕҰ) және бірқатар кәсіптік одақтар жұмыс істейді. Сонымен қатар елімізде 40-тан астам конфессиялар мен деноминацияны білдіретін 4 000 діни ұйым жұмыс істейді. Бұдан басқа, Қазақстанда әлемнің 27 елінен, негізінен Польша, Корея, АҚШ, Ресей, Германия, Украина, Италия, Испания және Швейцариядан келген 350-ден астам шетелдік миссионер тіркелген.
Діни төзімділіктің жай-күйі мен даму үрдістерін терең зерттеу мақсатында республикамызда жағдайдың жүйелі мониторингін және халықтың дінтану сауаттылығын арттыру жөніндегі түсіндіру жұмыстарын жүргізу қамтамасыз етілген.
Табыстар мен жетістіктер. Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жанындағы Қоғамдық Палата, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардағы және барлық деңгейдегі әкімдер жанындағы ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестер мемлекет пен «үшінші сектордың» өзара іс-қимылының маңызды институттары болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 шілдедегі № 154 Жарлығымен бекітілген Азаматтық қоғамды дамытудың 2006 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы қолданыста.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс. 2009 ж. 206 үкіметтік емес ұйым 226 әлеуметтік маңызды жобаны іске асырды.
Олардың ішінде ЭМБ, жастар саясатын, балалар бастамаларын қолдауға, төзімді тілдік орта құруға, азаматтық қоғамды дамытуға бағдарланған жобалар, салауатты өмір салты, патриоттық тәрбие беру мәселелері бойынша, зерттеу жобалары және т.б. бар.
Қаржыландыру. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға 2005 жылы 59,7 млн. теңге бөлінді, 2006 жылы - 200 млн. теңге, 2007 жылы - 299 млн. 28 мың теңге, 2008 жылы - 709,2 млн. теңге, 2009 жылы - 917,2 млн.теңге бөлінді.
Саланың ағымдағы және перспективалы проблемаларының арасында мыналарды атап өту қажет.
Біріншіден, қоғамның және барлық мақсатты топтардың мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары, «үндесу алаңдары» және ақпараттық-насихаттау іс-шараларын дамыту арқылы этносаралық және конфессияаралық келісімді насихаттау туралы хабардар болуы деңгейін арттыру қажеттігі;
Екіншіден, елді дамыту мақсатында қоғамды шоғырландыру және жалпықазақстандық патриотизмді одан әрі қалыптастыру қажеттігі;
Үшіншіден, қоғамның әлеуметтік міндеттерін шешуде ҮЕҰ қатысуын кеңейту қажеттігі;
Төртіншіден, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру саласында құқықтық базасын жетілдіру қажеттігі.
3. Мәдениет министрлігі қызметінің стратегиялық бағыттары,
мақсаттары мен міндеттері
| Атауы | Өлшем бірлігі | Есепті кезең | Жоспарлы кезең |
| 2008 ж. (есеп) | 2009 ж. | 2010 ж. | 2011 ж. | 2012 ж. | 2013 ж. | 2014 ж. |
| 1. СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ Мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру |
| 1.1-мақсат. «Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық жобасын одан әрі қарай іске асыру |
| Нысаналы индикатор |
| «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында іске асырылатын жобалар туралы тұтынушылардың хабардар болу деңгейі | % | 38,5 | 40 | 70 | 90 | 90 | 90 | 90 |
| 1.1.1-міндет. Тарихи-Мәдени мұра объектілерін сақтау және дамыту |
| Ұлттың Мәдениет тарихында ерекше маңызы бар қалпына келтірілген ескерткіштердің саны | Бірл. | 10 | 8 | 7 | 7 | 7 | 7 | 7 |
| 1.1.2-міндет. Тарихи-Мәдени мұраларды танымал ету, Қазақстанның бірегей бренді ретінде «Мәдени мұра» бағдарламасының халықаралық беделін арттыру |
