|
|
|
2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартқа
2018 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
ҚР 2010 жылғы 25 маусымдағы № 294-ІV Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы, 2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шартқа, 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартқа, «Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарт туралы» Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың мемлекет басшылары деңгейіндегі Мемлекетаралық Кеңесінің (кеден одағының жоғары органы) 2009 жылғы 27 қарашадағы № 17 шешімінің 2 және 3-тармақтарын негізге ала отырып, халықаралық құқықтың жалпыға танылған принциптері мен нормаларын назарға ала отырып, кеден одағының бірыңғай кеден аумағында кедендік реттеуді қамтамасыз ету мақсатында төмендегілер туралы келісті:
2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарттың (бұдан әрі - Шарт) ажырамас бөлігі болып табылатын кеден одағының Кеден кодексіне қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
Кеден одағының комиссиясы кеден одағына мүше мемлекеттердің немесе олардың бірінің өтініштері негізінде осындай өтініш жасалған күннен бастап 3 айдан кешіктірмей, кеден одағында кедендік реттеуге байланысты және онымен реттелмеген мәселелерді құқықтық реттеу тәсілі туралы шешімдер қабылдайды. Кеден одағы комиссиясы осындай мәселелерді құқықтық реттеу туралы шешім қабылдаған жағдайда, тиісті шешім осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген шешім қабылданған күнінен бастап 6 айдан кешіктірмей қабылдануы тиіс.
Тараптар арасындағы осы Хаттаманы түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар Шартта белгіленген тәртіппен шешіледі.
Осы Хаттамаға ескертпелерге жол берілмейді.
Осы Хаттама Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады. Осы Хаттама ратификациялауға жатады және Шарт күшіне енген күнінен бастап күшіне енеді.
2010 жылғы 16 сәуірде Мәскеу қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы осы Хаттаманың депозитарийі болып табылатын және әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Кеден одағының комиссиясында сақталады.
Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қосымша
Кеден одағының Кеден кодексіне енгізілетін өзгерістер
1. 1-баптың 2-тармағы «реттелмеген бөлігінде» деген сөздерден кейін «, кеден одағының кеден заңнамасы деңгейінде тиісті құқықтық қатынастар орнатылғанға дейін» деген сөздермен толықтырылсын. 2. 2-бап мынадай редакцияда жазылсын: «1. Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағын (бұдан әрі - кеден одағының кедендік аумағы) Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аумақтары, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттер аумақтарының шегінен тыс орналасқан жасанды аралдар, қондырғылар, құрылыстар мен оларға қатысты кеден одағына мүше мемлекеттердің айрықша заңдық құзыры болатын өзге де объектілер құрайды. 2. Кеден одағының кедендік аумағының шегі кеден одағының кедендік шекарасы (бұдан әрі - кедендік шекара) болып табылады. 3. Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарында орналасқан жекелеген аумақтардың шегі кедендік шекара болып табылуы мүмкін.». а) 2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Егер кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес кеден одағындағы кедендік реттеу кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын болса, мұндай заңнама осы кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында қолданылады.»; б) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Егер осы Кодексте және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес өзгеше белгіленбесе, кедендік реттеу кезінде кедендік декларацияны немесе өзге де кедендік құжаттарды тіркеу күніне әрекет ететін кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер, кеден одағына мүше мемлекеттердің салық салу саласындағы заңнамалық актілері қолданылады.»; в) мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. Егер осы Кодексте және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес өзгеше белгіленбесе, тауарларды кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген талаптарды бұза отырып кедендік шекара арқылы өткізген кезде іс жүзінде тауарларды кедендік шекарадан өткізу күніне әрекет ететін кеден одағының кеден заңнамасы, кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер, кеден одағына мүше мемлекеттердің салық салу саласындағы заңнамалық актілері қолданылады. Егер іс жүзінде тауарлар кедендік шекарадан өткізілген күн белгіленбесе, егер осы Кодексте және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес өзгеше белгіленбесе, белгіленген талаптарды бұзушылықтар анықталған күніне әрекет ететін кеден одағының кеден заңнамасы, кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер, кеден