Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға
арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2335 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 10 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 2335 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
1. Миссиясы және пайымдауы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) миссиясы - бұл экономикалық саясатты қалыптастыру және іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау мен басқару жүйесін дамыту.
Пайымдауы — Қазақстан Республикасының әлемнің барынша бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына енуіне ықпал ететін тиімді мемлекеттік басқару жүйесі бар экономиканың сапалы, теңгерімді өсуі.
2. Ағымдағы жағдайды талдау
2.1. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жаңғырту
Дағдарыстың шығындары мен қауіп-қатерлерін талдай отырып, өткен кезеңде:
Ұлттық қорды қалыптастыру арқылы «голланд ауруын» болдырмауды күшейту экономикаға сыртқы банктік қарыз алу есебінен кредит ағыны және экономиканың «қызып кетуінің» басқа көзін қалыптастыру себебінен жоққа шығару;
табыстылықтың банктік көрсеткіштерінің төмендеуі, оның ішінде банктердің сыртқы қарыздарының басым бөлігі қалқымалы ставкаларда жасалған себептен де төмендеуінің және банктердің кредиттік портфелі сапасының нашарлауының және басқаларының байқалуы;
тәуекелге көтермелеудің қалыптасқан жүйесі нарық агенттерінің шығындар мен активтерді ұтымды бағалаудың орнына шексіз кеңейтуге «негіз жасауына» түрткі болуы;
дағдарыс жағдайында «нарықтың сәтсіздіктерінің» барлық шығындарын мемлекеттің өтеуі (жылжымайтын мүлік нарығы, экспорт секторындағы жұмыспен қамтудың төмендеуі, борыштарды «мемлекет меншігіне айналдыру» және басқалары) сияқты мемлекеттің «қателері» де және нарық секторының «сәтсіздіктері» де болды.
Нәтижесінде қаржы секторы сыртқы қаржылық күйзелістерін өткізушіге айналды, бұл жүйелік қарама-қайшылықтарға және экономиканың әлсіздігінің өсуіне алып келді.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2009 жылғы қаңтар-қыркүйекте жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) нақты мәнде өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2,2 %-ға төмендеді.
Қаңтар-қарашада өнеркәсіп өнімін өндіру тау-кен өндіру өнеркәсібінің 5,7 %-ға өсуі есебінен 0,7 %-ға ұлғайды. Өңдеу өнеркәсібінде төмендеу 6,3 %-ды, электр энергиясын, газ және суды өндіру мен бөлуде - 3 %-ды құрады.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2009 жылғы он бір айда 2008 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 10,6 %-ға өсті.
Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 2009 жылдың он бір айында еткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2,3 өсіп, 3 897,1 млрд. теңгені құрады.
Кедендік бақылау комитетінің жедел деректері бойынша сыртқы сауда айналымы 2009 жылдың он айында 56,6 млрд. АҚШ долларына жетіп, 2008 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 39,6 %-ға төмендеді. Бұл сыртқы нарықтардағы сұраныстың азаюына байланысты, бұдан басқа, экспортталатын өнімнің әлемдік тауар нарығындағы бағалары өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда төмен деңгейде қалыптасты.
2009 жылғы қарашада инфляцияның деңгейі 2008 жылғы желтоқсанға 5,6 %-ды құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңіне қарағанда 3,6 пайыздық тармаққа (9,2 %) төмен. Инфляцияның деңгейі 2009 жылғы қаңтар-қарашада орташа жылдық мәнде алғанда өткен жылдың тиісті кезеңі қарағанда 2008 жылғы қаңтар-қарашадағы 17,9 %-бен салыстырғанда 7,4 %-ды құрады.
Бүгінгі күні Қазақстан экономикасының проблемасы оның табиғи ресурстар экспортына тәуелдігінің сақталуында және экономиканың шикізат емес секторларының бәсекеге қабілеттілігінің жеткізіліксіз болуында.
Ұлттық қор қаражатын жинақтау және пайдалану практикасы айтарлықтай өзгерістерге ұшырап отыр. Осыған байланысты, қазірдің өзінде Ұлттық қорды жеке-жеке 2 кіші қорға (портфелге) - тұрақтандыру қорына және жинақтау қорына бөлу мүмкіндігі қаралуда.
Елде инвестициялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың тұтастай көрінісінің болмауы олардың тиімсіз іске асырылуына, экономика салаларындағы теңсіздікке және жобаларды пайдалануға бергеннен кейінгі ресурстық қамтамасыз етудің болмауына алып келеді.
