ҚР Үкіметінің 2011.19.05. № 545 Қаулысымен стандарт жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 102 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 Қаулысымен күші жойылды
«Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты (2011.01.12. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тұрақты жер пайдалану құқығына акті дайындайтын, осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген тиісті мамандандырылған республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың (бұдан әрі - мамандандырылған кәсіпорындар) қатысуымен жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетеді. Мемлекеттік қызмет жер учаскесінің орналасқан жері бойынша баламалы негізде тізбесі осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетілуі мүмкін. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны автоматтандырылмаған. ҚР Үкіметінің 2011.01.12. № 1429 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 34 және 43 баптарының және Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысының негізінде жүзеге асырылады. 4. Осы стандарт уәкілетті органның және Орталықтың арнайы ақпараттық стенділерінде орналастырылады және бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|