одағына мүше мемлекеттердің салық салу саласындағы заңнамалық актілері қолданылады.». а) 1-тармақта: 5-тармақша «рәсімге сәйкес» деген сөздерден кейін «немесе осы Кодекске сәйкес кедендік рәсімдерге орналастыруға жатпайтын тауарлардың жекелеген санаттары үшін белгіленген шарттарға сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын; 23-тармақшаның екінші абзацындағы «Су кемелерін» деген сөздер «Теңіз (өзен) кемелерін, ішкі жүзу кемелерін, «өзенде - теңізде» жүзу кемелерін, су асты қанаттары бар кемелерді, ауа жастықтары бар кемелерді, өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін лихтерлер мен баржаларды қоса алғанда, шағын кемелерді (бұдан әрі - су кемелері)» деген сөздермен ауыстырылсын; 27-тармақшадағы «немесе осы Кодекспен белгіленген өзге де мақсаттар үшін» деген сөздер алып тасталсын; 31-тармақшадағы «орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген,» деген сөздер алып тасталсын; 34-тармақшадағы «заңды тұлға» деген сөздер «кеден одағына мүше мемлекеттің заңды тұлғасы» деген сөздермен ауыстырылсын; 39-тармақша «темір жол жылжымалы құрам» деген сөздерден кейін «, темір жол жылжымалы құрамының бірлігі» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 41-тармақшамен толықтырылсын: «41) экспресс-жүк - халықаралық почта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарды қоспағанда, жеке жүкқұжатқа сәйкес ықтимал және (немесе) тіркелген барынша аз уақыт ішінде осы тауарды алушыға дейін жеткізу мақсатында тасымалдауларды ұйымдастыру мен қадағалаудың электронды ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, көліктің кез келген түрлерімен жедел тасымалдау шеңберінде тасымалданатын тауар.»; б) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, осы Кодексте пайдаланылатын азаматтық және басқа салалардағы заңнаманың терминдері кеден одағына мүше мемлекеттің әрқайсысында осы кеден одағына осы мүше мемлекеттер заңнамасының тиісті салаларында пайдаланылатын мәнде пайдаланылады.». 5. 5-баптың 8-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Егер тауарларды кедендік шекарадан өткізу орындарында және кеден органдары орналасқан өзге де орындарда кеден органдарының жұмыс уақыты жұмыс істемейтін күндері белгіленсе, осы кеден органдарының жұмыс күндерімен есептелетін кедендік операцияларды жасау мерзімі өзіне жұмыс істемейтін күндерді қамтиды.». 6. 6-баптың 1-тармағының 7-тармақшасы «шараларды» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шартына сәйкес - кеден одағына мүше мемлекеттердің кедендік шекарасы арқылы бағалы қағаздарды және (немесе) валюта құндылықтарының, жол чектерінің өткізілуін бақылауды жүзеге асырған кезде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды» деген сөздермен толықтырылсын. 7. 8-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Егер көрсетілген органдарға мұндай ақпарат аталған кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен өздеріне жүктелген міндеттерді шешу үшін кажет болса, кеден одағына бір мүше мемлекеттің кеден органдары өздеріне ұсынылған ақпаратты аталған кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпиясын және басқа да құпия ақпаратты қорғау жөніндегі заңнамасының талаптарының, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарының тәртібімен және оларды сақтай отырып, осы кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік органдарына ұсынады.». а) 1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында кеден өкілдері тізіліміне енгізілген заңды тұлғалардың кеден өкілдері ретіндегі қызметін тоқтата тұру және қайта жаңғырту жағдайлары мен тәртіптері белгіленуі мүмкін.»; б) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Кеден органдары кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен кеден өкілдерінің тізілімін жүргізеді және бір тоқсанда кемінде бір рет, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оның мерзімді жариялануын қамтамасыз етеді. Кеден одағының комиссиясы кеден органдары жүргізетін тізілімдердің негізінде кеден өкілдерінің жалпы тізілімін қалыптастырады және бір тоқсанда кемінде бір рет оны Кеден одағы комиссиясының ресми Интернет-сайтында мерзімді жариялауды қамтамасыз етеді.»; в) 5-тармақтың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын. а) 1-тармақшадағы «қойылған талаптарға» деген сөздер «кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген талаптарға» деген сөздермен ауыстырылсын; б) 3-тармақшадағы «енгізу» деген сөз «ұсыну» деген сөзбен ауыстырылсын. а) 2-тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) кеден өкілінің оны кеден өкілдерінің тізілімінен алып тастау туралы өтініші;»; б) мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақшалармен толықтырылсын: «3) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны тарату; 4) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру.». а) 3-тармақтағы «заңнамасымен көзделген тәртіпте» деген сөздер «заңнамасына сәйкес, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып,» деген сөздермен ауыстырылсын; б) мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын: «6. Кеден өкілі заңды тұлғаны кеден өкілдерінің тізіліміне енгізген кеден органын осындай мәліметтер өзгертілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде кеден өкілдерінің тізіліміне енгізген кезде мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы хабарландыруға міндетті.». а) 2-тармақтағы «заңнамасында белгіленген жағдайларда және шарттарда» деген сөздер «заңнамасына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын; б) 3-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «3. Кеден органдары кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен кедендік тасымалдаушылар болып танылған тұлғалардың тізілімін жүргізеді және бір тоқсанда кемінде бір рет, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, олардың мерзімді жариялануын қамтамасыз етеді. Кеден одағының комиссиясы кеден органдары жүргізетін тізілімдердің негізінде кедендік тасымалдаушылардың жалпы тізілімін қалыптастырады және бір тоқсанда кемінде бір рет оны Кеден одағы комиссиясының ресми Интернет-сайтында мерзімді жариялауды қамтамасыз етеді.»; в) 4-тармақтың бірінші бөлігіндегі «кеден одағы комиссиясының шешімімен анықталған нысан бойынша» деген сөздер «нысаны мен пайдалану тәртібін Кеден одағының комиссиясы белгілейтін» деген сөздермен ауыстырылсын. а) 2-тармақшадағы «енгізу» деген сөз «ұсыну» деген сөзбен ауыстырылсын; б) 5-тармақша алып тасталсын. а) 3-тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) кедендік тасымалдаушының оны кедендік тасымалдаушылар тізілімінен алып тастау туралы өтініші;»; б) мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақшалармен толықтырылсын: «4) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны тарату; 5) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру.». а) 1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғалардың уақытша сақтау қоймаларының иелері ретіндегі қызметін тоқтата тұру және қайта жаңғырту жағдайлары мен тәртібі белгіленуі мүмкін.»; б) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Кеден органдары кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен уақытша сақтау қоймаларының иелері болып танылған тұлғалардың тізілімін жүргізеді және бір тоқсанда кемінде бір рет, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, олардың мерзімді жариялануын қамтамасыз етеді. Кеден одағының комиссиясы кеден органдары жүргізетін тізілімдердің негізінде уақытша сақтау қоймалары иелерінің жалпы тізілімін қалыптастырады және бір тоқсанда кемінде бір рет Кеден одағы комиссиясының ресми Интернет-сайтында оның мерзімді жариялануын қамтамасыз етеді.». 16. 25-бап мынадай редакцияда жазылсын: «25-бап. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау үшін негіздер Мыналар заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау үшін негіздер болып табылады: 1) осы Кодекстің 24-бабы 1-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында белгіленген уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттарын сақтамау; 2) уақытша сақтау қоймасы иесінің осы Кодекстің 26-бабының 1-5, 7 және 8-тармақшаларында көзделген міндеттерді сақтамауы; 3) уақытша сақтау қоймасы иесінің оны уақытша сақтау қоймасы иелерінің тізілімінен алып тастау туралы өтініші; 4) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны тарату; 5) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру.». а) 1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғалардың кеден қоймаларының иелері ретіндегі қызметін тоқтата тұру және қайта жаңғырту жағдайлары мен тәртібі белгіленуі мүмкін.»; б) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Кеден органдары кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімін жүргізеді және бір тоқсанда кемінде бір рет, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, олардың мерзімді жариялануын қамтамасыз етеді. Кеден одағының комиссиясы кеден органдары жүргізетін тізілімдердің негізінде уақытша сақтау қоймалары иелерінің жалпы тізілімін қалыптастырады және бір тоқсанда кемінде бір рет Кеден одағы комиссиясының ресми Интернет-сайтында оның мерзімді жариялануын қамтамасыз етеді.». 18. 30-бап мынадай редакцияда жазылсын: «30-бап. Кеден қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау үшін негіздер Мыналар заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау үшін негіздер болып табылады: 1) осы Кодекстің 29-бабы 1-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында белгіленген кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттарын сақтамау; 2) кеден қоймасы иесінің осы Кодекстің 31-бабының 1) - 6), 8) және 9) тармақшаларында көзделген міндеттерді сақтамауы; 3) кеден қоймасы иесінің оны кеден қоймасы иелері тізілімінен алып тастау туралы өтініші; 4) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны тарату; 5) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру.». 