Қазіргі уақытта Министрлік ұзақ мерзімді кезеңде Қазақстан экономикасын әртараптандыруды қамтамасыз ету және бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсаты болып табылатын Қазақстанның серпінді индустриялық-инновациялық дамуының 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) әзірлеуде.
Қолайлы макроортаны, инвестициялық ахуалды және тиімді мемлекет пен бизнес арасындағы іс-қимыл институттары мен тетіктерін қалыптастыру Бағдарлама міндеттерінің бірі болып табылады.
Бағдарлама шеңберінде Қазақстанды индустрияландыру картасын және өндірістік қуаттарды ұтымды орналастырудың схемасын әзірлеу жүргізілуде.
Әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған шараларды іске асыру және «Doing Business» рейтингісінде Қазақстанның ұстанымын арттыру үшін Қазақстандағы бизнес ортаны дамыту жағдайын жақсарту жалғасуда. 2009 жылға арналған «Doing Business» рейтингінде Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда 7 ұстанымға жоғарылап, 183 елдің ішінде 63 орын алды.
Кәсіпкерлердің қызметі үшін әкімшілік кедергілердің жоғары болуы; олардың қызметіне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерге кәсіпкерлердің толық қол жеткізбеуі сияқты проблемаларды шешуге бағытталған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жұмыстар жалғасады.
Бұл ретте қазіргі таңда тұрақты негізде жетілдірілетін мемлекеттік органдардың тексеруін жоспарлау үшін негіз ретінде тәуекелдерді бағалау жүйесі құрылған.
Соңғы бірнеше жылда экономиканың даму қарқынының баяулауына байланысты Қазақстанның егеменді кредиттік рейтингі, Moodys және Ficth рейтингтері бойынша «тұрақтылықтан» «теріске» төмендеді, бұл отандық ұйымдардың бәсекеге қабілеттілік артықшылықтарының төмендегенін көрсетеді.
Сонымен бірге, елдің рейтингі инвестициялық класс деңгейінде сақталған, ол Қазақстан Үкіметінің дағдарыс жағдайында экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша уақтылы және барабар шаралары туралы куәландырады.
Біздің кәсіпкерлер үшін нарықтың шектеулі болуы интеграциялық бірлестіктерді, кеден одағын құруды және басқа да бірқатар шараларды, оның ішінде сыртқы экономикалық қызметке әсер етудің негізгі құралы ретінде Кеден кодексін әзірлеуді талап етеді.
Экономиканың мемлекеттік секторы тиімділігінің жеткілікті болмауы елдің, тұтастай алғанда оның экономикасының дәйекті түрде дамуына айтарлықтай тежеу болып отырған келесі бір проблема болып отыр. Қазіргі жағдайда, атап айтқанда мемлекеттік институттардың сапасы елдің бәсекеге қабілеттілігін алдын ала айқындайтын шартқа айналады.
Мемлекеттік сектор кәсіпорындарының қаржы-шаруашылық қызметінің 2008 жылғы жоспарының орындалу барысын талдау 281 республикалық мемлекеттік кәсіпорынның арасында 189-ының қызметі рентабелді, 64 - шығынды, 28-і - нөлдік нәтижеге ие екендігін көрсетті.
Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын 107 акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) арасында 65-інің қызметі рентабелді, 40-ы - шығынды, 2 - нөлдік нәтижеге ие.
Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуға бағытталған одан әрі дамуы мемлекеттің «экономикалық интегратор» - экономикалық векторды экономиканы белсенді түрде құрылымдық әртараптандыру, яғни экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен жаңғырту арқылы «үйлесімді» өсу траекториясына мақсатты түрде ауыстырудың бастамашысы мен модераторы ретінде экономикадағы рөліне байланысты.
2.2. Мемлекеттік басқару және жоспарлау жүйесін жетілдіру
Министрлік 2008 - 2009 жылдары орталық және жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесіне көшу, олардың Стратегиялық жоспарларын жасау жөнінде қажетті әдіснамалық көмек көрсетуді жүзеге асырады.
Барлық орталық мемлекеттік органдар өздерінің 2009 - 2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарларын, жергілікті атқарушы органдар өздеріне бөлінген бюджет қаражатымен өзара байланыстағы негізгі стратегиялық бағыттарды, орта мерзімді кезеңге арналған қызметінің мақсаттарын, міндеттерін көрсеткіштерін қамтитын 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарларын әзірлеуде.
