Спорт түрлерінен жарыстардың ережесін бекіту туралы
ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 446 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 23-бабының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Спорт түрлерінен жарыстардың ережесі бекітілсін. 2. Әкімшілік жұмыс департаменті (Ә.Х. Пірметов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын және мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының туризм және спорт вице-министрі Т. Ермегияевке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 18 қазандағы № 01-01-07/146 бұйрығымен бекітілген
Спорт түрлерінен жарыстардың ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Спорт түрлерінен жарыстардың ережесі (бұдан әрі - Спорт түрлерінің ережесі) Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 23-бабының 23) тармақшасына сәйкес әзірленген және спорт түрлерінен жарыстардың ережелерін (бұдан әрі - жарыс ережелері) әзірлеу мен бекітудің тәртібіне қойылатын негізгі талаптарды айқындайды. 2. Спорт түрлерінің ережесінде мынадай ұғымдар қолданылады: 1) спорттық жарыс дегеніміз - жарыстың ең үздік қатысушысын анықтау мақсатында әртүрлі спорт түрлерінен спортшылар немесе командалар арасында өткізілетін сайыс; 2) спорттық пән дегеніміз - жарыстар өткізілетін қандай да бір спорт түрінің жеке жаттығуы немесе жекелеген жаттығулар кешені; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|