Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгiлеу
Осы редакция 2010 жылғы 10 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының»Байланыс туралы«және «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне байланыс мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс рыногын ырықтандырудың бiрiншi кезеңін iске асыру және байланыс операторларының магистральдық тораптардың желілiк ресурстарына және қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының байланыс желілерiне қол жетiмділiгін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгiлеу жөніндегі білiктiлiк талаптары мен өлшемдерi бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 тамыздағы № 909 қаулысымен бекітілген
Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгілеу жөніндегі біліктілік тараптары мен өлшемдері
Қазақстан Республикасының»Байланыс туралы«және «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне байланыс мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiнде (бұдан әрi - ҚР ОПТЖ) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс қызметтерiн ұсыну жөніндегі қызметтi мынадай байланыс операторлары жүзеге асырады: қалааралық және халықаралық байланыс операторлары; халықаралық байланыс операторлары; қалааралық байланыс операторлары. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының қызметi уәкілеттi органның телекоммуникация саласындағы қызметті жүзеге асыруға берген тиiстi лицензияларымен айқындалады. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларын белгілеу бойынша негізгi біліктiлiк талаптары мен өлшемдерi: 1. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс қызметтерiн көрсетуде өтiнiш берушi мен операторға мынадай негіздерде талаптар қойылады: 1) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторлары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген уәкiлеттi органның келісімiнсiз дербес жеке және заңды тұлғалардың немесе топ құрамындағы тұлғалардың меншігіне он пайыздан астам дауыс беретiн акцияларды, сондай-ақ байланыс жолдарын басқару немесе пайдалану жөніндегі қызметтi иеленетiн және (немесе) жүзеге асыратын ұйымдардың үлестерiн, жарналарын сатпайды немесе өзгеше тәсiлмен бермейдi; 2) қалааралық жәнe (немесе) халықаралық байланыс операторлары қолданыстағы және пайдалануға берілетiн жаңа телекоммуникация желiлерiнде және байланыс құралдарында арнайы жедел-iздестiру iс-шараларын жүзеге асыратын ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келісім бойынша уәкiлетті орган анықтайтын жедел-iздестiру iс-шараларын қамтамасыз ету бойынша нормативтiк құқықтық және нормативтiк-техникалық кесiмдер талаптарының орындалуын қамтамасыз етедi; 3) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы мәртебесiн беретiн лицензияны алуға (қайта ресiмдеуге) өтiнiш берген кезде өтiнiш берушi (байланыс операторы) өтiнiш берушiнiң (байланыс операторының) акционерлерi (ортақ құрылтайшылары) арасындағы акциялар пакеттерiн (үлестерiн, жарналарын) бөлу жөніндегі құжаттарды беруге тиiс. Акцияларды (үлестердi, жарналарды) бөлу өзгерген кезде байланыс операторы екi апта мерзiмде лицензиарға растау құжаттарын ұсына отырып тиiсті ақпаратты ұсынады; 4) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желісі Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жер үсті сегменттерi мен коммутациялық тораптарды, басқару орталығын қамтуы тиiс. 2. Трафик транзитiн қамтамасыз ету және жергiлiктi телекоммуникация желiлерiн дамытуға қатысу бойынша қойылатын талаптар: 1) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторлары Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерi транзитiнiң