| Туристік бағыттардағы объектілер болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштерінің саны | Бірл. | 137 | 137 | 141 | 143 | 145 | 145 | 145 |
| Тарихи-мәдени мұраларды танымал етуге бағытталған дүниежүзілік арналардың (BBC, Discovery) форматында жасалған жоғары сапалы деректі фильмдердің саны | Бірл. | - | 2 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
| 1.2-мақсат. Отандық Мәдениетті елде және шет елдерде танымал ету |
| Нысаналы индикатор |
| Тұтынушылардың отандық мәдени өнімдердің сапасына қанағаттанушылық деңгейі | % | - | 30 | 50 | 50 | 50 | 50 | 50 |
| Шараларға қатысатын шет елдік көрермендер | адам | 55 000 | 30 000 | 65 000 | 70 000 | 70 000 | 70 000 | 70 000 |
| 1.2.1-міндет. Мәдениет саласындағы отандық өнімдерге сұраныстың артуын ынталандыру |
| Жалпы кинопрокат көлеміндегі отандық фильмдердің үлесі | % | 4,5 | 5,2 | 6,5 | 4 | 4 | 4 | 4 |
| Халықтың қолы жететін, отандық туындылардың жалпы көлемінде өнер саласындағы жаңа отандық туындылардың үлесі | % | 24 | 13 | 20 | 30 | 30 | 30 | 30 |
| 1.2.2-міндет. Мәдениет және өнер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша шығармашылық бірлестіктермен және одақтармен өзара іс-қимылды жандандыру |
| Мемлекеттік саясатты іске асыруға тартылған шығармашылық одақтар мен бірлестіктердің үлесі | % | 50 | 70 | 80 | 100 | 100 | 100 | 100 |
| 1.3-мақсат. Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы Мәдени құндылықтарға халықтың қол жеткізуін кеңейту |
| Нысаналы индикатор |
| Цифрлық форматтағы мәдениет саласының қызметтерін пайдаланушылардың саны | мың адам | 150 | - | 200 | 200 | 200 | 200 | 200 |
| 1.3.1-міндет. Ұлттық кітапханалық жүйе ресурстарына қол жеткізуді кеңейту |
| Кітапханалардың электрондық қызметтерін пайдаланушылардың саны | мың адам | 150 | - | 160 | 160 | 160 | 160 | 160 |
| Цифрлық форматқа аударылған кітапханалық қордың үлесі | % | 0,5 | - | - | - | - | - | - |
| 1.3.2-міндет. Қазақстанның тарихи-Мәдени мұрасына қол жеткізуді кеңейту |
| Цифрлық форматқа аударылған тарихи-Мәдени мұра объектілерінің үлесі | % | 0,5 | - | - | - | - | - | - |
| 1.4-мақсат. Мәдениет және өнер саласының инфрақұрылымын дамыту |
| Нысаналы индикатор |
| Техникалық жағдай саласындағы нормативтерге жауап беретін мәдениет ұйымдарының үлесі | % | - | - | | | 2012 ж. зерттеулердің қорытындылары бойынша |
| 1.4.1-міндет. Мәдениет саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру |
| Елді мекендер мен өңірлерді мәдениет мекемелерімен қамтамасыз ету бойынша әзірленген және бекітілген нормативтердің (стандарттардың) саны | Бірл. | - | - | - | - | - | 1 | - |
| 1.4.2-міндет. Мәдениет мекемелерінің жүйесін жаңғырту және кеңейту |
| Республика халқының әр 1000 адамына шаққандағы Мәдениет мекемелерінің саны | Бірл./1000 адам | 0,47 | 0,47 | 0,48 | 0,48 | 0,49 | 0,49 | 0,49 |
| 1.4.3-міндет. Мәдениет қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеру |
| Шет елдерде тағылымдамадан өткен Мәдениет мекемелері қызметкерлерінің үлесі | адам | - | 100 | 20 | 20 | 20 | - | - |
| Мәдениет саласындағы мамандықтар бойынша жоғары білімді мамандар даярлау есебінен кадр тапшылығын азайту | Кадрларға қажеттілік, адам/мәдениет саласындағы мамандықтар бойынша түлектер саны, адам | 3 200 / 700 | 2 400 / 700 | 1700/ 700 | 1000/ 700 | 1000/ 700 | 1 000/ 700 | 1000/ 700 |