Сонымен қатар, қолданыстағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттар арасында әдіснамалық, құрылымдық және мазмұнды айырмашылықтар жоқ дерлік, өзара қисынды байланысы және сектораралық келісім жоқ. Кейбір жағдайларда олардың арасында қайталанушылық байқалады, іске асыру мерзімі бытыраңқы.
Көптеген бағдарламалардың мақсаттары мен күтілетін нәтижелері бағдарламаларды іске асыру нәтижелілігінің нақты өлшемдері мен индикаторлары, олардың тиімділігін бағалаудың нақты тетігі, стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлаумен өзара байланысы көрсетілмей бұлыңғыр тұжырымдалған.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі мұндай жағдай экономиканың және тұтастай алғанда мемлекеттік басқару жүйесінің дамуына кедергі келтіреді. Сондықтан да Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі түбегейлі өзгерістерді талап етеді.
Мемлекеттік басқарудың қазіргі жүйесі халықтың мемлекеттік қызметтер-көрсетуге қол жеткізуін толық дәрежеде қамтамасыз етпейді, мемлекеттік органдардың халықпен жедел кері байланысы жоқ, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігі мен сапасының төмендігі байқалып отыр.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің қазіргі тізілімін басқару салалары (аялары) бойынша кезең-кезеңімен кеңейтіп, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды енгізу деңгейін арттыру қажет.
Бұдан басқа, елді орнықты аумақтық және экономикалық дамыту мақсатында облыстық деңгейден төмен деңгейде қазіргі әкімшілік-аумақтық құрылысты жетілдіру, демографиялық қысымды және заңсыз көші-қонды күшейту үшін шекара маңындағы аумақтардағы бұрын таратылған ауылдық аудандарды (қажеттігіне қарай) қалпына келтіру, сондай-ақ құрамына бұрын ауылдық округтер енген қалалардың шекараларын реттеу және т.б. қажеттігі туындайды.
Экономиканы әртараптандыру деңгейінің төмендігі, халықтың аумақтар бойынша тең орналаспауы, аумақтардың экономикалық-географиялық жағдайының әртүрлі болуы өңірлердің және тұтастай алғанда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында кеңістіктік біртектілік болмауының және едәуір теңсіздік негізгі себептері болып табылады.
Сондықтан мемлекеттік органдардың қызметін Қазақстан алдында тұрған жаңа талаптар мен міндеттерге бағдарлауға, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын жақсартуға, мемлекеттік органдар өз функцияларын іске асыру кезінде «мүдделер қайшылығын» болдырмауға, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жүйесін жақсартуға бағытталған мемлекеттік басқару мен жоспарлау жүйесін жетілдіру Министрлік қызметінің екінші стратегиялық бағыты болып белгіленді.
3. Мемлекеттік орган қызметінің стратегиялық бағыттары,
мақсаттары, міндеттері мен көрсеткіштері
| Атауы | Өлшем бірлігі | Есепті кезең | Жоспарлы кезең |
| 2008 жыл | 2009 жыл | 2010 жыл | 2011 жыл | 2012 жыл | 2013 жыл | 2014 жыл |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 1-стратегиялық бағыт. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жаңғырту |
| 1-мақсат. Экономиканың сапалы және тұрақты өсуін қамтамасыз ету |
| Нысаналы индикаторлар ЖІӨ-нің өсуі 2010 жылы - 1,5-2,0 %; 2011 - 2014 жылдары 2,5-3,9 %; |
| Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 2010 жылы - өткен жылға қарағанда 102,9%; 2011 жылы - өткен жылға қарағаңда 103,0 %; 2012 жылы - өткен жылға қарағанда 103,5 %; 2013 жылы - өткен жылға қарағанда 103,8 %; 2014 жылы - өткен жылға қарағанда 104,7 %; |
| ЖІӨ-ге қатысты мемлекеттік тапшылықтың мөлшері 2010 жылы - 4,1 %, 2011 жылы - 3,8 %; 2012 жылы - 3,5 %; 2013 жылы - 3,0 %; 2014 жылы-2,5%; |
| ЖІӨ-ге қатысты үкіметтік борыштың мөлшер 2010 жылы - 13,6 %; 2011 жылы - 16,1 %; 2012 жылы - 18,3 %; 2013 жылы - 19,8 %; 2014 жылы - 21,0%; |
| Салық салу дәрежесі мен әсері (экономиканың мұнай емес секторына салықтық жүктемені 2013 жылы ЖІӨ-ге кемінде 0,5 %-ға, 2014 жылы - 0,5 %-ға төмендету); |
