Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және айналымы декларацияларын тапсыру ережесін бекіту туралы
ҚР Қаржы министрінің 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 439 бұйрығымен күші жойылды
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңның 4-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және айналымы декларацияларын тапсыру ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуді және келесі бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін. 3. «Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және айналымы декларацияларын тапсыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 363 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 28 маусымда № 4768 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған 2007 жылғы, сәуір-маусым), «Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және айналымы декларацияларын тапсыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2007 жылғы 31 мамырдағы № 363 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 1 желтоқсандағы № 596 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 29 желтоқсанда № 5436 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілерінің № 1 жинағында жарияланған 2009 жылғы) күші жойылды деп танылсын. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|