| Мамандықтары бойынша ЖОО түлектерінің республикалық Мәдениет мекемелеріне жұмысқа орналасу деңгейі | адам | - | 84 | 80 | 80 | 80 | 80 | 80 |
| Мәдениет саласындағы қызметкерлердің жалақысын көтеру | % | - | 25 | 25 | 30 | - | - | - |
| 2. СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ Қазақстан халқын біріктіру факторы ретінде төзімді тілдік орта құру |
| 2.1-мақсат. Мемлекеттік тілді, Қазақстан халқының тілдерін дамыту және тілдердің үш тұғырлығы қағидатын іске асыру |
| Нысаналы индикаторлар |
| Республикадағы мемлекеттік тілді меңгерген ересек халықтың үлесі | % | 51,0 | 52,0 | 60,0 | 65,0 | 68,0 | 68,0 | 68,0 |
| Республикадағы орыс тілін меңгерген ересек халықтың үлесі | % | 86,0 | 88,0 | 89,0 | 97,0 | 97,5 | 97,5 | 97,5 |
| Республикадағы ағылшын тілін меңгерген ересек халықтың үлесі | % | 1,1 | 2 | 5,6 | 6,2 | 6,2 | 6,2 | 6,2 |
| 2.1.1-міндет. Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік және біріктіру функцияларын кеңейту |
| Қоғамдық өмірдің негізгі салаларында мемлекеттік тілге деген сұраныстың дәрежесі | % | 30 | 32 | 50 | 75 | 78 | 78 | 78 |
| Мемлекеттік органдарда жалпы құжат айналымындағы мемлекеттік тілде іс жүргізу жұмысының үлестік көлемі | % | 50 | 60 | 80 | 90 | 95 | 95 | 95 |
| Мемлекеттік тілді меңгерген ұлты қазақ емес ересек халықтығ үлесі | % | 8 | 12 | 17 | 22 | 25 | 25 | 25 |
| Мемлекеттік тіл ұлттық порталын қолданушылардың саны | мың адам | - | 162 506 | 200 | 200 | 200 | 200 | 200 |
| 2.1.2-міндет. Тілдердің үш тұғырлығы қағидатын іске асыру |
| Республикадағы мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген ересек халықтың үлесі | % | 1,0 | 1,5 | 3,5 | 5,0 | 5,5 | 5,5 | 5,5 |
| 2.1.3-міндет. Қазақстан халқының тілдерін сақтау және дамыту |
| Ұлттық-мәдени бірлестіктер жанындағы ана тілін үйрену курстарымен қамтылған өзге этнос өкілдерінің үлесі | % | 77 | 79 | 81 | 87 | 89 | 89 | 89 |
| 2.1.4-міндет. Шетелдегі отандастармен мәдени байланыстарды дамыту және нығайту |
| Ұйымдық-әдістемелік іс-шаралармен қамтылған қазақ диаспорасы тұратын елдер саны | бірл. | 9 | 12 | 18 | 20 | 20 | 20 | 20 |
| 3-СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ 3. Мемлекеттілікті, халық бірлігін одан әрі нығайту, ұлтты тұрақты дамыту үшін қоғамды шоғырландыруды қамтамасыз ету |
| 3.1-мақсат. Халық бірлігін қамтамасыз ету және жалпы-қазақстандық патриотизмді қалыптастыру |
| Нысаналы индикаторлар |
| Мемлекет пен қоғамдық санада мемлекеттік саясатты дамыту стратегиясын қолдау деңгейі | % | 79 | 55 | 85 | 90 | 90 | 90 | 90 |
| 3.1.1-міндет. Ұлтаралық келісімді сақтау мен нығайту және Қазақстан халқы ассамблеясының рөлін одан әрі көтеру |
| Қоғамдық санада этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту деңгейі | % | 76 | 70 | 85 | 90 | 90 | 90 | 90 |
| ММ, Қазақстан халқы Ассамблеясы және ұлттық-мәдени бірлестіктер өткізетін ұлтаралық келісім және толеранттықты насихаттау іс-шараларымен қамтылған ересек халықтың үлесі | % | 63 | 70 | 75 | 80 | 80 | 80 | 80 |
| 3.1.2-міндет. Мемлекеттік діни жағдайды мониторинг жүргізу және талдау |
| Қоғамдық санада конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты қолдау деңгейі | % | 65 | 70 | 75 | 80 | 80 | 80 | 80 |
| 3.1.3-міндет. Конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясат туралы қазақстандықтардың хабардар болу деңгейін арттыру |
| Дінтану сауаттылыған арттыру жөніндегі ақпараттық-насихаттау іс-шараларымен қамтылған тұрғындардың саны | адам | 15108 | 18087 | 21087 | 24087 | 24087 | 24087 | 24087 |
