ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 бұйрығымен 2011 жылы 1 қаңтардан бастап күшін жойды Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 12 мамырдағы № 197 бұйрығымен бекітілген
ҚР Қаржы министрінің 2010.22.02. № 74 Бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Тауарлардың жеткізілуін бақылау құжатын ресімдеу, қалыптастыру және пайдалану ережесі
1. Жалпы ережелер
ҚР Қаржы министрінің 2010.22.02. № 74 Бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Осы Тауарлардың жеткізілуін бақылау құжатын ресімдеу, қалыптастыру және пайдалану ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң (бұдан әрi - Кодекс) 74, 76, 77, 86, 90, 217, 257, 276 және 476-баптарына сәйкес әзiрлендi және тауарлардың кедендiк бақылаумен орналастыру кезіндегі жеткiзiлуiн бақылау тәртібін айқындайды. 2. Тауарлар iшкi кеден транзитi рәсiмi бойынша (бұдан әрi - IКТ рәсiмi) кедендiк жөнелту органының баратын кеден органына дейiн тасымалдаушының жауаптылығымен, көлiктiң барлық түрлерiмен тасымалданады. 3. Баратын кеден органы алынған құжаттарды тексередi және тауарлар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мерзiмдерде келiп түспеген жағдайда, жедел байланыс арналары бойынша жөнелтушi кеден органын хабардар етедi, жеткiзiлмеген тауарлардың кедендiк ресiмделуiн қамтамасыз етуге арналған тиiстi iс-шаралар жүргiзедi. ҚР Қаржы министрінің 2010.22.02. № 74 Бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Жеткізілуін бақылау құжатын ресімдеу және қалыптастыру тәртібі
4. Жеткiзiлуiн бақылау құжаты (бұдан әрi - ЖБҚ) кедендiк декларация-1, кедендiк декларация-2 нысанындағы (1-қосымша) жүк кедендiк декларациясының бланкасында төрт данада бiр мезгiлде электрондық көшiрмесi жасала отырып, Кодекстiң 76-бабына және осы Ереженiң талаптарына сәйкес толтырылады. 5. ЖБҚ тiркеудi жөнелтушi кеден органы 2-қосымшада келтiрiлген нысан бойынша жеткізудi бақылау құжаттарын тiркеу журналында жүргiзедi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|