Сот органдары мен атқарушылық іс жүргізу органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 26 тамыздағы № 970 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған сот органдары мен атқарушылық іс жүргізу органдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің Стандарты бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 513 қаулысымен бекітілген
Сот органдары мен атқарушылық іс жүргізу органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Сот органдары мен атқарушылық іс жүргізу органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) - құжаттарға қол қойған адам қолының түпнұсқалылығын куәландыратын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба (апостиль) қою рәсімі. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан)», «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|