Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жекелеген ведомстволық бағыныстағы
Осы редакция 2010 жылғы 2 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Семей мемлекеттік медицина академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны; 2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. Денсаулық сақтау және медициналық білім саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру олардың қызметінің негізгі мәні болып белгіленсін. 2. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып; 2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне осы қаулының 1-тармағында көрсетілген кәсіпорындардың жарғыларын және 2-тармағында көрсетілген кәсіпорындардың жарғыларына тиісті өзгерістерді бекітуге енгізсін және олардың әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 19 ақпандағы № 188 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі» деген бөлімде: реттік нөмірлері 9-4, 9-9, 9-10, 9-30-жолдар мынадай редакцияда жазылсын: «9-4. «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті» қазыналық кәсіпорны, Ақтөбе қаласы»; «9-9. «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында), Алматы қаласы; 9-10. «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» қазыналық кәсіпорны, Қарағанды қаласы»; «9-30. «Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында), Семей қаласы». 2. «Республикада медициналық білім беруді одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1469 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 48, 450-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базасы болып табылатын ауруханалардың, емханалар мен дәрігерлік амбулаториялардың тізбесінде: «Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының клиникалық базалары», «Семей мемлекеттік медицина академиясының клиникалық базалары», «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының клиникалық базалары» деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: «Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің клиникалық базалары»; «Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің клиникалық базалары»; «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің клиникалық базалары». 3. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 38, 440-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: «Мемлекеттік кәсіпорындар» деген 1-бөлімде: реттік нөмірлері 3, 9, 28-жолдар мынадай редакцияда жазылсын: «3. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті»; «9. Қарағанды мемлекеттік медицина университеті»; «28. Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті». 4. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11 маусымдағы 2007 жылғы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» деген бөлімде: реттік нөмірлері 226, 230, 231, 244-жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын: «226. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны»; «230. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны»; «231. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны»; «244. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны».
|