ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 685 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1096 қаулысымен бекітілген
Кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтау үшін ұсынылатын құжаттарды беруді тіркеу
1. Осы Қағида (бұдан әрі - Қағида) 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі — Кодекс) 329-бабына сәйкес әзірленген және кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтау үшін тасымалдаушының межелі кеден органына құжаттарды беруін тіркеу тәртібін айқындайды. 2. Қағидада Кодекспен белгіленген мына терминдер пайдаланады: 1) тасымалдаушы - тауарларды және (немесе) жолаушыларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тасымалдауды және (немесе) кеден одағының кедендік аумағы шегінде кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын немесе көлік құралдарын пайдаланғаны үшін жауапты болып табылатын тұлға; 2) транзиттік декларация - кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды өткізген кезде қолданылатын, кедендік декларацияның бір түрі болып табылады. Кедендік декларация ретінде көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де, соның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалған, Кодекстің 280-бабының 3-тармағында көрсетілген мәліметтері бар құжаттар ұсынылуы мүмкін. 3. Тасымалдаушы транзиттік декларацияны, сондай-ақ кедендік транзит кедендік рәсімінің аяқталуын ресімдеу кезінде құжаттарды беруді тіркеу үшін межелі кеден органына өзінде бар өзге де құжаттарды ұсынады. 4. Межелі кеден органының лауазымды адамы тасымалдаушы құжаттарды ұсынған сәттен бастап бір сағат ішінде осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша келу туралы хабарламаны тіркеу журналына құжаттарды тіркейді. 5. Кеден органының уәкілетті лауазымды адамы құжаттарды тіркегеннен кейін тасымалдаушыға мұндай тіркеу туралы жазбаша растама береді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|