Банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларының есеп беру ережесін бекіту туралы (2008.28.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 3 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметітуралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса берілген Банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларының есеп беру ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және оның қолданылуы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таралады. 4.Стратегия және талдау департаменті (Г.А. Ділімбетова): 1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, ашық жинақтаушы зейнетақы қорларына, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы», «Активтерді басқарушылар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестіктеріне мәлімет үшін жіберсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|