| 3.1.4-міндет. Стратегия мен Қазақстан дамуының басымдықтарын және жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатты түсіндіру және насихаттау |
| Халықтың ақпараттық-насихат іс-шараларын жүргізу нәтижесінде шараларын жүргізу нәтижесінде бағдарламалық құжаттар мен мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы хабардар болу деңгейі | % | 75 | 80 | 83 | 90 | 90 | 90 | 90 |
| Бағдарламалық құжаттар мен мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіру және насихаттау жөніндегі іс-шаралармен қамтылған ересек халықтың үлесі | % | 70 | 78 | 83 | 90 | 90 | 90 | 90 |
| Салауатты өмір салты құндылықтарын насихаттау жұмысымен қамтылған халықтың үлесі | % | - | 50 | 50 | 50 | 50 | 50 | 50 |
| Азаматтардың гендерлік саясаттың негізгі бағыттары мен іске асырылуы туралы хабардар болу деңгейі | % | 40 | 45 | 50 | 55 | 55 | 55 | 55 |
| 3.1.5-міндет. Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарына құрмет сезімін қалыптастыру |
| Ересек халық азаматтардың арасындағы Қазақстанның мемлекеттік рәміздері туралы хабардар болу деңгейі | % | 73 | 77 | 81 | 85 | 85 | 85 | 85 |
| Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік рәміздерді танымал ететін имидждік материалдармен қамтамасыз етілу деңгейі | % | 10 | 30 | 35 | 40 | 40 | 40 | 40 |
| Мемлекеттік рәміздерді танымал ететін іс-шараларға қатысқан ересек халықтың үлесі | % | 45 | 50 | 55 | 60 | 60 | 60 | 60 |
| 3.2-мақсат. Мемлекеттілікті мемлекеттің азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-әрекетін жетілдіру арқылы нығайту |
| Нысаналы индикатор |
| Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын оң бағалаған респонденттердің үлесі | % | 40 | 45 | 52 | 55 | 55 | 55 | 55 |
| 3.2.1-міндет. Елді дамыту стратегиясын іске асыруға азаматтық қоғам институттарының қатысуын кеңейту |
| Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруға тартылған ҮЕҰ-дың саны | бірл. | 80 | 120 | 120 | 80 | 80 | 80 | 80 |
| Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі ҮЕҰ-дың қызметтері мен қамтылған халықтың үлесі | % | 13 | 16 | 16 | 13 | 13 | 13 | 13 |
| Тұрақты негізде жұмыс істейтін азаматтық қоғам институттарының қатысуымен үндесу алаңдарының саны | бірл. | 240 | 300 | 300 | 250 | 250 | 250 | 250 |
Мемлекеттік органның даму мақсаттарының мемлекет дамуының стратегиялық
мақсаттарына сәйкестігі
| Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары және мақсаттары | Іске асыруға Мемлекеттік органның мақсаттары бағытталған мемлекеттің стратегиялық мақсаттары | Стратегиялық құжаттың, нормативтік құқықтық актінің атауы |
| 1-стратегиялық бағыт Мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру |
| 1.1 «Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық жобасын одан әрі іске асыру | «4-басымдық: Осы заманғы білім беруді дамыту, кадрлардың біліктілігі мен оларды қайта даярлауды ұдайы арттыру және Қазақстан халқы мәдениетінің одан әрі өркендеуі» «Біздің таланттыларымыздың өзінің шығармашылық қызметінің есебінен лайықты өмір сүру деңгейіне жетуіне мүмкіндік беретін жағдайлар жасау» | «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Жолдауы |
| 1.2 Отандық мәдениетті елде және шетелде кеңінен насихаттау |