трафигiн iске асыру үшiн желiлiк ресурстарға сұраныстарды ескерiп, ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келісім бойынша, үкiметтiк байланыстың техникалық мүмкiндiктерi мен жабдықталғандығын ескерiп, телекоммуникация желілерiн жаңғыртады, дамытады және магистральды байланыс жолдарын салады; 2) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторлары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн бағдарламаларға сәйкес өздерiнiң телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiн қамтамасыз ететiн желiлерiн құруды (дамытуды) дербес қарастырады. 3. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желісіне қойылатын талаптар осы қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгiлеу бойынша біліктiлiк талаптары мен өлшемдерi қосымшамен айқындалады. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының желілерiмен басқа байланыс операторларының телекоммуникация желiлерiнiң өзара iс-қимылын ұйымдастыру уәкiлеттi орган бекiтетiн Телекоммуникация желiлерiн ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі бойынша трафиктi өткiзудi реттеу ережесiне сәйкес жүзеге асырылады. 4. Қалааралық және халықаралық байланыс операторын белгiлеу өлшемдерi: 1) қалааралық және халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желісі жұмылдыру дайындығы бойынша iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуi және мемлекеттік органдар, қорғаныс, қауiпсiздiк пен құқықтық тәртібін қорғау мұқтаждарын қамтамасыз ету мақсатында мәлiмделген қажеттіліктерге сәйкес алдын ала брондау және шұғыл ұсынуы мүмкiндiгi бар үлгілік арналардың (негiзгi цифрлық және үндiк жиiлiктердi тарату) желілiк тораптары мен станцияларында мiндеттi түрде техникалық бөлу мүмкіндігіне ие болуы тиiс. 2) қалааралық және халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желісі (бұдан әрi - ҚХБОТЖ) тармақталған болуы және кемiнде алты облыс (географиялық нөмiрлеу аймағы) пен Астана және Алматы қалаларының аумағын қамтуы тиiс не осы желiнiң негiзгі элементтерiн құру қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы мәртебесiн берген сәтте бекітілген және iске асырылған оператордың телекоммуникация желiлерiн салу және (немесе) жаңғырту жоспарларына кiредi. ҚХБОТЖ коммерциялық пайдалануға енгізу күнi ҚХБОТЖ-ға қатысты және байланыс саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен нормативтiк кесiмдерге толық сәйкес келуi тиiс; 3) көлiктiк желiлердi резервке қою тәуелсiз географиялық трассалар бойынша ұйымдастырылған тәуелсiз айналма жолдарды беру немесе сол тарату желiлерiнде ұйымдастырылатын трактiлерге (арналарға) ауыстыру жолымен жүзеге асырылуы тиiс. Көлiктiк ҚХБОТЖ желiлерi бойынша хабарламаларды тарату сенiмдiлiгіне пайдаланушылар талаптарына қарай трафиктi өткiзуге екi-үш тәуелсiз бағыт берiлуi тиiс; 4) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы мәртебесiн берген (лицензия берілген) сәтте байланыс операторының кепiліндегі және (немесе) ол пайдаланылатын қолданыстағы телекоммуникация желісі көлiктiк телекоммуникация желiлерiнен (магистральды және iшкi аймақтық байланыс желiлерi) қалааралық және халықаралық коммутация станцияларынан, трафик (биллинг) есеп айырысу жүйесiнен, желiнi басқару жүйесiнен және тактiлi желілiк синхрондау жүйесiнен тұруы тиiс; 5) ҚХБОТЖ құрамындағы көлiктiк телекоммуникация желiлерi жалға алынатын не өзiнiң байланыс жолдары негiзiнде жер бетіндегі және жерсерiктiк тарату жолдары бойынша ұйымдастырылуы тиiс; 6) қалааралық және халықаралық байланыс операторы желісінiң жер үстіндегі байланыс жолдары бойынша көлiктiк желiнiң шет елдердiң байланыс операторларының