| Жалпы салық ставкасы (корпорациялық табыс салығы бойынша ставканы 2013 жылы 20 %-дан 17,5 %-ға дейін, 2014 жылы 17,5 %-дан 15 %-га дейін азайту); |
| 2010 - 2014 жылдары елдің егеменді кредиттік рейтингтерін инвестициялық класс деңгейінде сақтау |
| 1-міндет. Макроэкономикалық талдау және болжамдау сапасын арттыру |
| 1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 5 жылға арналған болжамын әзірлеу | ҚРҰ отырысының хаттамасы | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
| 2) Елде және әлемде болып жатқан экономикалық процестерге, соның ішінде оn-Line режимінде жедел мониторинг жүргізу. | ҚРҰ-ге есеп | 12 | 12 | 12 | 12 | 12 | 12 | 12 |
| 3) Әлемдік және отандық экономика дамуының ағымдағы үрдістерін талдау | ҚР ПӘ-ге есеп | 4 | 4 | 4 | 4 | 4 | 4 | 4 |
| 2-міндет. Салықтық бюджет саясатын жетілдіру |
| 1) Елдегі және әлемдегі экономикалық ахуалға сәйкес елдің бюджеттік өлшемдерін жедел түзетуді қамтамасыз ету | Нақтылау саны | 2 | 2 | 2 | 1 | 1 | 1 | 1 |
| 2) Салық заңнамасын жетілдіру | Заң жобасы | 6 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
| 3) Кеден заңнамасын жетілдіру | Заң жобасы | 1 | | | 1 | | | |
| 3-міндет. Үдемелі индустриялық-инновациялық дамуды қамтамасыз ету |
| 1) Серпінді индустриялық-инновациялық дамудың 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу | Жарлық жобасы | | | 1 | | | | |
| 2) Қазақстанды индустрияландырудың 2010 - 2014 жылдарға арналған картасын және 2015 жылға дейін өндірістік қуаттарды ұтымды орналастырудың схемасын әзірлеу | ҚРҰ қаулысының жобасы | | | 1 | | | | |
| 3) Қазақстанды индустрияландырудың 2010 - 2014 жылдарға арналған картасы шеңберіндегі инвестициялық жобалардың тізбесін өзекті ету | Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия ның хаттамасы | | | | 1 | 1 | 1 | 1 |
| 4) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жүйесін жетілдіру және оның жұмыс істеу тәсілдерін тұжырымдау | Жарлық жобасы | | | 1 | | | | |
| 4-міндет. Қазақстанның бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру жөніндегі шараларды іске асыруды қамтамасыз ету |
| 1) Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі аспектілерін жақсарту жөніндегі қызметті мониторингтеу және талдау | ҚРҰ-ге есеп | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
| 2) Халықаралық рейтингтік агенттіктермен жұмыс жөніндегі әзірленген және бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес ақпаратты уақтылы беру | ҚРҰ-ге есеп | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
| 3) Егеменді рейтингтер бойынша Қазақстан Республикасының позициясын кейіннен жақсартуға арналған халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимылды жақсарту үшін консалтингтік компаниялардың қызметтерін тарту | Консалтинг компаниялармен шарт | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
| 2-мақсат. Қолайлы іскер орта қалыптастыру |
| Нысаналы индикаторлар |
| Лицензияланатын қызмет түрлерін және кіші түрлерін 2010 жылда 30 %-ға, ал 2013 жылға қарай 10 %-ға қысқарту; |
| Еліміздің ЖІӨ-де шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесі 2010 жылы - 31,3 %, 2011 жылы - 31,5 %, 2012 жылы - 33,0 %, 2013 жылы - 34,0 %, 2014 жылы - 35,0 %; |
| Шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны 2010 жылы 638,5 мың бірлік, 2011 жылы - 641,7 мың бірлік, 2012 жылы - 645,2 мың бірлік, 2013 жылы 648,7 мың бірлік, 2014 жылы - 652,3 мың бірлік; |
| Белсенді микрокредиттік ұйымдар саны 2010 жылы — 615 бірлік, 2011 жылы - 625 бірлік, 2012 жылы - 635 бірлік, 2013 жылы - 645 бірлік, 2014 жылы - 655 бірлік; |
| Мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың, оның ішінде мемлекеттік холдингтер қызметінің тиімділігін корпоративтік басқару қағидаттарын енгізу арқылы мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың жалпы санының 2010 жылы - 70 %-н да, 2011 жылы - 72%-н да, 2012 жылы - 75 %-н да, 2013 жылы - 77 %-н да, 2014 жылы - 80 %-н да арттыру |