| 1.3 Халықтың жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, мәдени құндылықтарға қол жеткізуін кеңейту | Қазақстан халқының кемінде 20 %-ы Интернет желісін күнделікті өмірде тиімді пайдалануы үшін қолайлы жағдай жасау; Қазақстан халқының өмірінде ақпараттық ресурстардың әлеуметтік және экономикалық маңызын арттыру | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасы |
| 1.4 Мәдени сала инфрақұрылымын дамыту | «IV. Осы заманғы білім беруді дамыту, кадрлардың біліктілігі мен оларды қайта даярлау ұдайы арттыру және Қазақстан халқы мәдениетінің одан әрі өркендеуі» «Осы заманғы дамыған мәдениет жүйесін қалыптастыру, бірыңғай мәдени-ақпараттық кеңістікті нығайту, тарихи-мәдени мұраларды сақтау және дамыту» | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 - 2008 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы № 80 Жарлығы |
| 2-стратегиялық бағыт Қазақстан халқын біріктіру факторы ретінде төзімді тілдік орта құру |
| 2.1 Мемлекеттік тілді, Қазақстан халқының тілдерін дамыту және тілдердің үш бірлігі ұстанымын жүзеге асыру | «Мемлекет Қазақстан халқы тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды» | Қазақстан Республикасының Конституциясы 7-бап, 3-т. |
| «III. Қазақстан халқының әл-ауқатын көтеру» «Бүкіл қоғамымыздағы топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударғым келеді» «Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажет» | «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекет саясатының басты мақсаты» атты Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 6 ақпандағы Жолдауы |
| «Жиырма алтыншы бағыт - Қазақстан халқының рухани дамуы және үш тұғырлы тіл саясаты» ««Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс | «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы Жолдауы Ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 серпінді бағыттары |
| III. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру» «Үкімет «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдетуі тиіс» | «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекет саясатының басты мақсаты» атты Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 6 ақпандағы Жолдауы |
| «Республика өзінің одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдік береді» | Қазақстан Республикасының Конституциясы 11-бап, 2-т. |
| 3-стратегиялық бағыт Мемлекеттілікті, халық бірлігін әрі қарай нығайту, ұлтты тұрақты дамыту үшін қоғамды шоғырландыруды қамтамасыз ету |
| 3.1 Халық бірлігін қамтамасыз ету және жалпықазақстандық патриотизмді қалыптастыру | II «Қазақстандық мемлекеттілікті одан әрі нығайту, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру» «бірінші.... біз қоғамдық тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуде, қазақстандық біртұтастық пен жалпықазақстандық патриотизмді қалыптастыруда өз моделімізді жүзеге асырдық. Мемлекетті, оның қауыпсіздігін одан әрі нығайтып... Қазақстанға ұзақ мерзімді тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім керек» | «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 6 ақпандағы Жолдауы |
| 2-ұзақ мерзімді басымдық «Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы. Қазақстанға бүгін және алдағы ондаған жылдар ішінде ұлттық стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық біртұтастықты сақтап, нығайта беру» | «Қазақстан-2030 барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы |
| «V. Жаңа кезеңдегі негізгі міндеттер» «Жаңа Қазақстанның Орталық Азия өңірі мен әлемдік қоғамдастықтағы жетістіктері мен мүмкіндіктерін іргелеу» | «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы Жолдауы |