телекоммуникация желiлерiмен кемiнде бiр тоғысу нүктесi болуы тиiс. Тоғысу нүктелерi географиялық таралған байланыс пункттерiнде орналасуы тиiс; 7) iшкi аймақтық байланыс жолдарында сымдық құралдар да (коаксиальдық, симметриялық, талшықты-оптикалық кабельдер мен әуе жолдары) және радиоқұралдар (тура көрiнетiн радиорелелiк жолдар, жерсерiктiк жолдар) пайдаланыла алады; 8) жаңадан салынып жатқан көлiктiк телекоммуникациялар желілерiнде синхронды цифрлық иерархия (бұдан әрi - SDН), асинхронды тасымалдау режимi (бұдан әрi - АТМ) мен басқа да цифрлық технологиялар негiзiнде цифрлық тарату жүйелерi пайдаланылуы тиiс, қолданыстағы магистральды және iшкi аймақтық желiлерде аналогтық тарату жүйелерiн қолдануға жол беріледi; 9) қалааралық және халықаралық байланыс операторы желісінде ҚР ОПТЖ қалааралық және (немесе) халықаралық байланыстың басқа операторларының желілерiмен қосылысын қамтамасыз ететін байланыс жолдары (арналары) ұйымдастырылуы тиiс. 5. Халықаралық байланыс операторын белгілеу өлшемдерi: 1) халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желісі (бұдан әрi - ХаБОТЖ) тармақталған болуы тиiс және кемiнде үш облыстың (географиялық нөмiрлеу аймағы), Астана және Алматы қалаларының аумағын қамтуы тиiс не осы желiнiң негізгi элементтерiн құру халықаралық байланыс операторы мәртебесiн берген сәтте бекiтілген және iске асырылған оператордың телекоммуникация желiлерiн салу және (немесе) жаңғырту жоспарларына кiредi. ХаБОТЖ коммерциялық пайдалануға енгізу күнi ХаБОТЖ-ға қатысты және байланыс саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен нормативтiк кесiмдерге толық сәйкес келуi тиiс; 2) көліктік желiлердi резервке қою тәуелсiз географиялық трассалар бойынша ұйымдастырылатын тәуелсiз айналма жолдарды беру немесе сол тарату желiлерiнде ұйымдастырылатын трактілерге (арналарға) ауыстыру жолымен жүзеге асырылуы тиiс. Көлiктiк ХаБОТЖ бойынша хабарламаларды тарату сенiмділігіне пайдаланушылар талаптарына қарай трафиктi өткiзуге екi-үш тәуелсiз бағыт берiлуi тиiс; 3) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы мәртебесiн берген (лицензия берiлген) сәтте оператордың иелігіндегі және (немесе) ол пайдаланылатын қолданыстағы телекоммуникация желісі көлiктiк телекоммуникация желілерiнен (магистральды және iшкi аймақтық байланыс желiлерi), қалааралық және халықаралық коммутация станцияларынан, трафик (биллинг) есеп айырысу жүйесiнен желiнi басқару жүйесiнен және тактілі желілiк синхрондау жүйесiнен тұруы тиiс; 4) ХаБОТЖ құрамындағы көлiктiк телекоммуникация желiлерi жалға алынатын не өзiнiң байланыс жолдары негізiнде жер бетiндегі және жерсерiктiк тарату жолдары бойынша ұйымдастырылуы тиiс; 5) халықаралық байланыс операторы желісінiң жер үстіндегі байланыс жолдары бойынша көлiктiк желiнiң шет елдердiң байланыс операторларының телекоммуникация желiлерiмен кемiнде бiр тоғысу нүктесi болуы тиiс. Тоғысу нүктелерi географиялық таралған байланыс пункттерiнде орналасуы тиiс; 6) ішкі аймақтық байланыс жолдарында сымдық құралдар да (коаксиальдық, симметриялық, талшықты-оптикалық кабельдер мен әуе жолдары) және радиоқұралдар (тура көрiнетiн радиорелелiк жолдар, жерсерiктiк жолдар) пайдаланыла алады; 7) жаңадан салынып жатқан көліктiк телекоммуникация желiлерiнде SDH, АТМ цифрлық тарату жүйелерi және басқа да цифрлық технологиялар пайдаланылуы тиiс, қолданыстағы магистральды және iшкi аймақтық желілерде аналогтық тарату жүйелерiн қолдануға жол беріледi; 8) халықаралық байланыс операторы желісінде ҚР ОПТЖ қалааралық және (немесе) халықаралық байланыстың басқа операторларының желiлерiмен қосылысын қамтамасыз ететiн