| 1-міндет. Жеке кәсіпкерлікті дамыту |
| 1) Қазақстан Республикасының рұқсат беру жүйесін жетілдіру саласындағы заңнамасын оңтайландыру | Заң жобасы | | | 1 | | | | |
| 2) Мемлекеттік органдарда лицензиялар беру жөніндегі стандарттар мен регламенттерді енгізу | % | | | 50 | 100 | | | |
| 3) Қазақстанның «Doing Business» Дүниежүзілік Банк рейтингіндегі позициясын жақсарту шеңберінде нормативтік құқықтық актілерді түзету жөніндегі Жоспар-кестесін өзекті ету | ҚРҰ-ге ұсыныс | | | 1 | | | | |
| 4) Бизнес ортаны жақсарту және Қазақстанның «Doing Business» рейтингіндегі ұстанымын арттыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру | ҚРҰ-ге есеп | | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
| 5) Жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру | Заң жобасы | | 1 | 1 | | | | |
| 6) Жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді жоспарлау мақсатымен тәуекелдерді бағалау жүйесін енгізу | % | | | 100 | | | | |
| 7) Тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін айқындау жөнінде нұсқаулық әзірлеу | Бұйрық жобасы | | | 1 | | | | |
| 8) Шағын және орта бизнестің мүдделеріне негізсіз қысым жасайтын, сондай-ақ ескірген және бәсекелестікке қарсы ережелерді алып тастау мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектілеріне талаптар белгілейтін заңнамалық базаны тексеруді өткізу бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру | % | | | 100 | | | | |
| 9) Бақылау-қадағалау функциялары берілген мемлекеттік органдардың қызметіне шағын және орта бизнеске реттеуші әсер етуді талдауды енгізу | Бұйрық жобасы | | | 1 | | | | |
| 10) Шағын қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін заңнаманы жетілдіру | Заң жобасы | | 1 | | | | | |
| 2-міндет. Экономиканың мемлекеттік секторының тиімділігін арттыру |
| 1) Мемлекеттік активтерді басқару жүйесін жетілдіру | Заң жобасы | | 2 | | | | | |
| ҚРҰ қаулысының жобасы | 5 | 4 | 3 | 4 | 5 | 5 | 5 |
| Бұйрық жобасы | 4 | 1 | 2 | 1 | | | |
| 2) Ұлттық басқару холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен жоспарларын әзірлеу, бекіту және бағалау тәртібін айқындау | ҚРҰ қаулысының жобасы | | | 1 | | | | |
| 3) Мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет қатысатын ұйымдар, оның ішінде мемлекеттік холдингтер қызметінің тиімділігін бағалау | ҚРҰ-ге ақпарат | | | | 1 | 1 | 1 | 1 |
| 4) Ұлттық басқару холдингтерінің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларын келісу | Қорытындылар | | | 28 | | | | |
| 5) Ұлттық басқару холдингтерінің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларының іске асырылуын бағалау | ҚРҰ-ге қорытындылар | | | | 1 | 1 | 1 | 1 |
| 2-стратегиялық бағыт. Мемлекеттік басқару және жоспарлау жүйесін жетілдіру |
| 1-мақсат. Мемлекеттік жоспарлау жүйесін реформалау |
| Нысаналы индикаторлар Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды оңтайландыру 2010 жылы - 100 %; |
| 2010 жылы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын бағалау институтын қалыптастыру - 100 %; |
| 2012 жылы нәтижеге бағдарланған бюджеттендіруді енгізу тәжірибесін есепке ала отырып құқықтық және әдіснамалық базамен қамтамасыз ету - 100 %; |
| 2010 нәтижеге бағдарланған жоспарлау жүйесіне кезең-кезеңімен өту, 2010 жылы - 14 облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, оның ішінде, облыстық маңызы бар қалалар - 39, аудандар - 161 |
| 1-міндет. Мемлекеттік жоспарлау жүйесін іске асыруды қамтамасыз ету |
| 1) Бюджеттік заңнамаларды жетілдіру | Заң жобасы | 1 | 1 | | | | | |
| 2) Бюджет кодексін іске асыруда үшін заңға тәуелді нормативтік құөықтық актілер әзірлеу | Жарлық жобасы | | 4 | | | | | |
| ҚРҰ қаулысының жобасы | | 11 | 2 | | 1 | | |
| Бұйрық жобасы | 4 | 6 | 1 | | | | |
| 3) Мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу | Жарлық жобасы | | 1 | | | | | |
| 4) Салалық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту, мониторингілеу ережесін әзірлеу | ҚРҰ қаулысының жобасы | | | 1 | | | | |