19. 31-баптың 4-тармақшасындағы «кеден органына осы тауарлар жөнінде» деген сөздерден кейін «кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кеден органына осындай тауарлар туралы» деген сөздермен толықтырылсын. а) 1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғалардың бажсыз сауда дүкендерінің иелері ретіндегі қызметін тоқтата тұру және қайта жаңғырту жағдайлары мен тәртібі белгіленуі мүмкін.»; б) 2-тармақтағы «тұлғалармен» деген сөз «тұлғаларға, сондай-ақ шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге, оларға теңестірілген халықаралық ұйымдардың өкілдіктеріне, консулдық мекемелерге не дипломатиялық агенттерге, консулдық лауазымды адамдарға және олардың өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелеріне» деген сөздермен ауыстырылсын; в) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Кеден органдары кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімін жүргізеді және бір тоқсанда кемінде бір рет, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, олардың мерзімді жариялануын қамтамасыз етеді.». 21. 35-бап мынадай редакцияда жазылсын: «35-бап. Бажсыз сауда дүкендерінің иелері тізілімінен алып тастау үшін негіздер Мыналар бажсыз сауда дүкендерінің иелері тізілімінен алып тастау үшін негіздер болып табылады: 1) осы Кодекстің 34-бабының 1-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында белгіленген бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу шарттарын сақтамау; 2) осы Кодекстің 36-бабында көзделген міндеттерді бажсыз сауда дүкені иесінің сақтамауы; 3) бажсыз сауда дүкені иесінің оны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен алып тастау туралы өтініші; 4) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны тарату; 5) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру.». 22. 36-баптың 4-тармақшасы «осындай тауарлар туралы» деген сөздерден кейін «, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып,» деген сөздермен толықтырылсын. 23. 38-баптың 3-тармағындағы «заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне қосқан» деген сөздер «уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне қосу туралы куәлік берген» деген сөздермен ауыстырылсын, «қосқан кезде» деген сөз «қосу туралы куәлікті беру үшін» деген сөздермен ауыстырылсын. а) 1-тармақшада: «еуродан кем емес» деген сөздер «еуроға» деген сөздермен ауыстырылсын; «енгізу» деген сөз «ұсыну» деген сөзбен ауыстырылсын; «кедендік төлемдердің» деген сөздердің алдынан «осы тармақшаның екінші абзацында белгіленген жағдайды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Олар Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалған өлшемдерге сәйкес болған жағдайда кедендік әкету баждары қолданылмайтын тауарларды өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және (немесе) тауарларды экспорттайтын тұлғаларға осындай қамтамасыз етуді ұсыну күніне кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленетін, валюта бағамы бойынша бір жүз елу мың еуроға балама сомаға кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету ұсынылады;»; б) 6-тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған талаптарға сәйкес кеден органдарына кедендік операцияларды жасау кезінде ұсынылған мәліметтерді шаруашылық операцияларды жүргізу туралы мәліметтермен салыстыруға мүмкіндік беретін тауарларды есепке алу жүйесінің болуы;». 25. 42-баптың 3-тармағындағы «Кеден» деген сөз «Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, кеден» деген сөздермен ауыстырылсын. 26. 45-баптың 2-тармағындағы «қорғау құралымен» деген сөздер «қорғаудың бағдарламалық техникалық құралымен» деген сөздермен ауыстырылсын. 27. 6-тараудың атауындағы, 50-баптың атауындағы және мәтініндегі «Сыртқы экономикалық қызметтің» деген сөздер «Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің» деген сөздермен ауыстырылсын. а) 1-тармақтағы «мемлекеттер достастығының» деген сөздер «Мемлекеттер Достастығының» деген сөздерге ауыстырылсын; б) 3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «кеден одағына мүше мемлекеттердің» деген сөздер алып тасталсын; в) 4-тармақтың бірінші абзацындағы «кедендік реттеу» деген сөздер «кеден ісі» деген сөздермен ауыстырылсын. а) 4-тармақтағы «ақпараттық сипаттамаға ие» деген сөздер «тауарларды жіктеу үшін міндетті болып табылмайды» деген сөздермен ауыстырылсын; б) 7-тармақтың бірінші бөлігі «комиссиясы» деген сөзден кейін «кеден органдарының ұсыныстары негізінде» деген сөздермен толықтырылсын. 