байланыс жолдары (арналары) ұйымдастырылуы тиiс. 6. Қалааралық байланыс операторын белгілеу өлшемдерi: 1) қалааралық байланыс операторының телекоммуникация желісі (бұдан әрi - ҚаБОТЖ) тармақталған болуы тиiс және кемiнде үш облыстың (географиялық нөмiрлеу аймағы), Астана және Алматы қалаларының аумағын қамтуы тиiс не осы желiнiң негізгі элементтерiн құру қалааралық байланыс операторы мәртебесiн берген сәтте бекітілген және iске асырылған оператордың телекоммуникация желiлерiн салу және (немесе) жаңғырту жоспарларына кiредi. ҚаБОТЖ коммерциялық пайдалануға енгізу күнi ҚаБОТЖ-ға қатысты және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның бекiткен нормативтiк кесiмдерiне толық сәйкес келуi тиiс; 2) көлiктiк желiлердi резервке қою тәуелсiз географиялық трассалар бойынша ұйымдастырылған тәуелсiз айналма жолдарды беру немесе сол тарату желiлерiнде ұйымдастырылатын трактілерге (арналарға) ауыстыру жолымен жүзеге асырылуы тиiс. Көлiктiк ҚаБОТЖ бойынша хабарламаларды тарату сенiмдiлiгiне пайдаланушылар талаптарына қарай трафиктi өткiзуге екi-үш тәуелсiз бағыт берiлуi тиiс; 3) оператордың оған қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы мәртебесiн берген (лицензия берiлген) сәтте иелігіндегi және (немесе) ол пайдаланылатын қолданыстағы телекоммуникация желісі көлiктiк телекоммуникация желiлерiнен (магистральды және iшкi аймақтық байланыс желісі), қалааралық және халықаралық коммутация станцияларынан, трафик (биллинг) есеп айырысу жүйесiнен, желiнi басқару жүйесiнен және тактілi желiлiк синхрондау жүйесiнен тұруы тиiс; 4) ҚаБОТЖ құрамындағы көлiктiк телекоммуникация желiлерi жалға алынатын не өзiнiң байланыс жолдары негiзiнде жер бетiндегі және жерсерiктiк тарату жолдары бойынша ұйымдастырылуы тиiс; 5) iшкi аймақтық байланыс жолдарында сымдық құралдар да (коаксиальдық, симметриялық, талшықты-оптикалық кабельдер мен әуе жолдары) және радиоқұралдар (тура көрiнетiн радиорелелiк жолдар, жерсерiктiк жолдар) пайдаланыла алады; 6) жаңадан салынып жатқан көлiктік телекоммуникация желiлерiнде SDH, АТМ цифрлық тарату жүйесi және басқа да цифрлық технологиялар пайдаланылуы тиiс, қолданыстағы магистральды және iшкi аймақтық желiлерде аналогтық тарату жүйесiн қолдануға жол берiледi; 7) қалааралық байланыс операторы желісінде ҚР ОПТЖ қалааралық және (немесе) халықаралық байланыстың басқа операторларының желiлерiмен қосылысын қамтамасыз ететiн байланыс жолдары (арналары) ұйымдастырылуы тиiс. 7. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс қызметтерiн көрсетуге лицензия алатын оператордың және бұдан әрi байланыс операторының техникалық қызметкерiне қойылатын біліктілiк талаптары: 1) техникалық қызметкердiң электр байланысы саласында тиiсті білімiнiң болуы; 2) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы уәкiлеттi органы бекiткен әдiстер мен нормативтердi немесе қабылданған халықаралық стандарттарды пайдаланып техникалық пайдалануды жүзеге асыру. 8. Әлеуетті қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының ұйымдық құрылымы: 1) бақылау, өлшеу, қалпына келтiру, жөндеу, резервке қою және клиенттермен есеп айырысу жөніндегі техникалық пайдаланудың негiзгi функцияларын орындауды қамтамасыз етедi; 2) техникалық пайдалану жүйесiнің мiндеттерiн орындауды қамтамасыз eтeдi: желiнiң берiлген сапада және пайдалану сенiмдiлiгiнде тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету (желiге қойылатын талаптармен белгiленедi); желi жағдайының кез келген өзгеруi кезiнде оны пайдаланушылардың мүддесiнде желi ресурстарын тиiмдi пайдалану; мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың қажеттілiктерiн қанағаттандыру үшiн желiнi дамыту; желiнi техникалық пайдалану әдiстерiн жетілдiру; 3) желiнi жедел-техникалық басқару жүйесiнiң негiзгi функцияларын орындауды қамтамасыз етедi: ақауларды өңдеу; желi сапасын басқару; конфигурацияны басқару; есеп айырысуды басқару; қауiпсiздiктi басқару; 4) желiлердi жедел-техникалық басқару жүйесiнiң негізгі мiндеттерiн орындауды қамтамасыз етедi: желінiң айрықша жағдайлар мен экстремалдық жағдайларда жұмыс iстеуi бойынша мiндеттердi шешу; желiнiң жағдайын жедел бақылау және талдау; желiнiң негізгi параметрлерiне мониторинг; желiнi жоспарлау және қалыптастыру; ресурстарды пайдалануды оңтайландыру; 5) мемлекеттік құпияларды қамтамасыз ету және қорғау жөніндегі мiндеттердi шешу үшiн өз құрамында (штаттық құрылымында) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлiмшесi болуы тиiс. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 тамыздағы № 909 қаулысымен бекітілген Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгілеу бойынша білiктілiк талаптары мен өлшемдерiне қосымша
Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желісіне қойылатын негiзгі талаптар
1. Осы талаптарда мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар пайдаланылады: 1) байланыс желiлерiнiң өзара iс-қимылы - ортақ мiндеттердi орындау мақсатында технологиялық ілеспе желiлердiң бiрлесiп жұмыс iстеуi; 2) iшкi аймақтық бастапқы желi (IаБЖ) - ОПТЖ бiр нөмiрлеу аймағының әртүрлi жергілiкті бастапқы желiлерiнiң үлгілік тарату арналарының өзара қосылуын қамтамасыз ететiн бастапқы желiнiң бiр бөлiгi; 3) туынды байланыс желісі - бастапқы желi, коммутация станциялары мен тораптары немесе ауыстырып қосу станциялары мен тораптары негізiнде құрылған және екi немесе одан көп белгiлi бiр нүктелер арасында байланыс ұйымдастыруға арналған туынды желiнiң жолдары мен арналарының жиынтығы. Туынды желiнiң абоненттiк шеткi құрылғылармен түйiскен жерi осы желiнiң шекарасы болып табылады; 4) тарату арнасы - жиiлiк жолағында немесе осы тарату желісіне тән тарату жылдамдығымен телекоммуникациялық сигналдардың желiлiк станциялар, желiлiк тораптар арасында немесе желiлiк станция мен желiлiк торап арасында, сондай-ақ желілiк станция немесе желілiк торап пен бастапқы желiнiң шеткi құрылғысы арасында берiлуiн қамтамасыз ететiн техникалық құралдар мен тарату ортасының кешенi; 5) үндi жиiлiктi тарату арнасы - 300-ден 3400 Гц-ге дейiнгi жиiлiк жолағы бар үлгілік аналогтық арна; 6) жалға алынған арна - байланыс желісі операторының келісім (шарт) негiзiнде желiнi пайдаланушыға жалға беретiн арнасы; 7) телекоммуникация (электр байланысы) арнасы - тiзбектi түрде қосылған арналар мен туынды желi жолдарында құрылған, оның соңына абоненттік шеткi құрылғылар қосылған кезде хабарламаның беру көзiнен алушыға берiлуiн қамтамасыз ететiн телекоммуникациялық (электр байланысы) сигналдардың өту жолдары. Байланыс желісінiң түрiне қарай телекоммуникация арнасына: телефондық немесе телеграфтық арна, деректер беру арнасы және басқа атау берiледi. Аумақтық белгiсi бойынша телекоммуникация арналары халықаралық, қалааралық, аймақтық, жергілікті болып бөлiнедi; 8) цифрлық негiзгi арна - сигналдарды 64 кбит/с жылдамдығымен тарататын үлгілi цифрлық тарату арнасы; 9) арналардың коммутациясы - арналар мен байланыс жолдарының тiзбекте қосылысын қамтамасыз ететiн станциядағы немесе желi торабындағы операциялар жиынтығы; 10) пакеттердiң коммутациясы - хабарламалардың (пакеттердiң) бөлігін (бөлiк) қабылдаудан және ондағы адрестік белгiге сәйкес олардың бағытталуынан және оларды беруден тұратын станциядағы немесе желi торабындағы операциялар жиынтығы; 