Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша Қосымша білім берудің мемлекеттік стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 788 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша Қосымша білім берудің мемлекеттік стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 778 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) 1-тармақтың 57) тармақшасындағы «(зертханашы, дәрігер-зертханашының көмекшісі)» деген сөздер алынып тасталсын; 58) тармақшасындағы «(фельдшер, жалпы тәжірибе фельдшері)» деген сөздер алынып тасталсын; 59) тармақшасындағы «(акушер, жалпы тәжірибе акушері)» деген сөздер алынып тасталсын; 60) тармақшасындағы «(санитариялық фельдшер, санитариялық дәрігердің көмекшісі, зертханашы, эпидемиолог дәрігердің көмекшісі, энтомолог)» деген сөздер алынып тасталсын; 61) тармақшасындағы «(тіс дәрігері, дантист, стоматологтың ассистенті)» деген сөздер алынып тасталсын; 62) тармақшасындағы «(тіс технигі)» сөздері алынып тасталсын; 63) тармақшасындағы «(мейірбике, мамандандырылған мейірбике, жалпы тәжірибелік мейірбике, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі мейірбике, медициналық статистик)» деген сөздер алынып тасталсын; 64) тармақшасындағы (фармацевттің ассистенті, фармацевт)» деген сөздер алынып тасталсын; 65) тармақшасындағы «Мейірбике ісі (күтуші мейірбике, мейірбикенің көмекшісі, массажист - көз аурулары мүгедектері үшін)» деген сөздер «Медициналық колледждерде оқыту негіздері» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) көрсетілген бұйрыққа 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|