Нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар жануарлар дүниесiн
Осы редакция 2010 жылғы 14 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi және аумақтық органдардың лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкелерiнiң тiзбесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Үкіметінiң 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 1415 қаулысымен бекітілген Нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi және аумақтық органдардың лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерiнiң тiзбесi Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілеттi және аумақтық органдар 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi мен Балық шаруашылығы комитетiнiң (бұдан әрi - Комитеттер) төрағалары - Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы. 2. Комитеттер төрағаларының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары - Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары. 3. Комитеттердiң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын басқармалар мен бөлiмдердiң бастықтары, басқармалар бастықтарының орынбасарлары - Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторы. 4. Комитеттердiң жануарлар дүниесін қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерімен айналысатын бас және жетекші мамандары - Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі мемлекеттік инспекторы. 5. Комитеттердiң аумақтық органдарының бастықтары - тиiстi облыстың Жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы. 6. Комитеттердiң аумақтық органдары бастықтарының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары - тиiстi облыстың Жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары. 7. Комитеттердiң аумақтық органдарының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын бөлiмдерiнiң бастықтары - тиiстi облыстың жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі аға мемлекеттік инспекторы. 8. Комитеттердiң аумақтық органдарының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын бас және жетекшi мамандары - тиiстi облыстың жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі мемлекеттік инспекторы. Жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар 1. Жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары - жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі инспектор. 2. Бас аңшылық маманы және ихтиолог, аңшылық маманы және ихтиолог, аға қорықшы, қорықшы - жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі инспектор. |