11) хабарламалардың коммутациясы - толық хабарламаны, оның жинақталуын қабылдаудан және ондағы адрестiк белгiге сәйкес олардың бағытталуынан және оларды беруден тұратын станциядағы немесе туынды желi торабындағы операциялар жиынтығы; 12) тарату желісі - ортақ жол құрылыстары, оларға қызмет көрсету құрылғысы және қызмет көрсету құрылғысының әрекет ету шегiнде таратылатын бiрдей тарату ортасы бар жол трактілерi, тарату жүйесi және (немесе) үлгiлi нақты шынжырлар жиынтығы. Тарату жолдарына мыналарға қарай атау берiледi: ол тиесілі бастапқы желiге қарай: магистральды, iшкi аймақтық, жергілікті; тарату ортасына қарай, мысалы, кабельдiк, радиорелелiк, жерсеріктік және басқалары. Тарату ортасы әр түрлi тарату жолдарының тiзбектi қосылысын көрсететiн тарату жолдарына құрастырылған атауы берiледi: 13) телекоммуникация жүйесiнiң (желісінiң) сенiмдiлiгi - телекоммуникация жүйесiнiң (желісінiң) берiлген пайдалану және техникалық қызмет көрсету шарт-жағдайында талап етiлетiн функцияларды орындау қабiлетiн сипаттайтын белгілi бiр параметрлердiң мәнiн уақытпен және белгiленген шекте сақтау қасиетi; 14) бастапқы желi - желілік тораптар, желілік станциялар, бастапқы желiнiң шеткi құрылғылары мен оларды қосатын тарату желiлерiнiң негiзiнде құрылған үлгiлi нақты тiзбектердiң, үлгiлi тарату арналары мен желілік трактiлердiң жиынтығы; 15) желілік станция (ЖС) - үлгілi нақты тiзбектердiң, үлгiлi тарату арналары мен желілік трактілердiң туынды желiлерiнiң құрылуы мен берiлуiн, сондай-ақ олардың транзитін қамтамасыз ететiн техникалық құралдар кешенi; 16) желілік торап (ЖТ) - бастапқы желiнiң желілік станцияларының қосылысын, үлгiлi желілік трактiлердiң, үлгiлi тарату арналары мен үлгiлi нақты тiзбектердiң құрылуы мен қайта таратылуын (бөлу, ауыстырып қосу), сондай-ақ оларды туынды желiлер мен жекелеген пайдаланушыларға берудi қамтамасыз ететiн техникалық құралдар кешені; 17) қол жетiмділiк желісі - терминалдардың көліктік желiге қол жетiмдiлігін, сондай-ақ көлiктiк желiге шықпай жергілiкті байланысты ұйымдастыруды қамтамасыз ететiн абоненттiк жолдар мен жергiлiктi желi станцияларының жиынтығы; 18) Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінiң қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желісі (ҚХБОТЖ, ҚаБОТЖ, ХаБОТЖ) - көліктік телекоммуникация желiлерiнiң (тарату жүйелерi, берілген пункттер арасында ақпараттарды тасымалдауға арналған бақылау, жедел ауыстырып қосу, резервтеу және басқару құралдарына жататын тарату жүйесi) ресурстарының және туынды желi коммутациялық жабдықтарының (қалааралық және халықаралық телефон станциялары) жиынтығы; 19) тарату жүйесi - бастапқы желiнiң желiлiк трактісін, үлгiлi топтық трактiсi мен тарату арналарын құруды қамтамасыз ететiн техникалық құралдар кешенi; 20) жалпы арналық сигнал беру жүйесi - коммутация арналарының будасына арналған жалпы арнайы сигнал беру арнасы бойынша станцияаралық сигнал берудің тарату жүйесi. № 7 ЖСЖ жалпы арнасы бойынша сигнал беру жүйесi деп қосылысты анықтау үшiн талап етілетін хабарламаларды тарату жүйесін және сөйлесу трактілерінiң бір будасына немесе бiрнеше будаларына арналған жалпы арнайы арна бойынша байланыс қызметтерін көрсетудi айтады; 21) бастапқы желiнi резервтеу жүйесi - бақылау құрылғысын алгоритмдiк және бағдарламалық қамтамасыз ету, бастапқы желiнi немесе бастапқы желiнiң учаскесiн қайта құру қажеттілігі туралы шешiмдер қабылдау, электр байланысының түрлi қызметтерiнiң (қызметтер көрсету) сенiмдiлiк көрсеткiштерiн арттыру мақсатында аталған алгоритмдер бойынша өзара әрекеттесетiн, резервтелетін және резервтiк трактілер мен арналарды ауыстырып қосу