| «5. Ішкі саяси тұрақтылық — 2020 Стратегиялық жоспарын іске асырудың сенімді іргетасы» «Ішкі саяси сала мен ұлттық қауіпсіздіктің 2020 жылға дейінгі негізгі мақсаттары қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту болып қала береді» | «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы Жолдауы |
| «Түйінді бағыт: ұлттық келісімді, қауіпсіздікті, халықаралық қатынастардың орнықтылығын қамтамасыз ету» «Ішкі саяси салада 2020 жылға дейінгі кезеңде бейбітшілік пен келісімді, Қазақстан қоғамының орнықтылығы мен тұрақтылығын сақтау негізгі мақсаттар болып қала береді» | «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы |
| «Ішкі тұрақтылықты қолдау» «2020 жылға дейін «Қазақстан-2030» Стратегиясының ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның біріктірілуін қамтамасыз ету бойынша ұзақ мерзімді басымдықтарын іске асыру шеңберінде саяси жүйені одан әрі жаңғырту, этникалық және діни дүрдараздықтың алдын алу, Қазақстанның барлық азаматтары үшін тең мүмкіндіктерге негізделген республика халқының бірлігін нығайту бойынша жүйелі жұмыс жалғасатын болады Қоғамның ұйымдасуына, отансүйгіштік сезімнің нығаюына және жалпыұлттық идеялар мен бірыңғай құндылықтар негізінде қазақстандықтардың бірыңғай ерекшелігін қалыптастыруға ықпалын тигізетін теңдестірілген ұлттық саясатты іске асыру бойынша бірегей және тиімділігі жоғары институт ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы одан әрі дамитын болады» | |
| «Этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту саласындағы стратегиялық мақсаттар» «2020 жылға қарай діни сенім бостандығына құқықтарды одан әрі іске асыру, сондай-ақ Қазақстанда тұратын барлық этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерінің еркін дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасалады тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама табысты іске асырылады | |
| этносаралық және конфессияаралық қақтығыстардың профилактикасы мен ерте алдын алудың тиімді жүйесі құралды» | |
| 3.2 Мемлекеттің азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылын жетілдіру арқылы мемлекеттілікті нығайту | II «Қазақстандық мемлекеттілікті одан әрі нығайту, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру» «Екінші. Қазақстанда қазіргі заманғы саяси жүйені дамыту міндеті тұр. Бұл үдерісте саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар және басқа да қоғамдық институттар басты рөл атқаруы тиіс» | «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 6 ақпандағы Жолдауы |
| | «Жиырма үшінші бағыт - Саяси жүйені дамыту» «Саяси партиялардың рөлін арттыру, азаматтық қоғам институттарын дамыту үшін қолайлы жағдайлар туғызу» | «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы Жолдауы Ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 серпінді бағыты |
| | «Этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту саласындағы стратегиялық мақсаттар» «2020 жылға қарай Қазақстанда өкілдік биліктің мәні арта түседі, саяси партиялардың рөлі мен жауапкершілігі артады, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жүйесі тиімді жұмыс істейтін болады. Демократиялық институттар мен азаматтық қоғамның құрылымдары егемен Қазақстанның әлеуметтік-саяси жүйесінің үйлесімді бөлшектеріне айналады» | «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы |