Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет ету үшін адамдар денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптарды бекіту туралы
ҚР Қорғаныс министрлігінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 37 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қабылдауға байланысты БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет ету үшін адамдар денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптар бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы осы бұйрықтың әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Бұйрық, ол алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі ____________ Ж. Досқалиев 2009 ж. 29 желтоқсан
Қорғаныс министрінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 498 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет ету үшін адамдар денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптар
1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет ету үшін адамдар денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптар (бұдан әрі - талаптар) шақыру учаскелеріне тіркеген кезде, әскери қызметке шақырған кезде, келісімшарт бойынша әскери қызметке түсетін, әскери (арнайы) оқу орындарына түсетін азаматтардың, әскери қызметшілер мен әскери міндеттілердің денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамдылық санатын айқындауды көздейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|