Атырау облысы шегінде Жайық және Қиғаш өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері шекарасын белгілеу туралы (2014.12.03. берілген өзгерістермен)
Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 101 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі № 481-11 Су кодексінің 7, 39, 125, 126-баптарына, 116-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысымен бекітілген Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесіне сәйкес, жерүсті суларының ластануын, қоқысталуы мен сарқылуын болдырмау, олардың санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сай жағдайда ұсталуын қамтамасыз ету мақсатында, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес Жайық өзенінің су қорғау аймақтары, белдеулері және оларды шаруашылық пайдалану режимі Атырау қаласы аумағында - 81,1 км, Махамбет ауданында -113,65 км, Индер ауданында - 89,45 км, Қиғаш өзенінің - Құрманғазы ауданы аумағында - 65,35 км ұзындықта белгіленсін. 2. Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы су қорғау аймақтары мен белдеулерінде су қорғау белгілерін орнату және бекіту шараларын алcын. 3. Атырау қаласы, Махамбет, Индер және Құрманғазы аудандарының әкімдері: 1) Жайық және Қиғаш өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері шекарасын өзгертуді жүзеге асырсын, жер-есепке алу құжаттамасына оларды су қоры жерлеріне ауыстыру жөнінде өзгерістер енгізсін және берілген жұмыстардың жүргізілуіне үнемі бақылауды қамтамасыз етсін. 2) су қорғау аймақтары мен белдеулері шектеріндегі аумақтарды құрылыс және басқа да арнайы мұқтаждар үшін бөлу мен пайдалануды осы қаулының 1 және 2 қосымшаларында белгіленген талаптарға сәйкес жүргізсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|