30. 53-баптың 7-тармағындағы «кеден одағына мүше мемлекеттердің» деген сөздер алып тасталсын. 31. 54-баптың 3-тармағының бірінші сөйлеміндегі «Өтініш» деген сөз «Егер кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында ұзақтығы неғұрлым аз мерзім белгіленбесе, өтініш» деген сөздермен ауыстырылсын. 32. 58-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын: «Егер халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан шығарылатын тауарлардың шығарылған елін айқындау кеден одағына осындай мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.». а) 1-тармақтағы «кедендік одаққа қатысушы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес, тауарлары шығарылған кеден органымен» деген сөздер «кеден органына тауарларды кедендік декларациялау жүргізілетін кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын; б) 2-тармақтағы «кедендік шекара арқылы тасымалданатын тауарлардың кедендік құнын анықтаудың мәселелерін реттейтін кедендік одаққа қатысушы мемлекеттердің халықаралық келісім-шартына» деген сөздер «осы баптың 1-тармағына» деген сөздермен ауыстырылсын; в) мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: «5. Егер тауарларды кедендік декларациялау кезінде оны есептеу үшін қажетті нақты мәліметтерді растайтын құжаттардың болмауына байланысты олардың кедендік құнының нақты көлемін айқындау мүмкін болмаса, тауарлардың кедендік құнының нақты көлемін айқындауды кейінге қалдыруға жол беріледі. Бұл жағдайда оны декларантта бар құжаттар мен мәліметтердің негізінде мәлімдеуге және мәлімделген кедендік құнды негізге ала отырып, кедендік баждарды, салықтарды есептеу мен төлеуге жол беріледі. Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес кедендік құнды айқындау жағдайлары, сондай-ақ кедендік құнды декларациялау мен бақылау тәртібі, осындай жағдайлар үшін кедендік баждарды, салықтарды есептеу мен төлеу ерекшеліктері Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.». а) 1-тармақтағы «тараумен орнатылған нормаларға» деген сөздер «тарауға» деген сөзбен ауыстырылсын; б) 3-тармақтың екінші бөлігіндегі «Кеден» деген сөз «Тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібі, сондай-ақ кеден» деген сөздермен ауыстырылсын; в) 5-тармақтағы «уәкілетті өкіл» деген сөздер «кеден өкілі» деген сөздермен ауыстырылсын; г) 6-тармақ алып тасталсын. «туралы немесе» деген сөздер «туралы шешім не» деген сөздермен ауыстырылсын. 36. 69-баптың 2-тармағының екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: «Тауарларды шығару декларанттың осы Кодекстің 88-бабына сәйкес кеден органы айқындаған кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынуы шартымен жүзеге асырылады.». а) 2-тармақта: «келісім-шарттарына» деген сөздер «шарттарына және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын; «Арнайы» деген сөз «Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, арнайы» деген сөздермен ауыстырылсын; б) мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: «3. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты осы бөлім осы Кодекстің 49-тарауында және кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шартында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып қолданылады.». а) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Егер мұндай төлемдерді төлеу кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген болса, алдағы кедендік әкету баждарын, салықтарды, кедендік алымдарды төлеу шотына енгізілген және төлеуші нақты тауарларға қатысты кедендік әкету баждарын, салықтардың, кедендік алымдардың нақты түрлері мен сомалары бөлінісінде сәйкестендірмеген ақша қаражаты (ақша) аванстық төлемдер деп танылады.»; б) 3-тармақтағы «қамтамасыз ету есебіндегі» деген сөздер «қамтамасыз ету ретінде енгізілген» деген сөздермен ауыстырылсын; в) мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын: «6. Аванстық төлемдерді төлеу нысандары кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді.». 39. 74-баптың 2-тармағының екінші бөлігі «жағдайы» деген сөзден кейін «осы Кодекске және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын. 40. 76-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі «Төлеуге» деген сөз «Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, төлеуге» деген сөздермен ауыстырылсын. а) 2-тармақтың 4-тармақшасындағы «екі» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын; б) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттеме: осы Кодекстің 202-бабының 2-тармағына сәйкес - кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес; осы Кодекстің 202-бабының 3-тармағына сәйкес - кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кедендік рәсімдер белгіленген кезде туындайды және тоқтатылады.».
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |