Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы (2013.18.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1344 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 923 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық және жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік органдар (келісім бойынша): 1) Іс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін; 2) жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екі рет, 15 қаңтарға және 15 шілдеге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін. 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (келісім бойынша) жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екі рет 30 қаңтарға және 30 шілдеге Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.12.11. № 1199 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.01.02. № 182 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.18.10. № 1115 Қаулысымен (бұр.ред.қара) жоспар өзгертілді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 мамырдағы № 409 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|