«Тауарларды кедендік бақылаумен өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 12 мамырдағы № 197 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 бұйрығымен 2011 жылы 1 қаңтардан бастап күшін жойды
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 76-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Тауарларды кедендік бақылаумен өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 12 мамырдағы № 197 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2318 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) Тауарлардың жеткізілуін бақылау құжатын ресімдеу, қалыптастыру және пайдалану ережесі;»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарлар мен көлік құралдарының жеткізілуін бақылау ережесінде: ереженің атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Тауарлардың жеткізілуін бақылау құжатын ресімдеу, қалыптастыру және пайдалану ережесі»; 1-тармақтағы «Тауарлар мен көлік құралдарының жеткізілуін бақылау» деген сөздер «Тауарлардың жеткізілуін бақылау құжатын ресімдеу, қалыптастыру және пайдалану» деген сөздерге ауыстырылсын; 2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Жеткізілуін бақылау құжатын ресімдеу және қалыптастыру тәртібі»; мынадай мазмұндағы 9 және 10-бөлімдермен толықтырылсын: «9. Тауарға ілеспе құжаттарды тауарлардың жеткізілуін бақылау құжаты ретінде қолдану ерекшеліктері 49. ЖБҚ ретінде тауарға ілеспе құжаттар: осы ереженің 50-тармағының талаптарына сәйкес жөнелтуші кеден органы жарақтандырылған; осы ереженің 52 және 53-тармақтарында белгіленген талаптарға тауарға ілеспе құжаттардың сәйкестігі немесе Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің веб-порталы арқылы алдын ала ақпарат ұсыну жағдайында пайдаланылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|