құрылғыларының жиынтығы; 22) техникалық қызмет көрсету - объектiнi берiлген сапада талап етiлетiн функцияларды орындай алатын күйде ұстап тұруға немесе осындай күйдi қалпына келтiруге бағытталған техникалық және тиiстi әкiмшiлiк операциялардың (бақылау бойынша операцияларды қоса алғанда) жиынтығы; 23) халықаралық, қалааралық және iшкіаймақтық желілердi техникалық пайдалану - станциялардың, халықаралық және қалааралық арналардың жабдықтарын, тапсырысты-жалғау және қалааралық қосылыс жолдарын абоненттерге олардың кез келген ақпарат түрлерiн тарату барысында осы желiлерге берiлген сапасында қызмет көрсетуiн қамтамасыз ете алатын күйде ұстап тұру жөніндегі ұйымдастыру және техникалық iс-шаралар кешенi; 24) көлiктiк телекоммуникация желісі - берiлген пункттер арасында ақпараттар таратуға арналған тарату жүйесi ресурстарының, оларға жататын бақылау, жедел ауыстырып қосу, резервтеу және басқару құралдарының жиынтығы. Көлiктiк желi магистральды және аймақтық (өңiрлiк) байланыс желілерiнен тұрады; 25) топтық үлгілi трактi - үндi жиiлiк арналарының немесе негізгi цифрлық арналардың нормаланған санының телекоммуникация (электр байланысы) сигналдарын жиілiк жолағында немесе осы топтық трактiге сәйкес тарату жылдамдығымен таратуға арналған техникалық құралдар кешенi; 26) желілiк тракті - топтық үлгiлi трактi немесе кiру және шығуда трактi құру аппаратурасы қосылған тiзбектi қосылған бiрнеше үлгiлi топтық трактілер; 27) телекоммуникация жүйесiнiң (желісінiң) тұрақтылығы - телекоммуникация жүйесiнiң (желісінiң) талап етілетiн функцияларды қалыпты пайдалану жағдайында да, сондай-ақ тұрақсыз факторлар әсерiнен жасалатын жағдайларда да орындау қабілетi. Сенiмдiлігімен және тұрақтылығымен сипатталады. АҚТС - автоматты қалааралық телефон станциясы; ТҚЖ - тапсырысты-қосылыс желiлерi; XКO - халықаралық коммутация орталығы; ҚЖЖ - қалааралық жалғау желілерi. 2. ҚХБОТЖ, ҚаБОТЖ және ХаБОТЖ құрамына көлiктiк желi және мыналардан тұратын телекоммуникация жүйелерi кiруi тиiс: бастапқы магистральды және iшкiаймақтық байланыс желiлерi (коаксиальдық, симметриялық немесе оптикалық байланыс кабельдерiнде құрылған жер үстi, радиорелелiк (тура көрiнетiн және тропосфералық) және (немесе) жерсерiктік байланыс желiлерi); ТҚЖ және ҚЖЖ ұйымдастырылатын бастапқы жергiлiктi байланыс желілері; тактілік желілік синхрондау жүйесi (ТЖС); басқару жүйесi (бақылау, жедел ауыстырып қосу, резервтеу құралдары); коммутация жүйелерi (AXTC және/немесе ХКО); трафиктi (биллинг) есептеу жүйесi; жедел-iздестіру iс-шаралары жүйесi (ЖIШЖ). 3. Бастапқы желi тарату арналары мен желiлiк трактiлердi ұйымдастыру үшiн пайдаланылуы тиiс: бір оператордың XКO арасында - жер үстi тарату жолдары бойынша; түрлi операторлардың ХКО арасында - жер үстi және (немесе) жерсерiктiк тарату жолдары бойынша; AXTC-AXTC тiке жолдарында - жер үстi және (немесе) жерсерiктiк тарату жолдары бойынша; бiр оператордың АХТС және ХКО арасында - жер үсті және (немесе) жерсерiктiк тарату жолдары бойынша; басқа оператордың желісінде АХТС-пен және XКО-мен (айналма жолдар) - жер үстi және (немесе) жерсерiктiк тарату жолдары бойынша. 4. ҚХБОТЖ, ҚаБОТЖ және ХаБОТЖ құрылымы оған қойылатын сенiмдiлiк және тұрақтылық талаптарына жауап беруi тиiс. Көлiктiк телекоммуникация желілерiнiң құрылымы Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгiнің 2004 жылғы 25 ақпандағы № 42-б бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай телекоммуникация желілерiнiң басқару құжатында (бұдан әрi - «ҚР БТЖ БҚ») белгiленген (Кr,То, Tв) сенiмділiк көрсеткiштерiмен I, II, III сыныпты хабарламаларды таратуды қамтамасыз етуi тиiс. |