Астананың жаңа университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамының және Ұлттық медициналық холдинг акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы (2022.19.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) «Астананың жаңа университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Университет) акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану қүқықтарын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне беруді; 2) «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамымен (бұдан әрі - Қоғам) бірлесіп, Университеттің жарғылық капиталын төлеуге берілетін Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін бағалау жүргізуді; 3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін Университеттің жарғылық капиталын төлеуге беруді қамтамасыз етсін. 2. Мүдделі мемлекеттік органдар осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын. 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 маусымдағы № 603 қаулысы; 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 294 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 9-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 15, 107-құжат); 3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 маусымдағы № 603 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 шілдедегі № 1120 қаулысы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|