| 5) Тұжырымдаманы (доктринаны) әзірлеу ережесін әзірлеу | ҚРҰ қаулысының жобасы | | | 1 | | | | |
| 6) Мемлекеттік бағдарламалардың тізібесін әзірлеу | Жарлық жобасы | | | 1 | | | | |
| 7) Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елдің аумақтық-кеңістік даму болжамының схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, бекіту, іске асыру, мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау ережелерін әзірлеу | Жарлық жобасы | | | 1 | | | | |
| 8) Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының Стратегиялық жоспарының жобасын әзірлеу | Жарлық жобасы | | 1 | | | | | |
| 9) Елдің 2020 жылға дейінгі аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын әзірлеу | Жарлық жобасы | | | 1 | | | | |
| 10) Қолданыстағы стратегияларға, тұжырымдамаларға, доктриналарға, мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік бағдарламаларға тексеру жүргізу нәтижелері бойынша қорытындылар әзірлеу және оларды орталық және жергілікті атқарушы органдарға жіберу | Мемлекеттік органдарға қорытындылар | | | 38 | | | | |
| 11) Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесіне, оның ішінде, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының Стратегиялық жоспарына сәйкес келтіру | % | | | 100 | | | | |
| 12) Аумақтардың даму бағдарламаларының жобаларын келісу | Қорытындылар | | | 16 | | | | |
| 13) Мемлекеттік бағдарламаларды бағалау | ҚРҰ-ге қорытындылар | | | | | | 1 | |
| 14) Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму бағдарламасын бағалау | ҚРҰ-ге қорытындылар | | | | | | 1 | |
| 15) Орталық атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларын бағалау | ҚРҰ-ге, дайындаушы - мемлекеттік органға есеп | | | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
| 16) Стратегиялық құжаттардың мониторингі | ҚРҰ-ге қорытындылар | | | | 1 | 1 | 1 | 1 |
| 17) Бағдарламалық құжаттардың мониторингі | ҚРҰ-ге қорытындылар | | | | 1 | 2 | 2 | 2 |
| 18) Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамдық схемасының мониторингі | ҚРҰ-ге қорытындылар | | | | 1 | 1 | 1 | 1 |
| 19) Республикалық бюджетті әзірлеуге қатысушы министрліктер мен мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарын үш жылдық бюджеттік жоспарлауға өтуге бейімдеу | Ақпараттық жүйе | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | | |
| 20) Үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджетті әзірлеу | Заң жобасы | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
| 21) «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері арасындағы үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы» заңның жобасын әзірлеу | Заң жобасы | | | 1 | | | 1 | |
| 22) Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық (селолық) округтердің, кенттер мен ауылдардың (селолардың) бюджеттерін жасау бойынша ұсыныстар әзірлеу | ҚРҰ-ге ұсыныстар | | | | 1 | | | |
| 2-мақсат. Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру |
| Нысаналы индикаторлар Мемлекеттік қызметтердің тізіліміне енгізу: 2010 жылы - жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер - 60 %; |
| 2011 жылы - жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер - 100 %; |
| 1-міндет. Мемлекеттік қызмет көрсетулерді тәртіпке келтіру |
| 1) Мемлекеттік қызмет көрсету тізілімін кеңейту | ҚРҰ қаулысының жобасы | | 1 | 1 | 1 | | | |
| 2) Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің жай-күйін зерттеу және жай-күйін бағалау әдістемесін әзірлеу | ҚРҰ-ге ұсыныстар | | 1 | | | | | |
| 2-міндет. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру |
| 1) Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу | ҚРҰ-ге ұсыныстар | | | 1 | | 1 | | 1 |
| 2) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының қолданыстағы жүйесінің тиімділігін талдау және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу | ҚРҰ-ге ұсыныстар | | | | | | | 1 |