Осы редакция 2010 жылғы 7 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу»
1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) - жылжымалы мүлік кепілінің тізіліміне кепіл талаптары бар (кепілді тіркеу туралы өтініш) шарттағы немесе өзге шарттағы мәліметтерді енгізу жөнінде жылжымалы мүлік кепілін тіркеу кезінде туындайтын қатынастарға қатысушылардың іс-әрекеттерінің жиынтығын білдіретін, тіркеуші органның жылжымалы мүлік кепілін есепке алу рәсімі, тіркеуші органдардың жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік беруі мен Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жасалатын өзге де іс-әрекеттері. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызметті «Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Жылжымайтын мүлік орталықтары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары және олардың филиалдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетеді, олардың мекен-жайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны тұтынушының тіркеу туралы белгісі бар кепіл шартын алуы және жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлікті беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған (тіркелген, талон алған сәттен бастап), мемлекеттік қызмет алуға өтініш берген сәттен бастап: 1) міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу екі күн ішінде жүргізіледі (құжаттарды қабылдаған және берген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді); 2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды; 3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды. 8. Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі. Міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін, сондай-ақ тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын және тоқтатылуын тіркегені үшін алым ставкалары: жеке тұлғалардан - алым төлеген күні қолданыстағы 1 айлық есептік көрсеткішті; заңды тұлғалардан - алым төлеген күні қолданыстағы 5 айлық есептік көрсеткішті құрайды. 9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында: www.minjust.kz., сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес Орталықтардың үй-жайларында орналасқан стендтерде орнатылады. 10. Уәкілетті органда мереке және демалыс күндерін қоспағанда, оның жұмысын қамтамасыз ететін, түскі асқа бір сағаттық үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейінгі жұмыс кестесі белгіленеді. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет мереке және демалыс күндерін қоспағанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін ұсынылады, филиалдар мен өкілдіктер үшін түскі асқа бір сағаттық үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейінгі жұмыс кестесі белгіленеді. Қабылдау «электронды» кезек тәртібінде, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. 11.Уәкілетті органның үй-жайларында бөлек кіретін есік, күту залы, анықтама бюросы, күту үшін креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналасқан. Мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген. Мемлекеттік қызмет Орталық ғимаратында: 1) егер заңды тұлға кепіл беруші болып табылса, заңды тұлғаның тіркелген орны бойынша; 2) егер жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер кепіл беруші болып табылса, салық төлеуші ретінде тіркеу орны бойынша көрсетіледі. Орталық залында анықтама бюросы, күту үшін креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналасқан. Мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу үшін тұтынушы мынадай құжаттар ұсынады: 1) белгіленген нысандағы өтініште: тіркеуші органның атауы; кепіл берушінің және кепіл ұстаушының атауы, орналасқан жері (заңды тұлға үшін) немесе тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері (жеке тұлға үшін); кепіл туралы шарттың немесе кепіл талаптары бар өзге де шарттың жасалған күні мен орны; кепіл мәні болып табылатын мүліктің тізбесі және сипаттамасы (кепіл мәні туралы мәліметтер); кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы; кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің қолданылу мерзімі; өтініш берушінің немесе оның өкілінің қойған қолы және заңды тұлға үшін - мөрі; кепілге салынған мүлік қай тараптың қолында екені туралы нұсқау, оны пайдалануға болатыны және қайталама кепіл туралы мәліметтер болуға тиіс; 2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаты, ал тұлғаның өкілі — өзінің өкілеттігін растайтын құжатты, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттары; 3) жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу үшін алымның бюджетке төленгендігін растайтын құжат не «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы берілетін ақы төлегені туралы чекті ұсынады; 4) кепіл туралы шарт немесе кепіл талаптары бар шарт; 5) міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы өтініште кепіл беруші заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы деректер болуға тиіс. 13. Бланкілер күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады, не Орталықтың консультанттарында болады. 14. Құжаттарды қабылдау «терезенің» арналуы және атқаратын функциясы туралы ақпарат ілінген, сондай-ақ Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетілген «терезе» арқылы жүзеге асырылады. Орталықтың инспекторы осы стандарттың 12-тармағына сәйкес құжаттардың толықтығын тексеруді, құжаттардың есеп кітабында тіркелуін және құжаттарды жинақтаушы бөлімнің инспекторына табыс етілуін жүзеге асырады. Орталықтың жинақтаушы бөлімінің инспекторы құжаттарды жинауды, тізілімнің жасалуын және уәкілетті органға жіберілуін жүзеге асырады. Орталық қоса берілетін құжаттарымен бірге өтініштердің уәкілетті органға жеткізілуін және кері алынуын осы өтініштерді қабылдаған күні кемінде 2 рет жүзеге асырады. Уәкілетті орган Орталықтан құжаттар пакетін алғаннан кейін мыналарды: - жылжымалы мүлік кепілінің тізіліміне (оның ішінде компьютерлік деректер-қорға) өтініштен кепілді тіркеу туралы деректерді енгізуді; - өтініш берген тұлғаға жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлікті әзірлеуді жүзеге асырады; - орындалған құжаттардың тізілімін қалыптастырады және тұтынушыға беру үшін Орталыққа жібереді. Орындалған құжаттар уәкілетті органнан қолхатта көрсетілген беру мерзімі өткенге дейін бір күн бұрын Орталыққа түсуі тиіс. сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні; сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі; қоса берілген құжаттардың саны мен атауы; құжаттарды беру күні, уақыты және орны; құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі. 16. Дайын құжаттарды тұтынушыға беруді Орталық инспекторы «терезе» арқылы күн сайын мерзімі көрсетілген қолхат негізінде жүзеге асырады. 17. Құжаттарды ресімдеуде қателер анықталған, осы стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттар пакеті толық берілмеген және құжаттар тиісінше ресімделмеген кезде уәкілетті орган құжаттар пакетін алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Орталыққа кейіннен тұтынушыға беру үшін бас тарту себептерін көрсетіп, хабарлама жолдайды.
18. Уәкілетті орган мен Орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын атқару кезіндегі заңдылықты сақтауға негізделеді және әдептілік, толық ақпарат беру, оның қорғалуын, сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы маңызын жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
21. Мемлекеттік қызметті ұсыну сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда уәкілетті органның және Орталық қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметінің 58-00-58 телефоны бойынша алуға болады. 22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде, уәкілетті органның немесе Орталықтың кеңсесі арқылы жұмыс күндерінде қолма-қол қабылданады. Шағым уәкілетті орган мен Орталық директорының атына беріледі. Уәкліетті орган мен Орталықтың мекен-жайлары және басшыларының телефондары осы стандартқа 1, 1-1-қосымшаларда көрсетілген. 23. Қабылданған шағым уәкілетті орган мен Орталықтың ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі және он бес күнтізбелік күн ішінде қаралады. Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. Өтініш берушіге шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
24. Уәкілетті орган мен Орталық басшыларының жұмыс және қабылдау кестелері осы стандарттың 10-тармағында көзделген жұмыс кестелеріне сәйкес анықталады. Уәкілетті органдар мен Орталықтардың байланыс телефондары осы стандартқа 1 және 1-1-қосымшаларда, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және уәкілетті орган мен Орталықтардың үй-жайларында орналасқан стендтерде көрсетілген. Орталықтар мен уәкілетті орган басшыларының байланыс телефондары осы стандартқа 1 және 1-1-қосымшаларда көрсетілген. 25. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет-ресурсы: www.minjust.kz.
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына 1-1-қосымша
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
Кесте. Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
|