«Нұрлы көш» бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушыларға тұрғын үй сату ережесін бекіту туралы (2010.03.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 28 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2009.29.12. № 2217 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара) 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1126 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Нұрлы көш» бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушыларға тұрғын үй сату ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 8 мамырдағы № 674 қаулысымен бекітілген
«Нұрлы көш» бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушыларға тұрғын үй сату ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Нұрлы кеш» бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушыларға тұрғын үй сату ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 383 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1126 қаулысымен бекітілген 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы кеш» бағдарламасын іске асыру мақсатында әзірленді және «Нұрлы көш» бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушыларға тұрғын үй сату тәртібін айқындайды. ҚР Үкіметінің 2009.29.12. № 2217 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.28.04. № 359 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 703 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) тұрғын үй комиссиясы - тұрғын үй алуға үміткер, «Нұрлы көш» бағдарламасына қатысушылардың тізімін қалыптастыру үшін облыстың (облыстық маңызы бар қаланың, ауданның) жергілікті атқарушы органының шешімімен құрылатын комиссия; 2) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - көші-қон жөніндегі уәкілетті орган); 3) облыстың уәкілетті органы - өңірлік деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін облыстың жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі - облыстың уәкілетті органы); 4) қаланың, ауданның уәкілетті органы - өңірлік деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін қаланың, ауданның жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі - қаланың, ауданның уәкілетті органы); 5) Ақмола облысы Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы, Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Көктау ауылындағы, Шығыс Қазақстан облысының Курчатов және Өскемен қалаларындағы, Қостанай облысы Қостанай ауданының Заречный кентіндегі, Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық ауылындағы, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылындағы «Нұрлы көш» бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушылар (бұдан әрі - Бағдарламаға қатысушылар) - оралмандар не Қазақстан Республикасының азаматтығын алған және соңғы үш жылда республика аумағында тұратын көшіп келушілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығын алған немесе ресімдеп жүрген, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданында меншік немесе жер пайдалану құқығындағы жер учаскелері бар көшіп келушілер; 6) 2009 жылғы пилоттық жобалар - «Сарыарқа», «Ертіс» және «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларына (бұдан әрі - ӘКК) республикалық бюджеттен қайтарымды негізде бөлінген қаражаттың есебінен Ақмола облысы Көкшетау қаласының Красный Яр ауылында, Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласында тұрғын үй салу және қайта жаңарту, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданында тұрғын үй мен жылыжай салу; 6-1) 2010 жылғы пилоттық жобалар - жергілікті атқарушы орган қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлген қаражат Ақтөбе облысы, Хромтау ауданының Көктау ауылында, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында, Қостанай облысы Қостанай ауданының Заречный кентінде, Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық ауылында, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылында тұрғын үй салу, сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданында тұрғын үй сатып алу; 7) оператор компания - әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация 100 % қатысатын оның еншілес ұйымы. 7-1) бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі; 7-2) бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы - Бағдарламаны осы әкімшілік-аумақтық бірліктерде іске асыруды жүзеге асыратын облыстың (облыстық маңызы бар қаланың, ауданның) жергілікті атқарушы органдары.
2. Тұрғын үй алуға үміткер Бағдарламаға қатысушылардың тізімін қалыптастыру тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.28.04. № 359 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. «Нұрлы кеш» бағдарламасына қатысушыларға тұрғын үй сату үшін тұрғын үй комиссиясы құрылады. Тұрғын үй комиссиясының құрамына мәслихат депутаттары, көші-қон жөніндегі және облыстың (облыстық маңызы бар қаланың, ауданның) уәкілетті органдарының, өзге де мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. Тұрғын үй комиссиясының құрамын және ол туралы ережені облыстың жергілікті атқарушы органы бекітеді. ҚР Үкіметінің 2009.29.12. № 2217 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.28.04. № 359 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 703 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді 4. Ақмола облысы Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы, Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Көктау ауылындағы, Шығыс Қазақстан облысының Курчатов және Өскемен қалаларындағы, Қостанай облысы Қостанай ауданының Заречный кентіндегі, Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық ауылындағы, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылындағы Бағдарламаға қатысушылар көші-қон жөніндегі уәкілетті органға осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініштерді және мынадай құжаттарды: 1) азаматтығы жоқ тұлға куәлігінің не жеке басын куәландыратын құжаттарының, неке туралы куәліктің, баланың туу туралы куәлігінің, білімі туралы дипломдардың және мамандығының болуын растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін; 2) оралман куәлігі болған жағдайда, оның нотариалды куәландырылған көшірмесін; 3) Халықты тіркеу кітабының нотариалды куәландырылған көшірмесін немесе Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты орны бойынша тіркелгенін растайтын анықтаманы ұсынады. ҚР Үкіметінің 2009.29.12. № 2217 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.28.04. № 359 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді 5. Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданындағы Бағдарламаға қатысушылар көші-қон жөніндегі уәкілетті органға осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтінішті және мынадай құжаттарды: 1) жеке басын куәландыратын құжаттардың, неке туралы куәліктің, баланың туу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелерін; 2) Халықты тіркеу кітабының нотариалды куәландырылған көшірмесін немесе Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты орны бойынша тіркелгенін растайтын анықтаманы; 3) Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданындағы жер учаскесіне мемлекеттік актінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады. ҚР Үкіметінің 2009.29.12. № 2217 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.28.04. № 359 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Облыстың (облыстық маңызы бар қаланың, ауданның) уәкілетті органдары көші-қон жөніндегі уәкілетті органдар ұсынған Бағдарламаға қатысуға үміткерлердің тізімдері мен құжаттары, әрбір елді мекен бойынша қажет мамандықтардың тізімдері негізінде тұрғын үйге үміткерлер тізімін қалыптастырады және тұрғын үй комиссиясына қарауға ұсынады. ҚР Үкіметінің 2009.29.12. № 2217 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.28.04. № 359 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді 7. Тұрғын үй комиссиясы облыстың (облыстық маңызы бар қаланың, ауданның) уәкілетті органы ұсынған Бағдарламаға қатысуға үміткерлердің ішінен, олардың жұмыспен қамтылуы және отбасының табысын, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың кепілгерлік ету мүмкіндіктерін ескере отырып: Бағдарламаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен көзделген қаражатты ескере отырып, тұрғын үй алуға Бағдарламаға қатысушылардың тізімін; тұрғын үй алу үшін үміткерлердің резервтік тізімін жасайды.
3. Бағдарламаға қатысушыларға тұрғын үй сату тәртібі
ҚР Үкіметінің 2009.29.12. № 2217 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.28.04. № 359 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді 8. 2009 жылғы пилоттық жобалар бағдарламасына қатысушыларға тұрғын үй сату Облыстың жергілікті атқарушы органдары, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Банк) арасындағы Ынтымақтастық туралы үш жақты келісімнің (бұдан әрі - Келісім) негізінде жүзеге асырылады, ол тараптардың құқықтары мен міндеттерін пилоттық жобаның іске асырылуы шеңберінде регламенттейді. ҚР Үкіметінің 2009.29.12. № 2217 Қаулысымен 8-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2010.28.04. № 359 Қаулысымен 8-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 8-1. 2010 жылғы пилоттық жобалар бағдарламасына қатысушыларға тұрғын үй сату үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторларына: Бағдарламаға қатысушыларға кредиттік шартқа сәйкес тұрғын үй салуға және сатып алуға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген сыйақы ставкасы бойынша кредит; ішкі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға бюджет қаражатын береді. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы (Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданын қоспағанда): Банкпен Ынтымақтастық туралы екі жақты келісім жасасады, онда тараптардың пилоттық жобаны іске асыру шеңберіндегі құқықтары мен міндеттері регламенттеледі; құрылыс салушы компаниялар арасында тұрғын үй салуға конкурс өткізеді, құрылыс салушы компанияны айқындайды және Тұрғын үй салуға екі жақты келісім жасасады. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы 2010 жылы: Бағдарламаға қатысушымен Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданындағы тұрғын үйді жер учаскесімен бірге сатып алуға екі жақты шарт жасасады; Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданында тұрғын үй салу үшін құрылыс салушы компаниялардың арасында конкурс өткізеді. ҚР Үкіметінің 2009.29.12. № 2217 Қаулысымен 8-2-тармақпен толықтырылды 8-2. Сыртқы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2010.28.04. № 359 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 9. Облыстың (облыстық маңызы бар қаланың, ауданның) уәкілетті органы бұқаралық ақпарат құралдарында құжаттарды қабылдау орнын, құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу күндерін көрсете отырып, Бағдарламаға қатысушыларға тұрғын үй сату кезеңінің басталғаны туралы хабарлайды.
ҚР Үкіметінің 2009.29.12. № 2217 Қаулысымен бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 703 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара) Ақмола облысы Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы, Қарабұлақ ауылындағы, Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Көктау ауылындағы, Шығыс Қазақстан облысының Курчатов және Өскемен қалаларындағы, Қостанай облысы Қостанай ауданының Заречный кентіндегі, Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық ауылындағы, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылындағы Бағдарламаға қатысушыларға тұрғын үй сату тәртібі
ҚР Үкіметінің 2009.29.12. № 2217 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10. Тұрғын үй комиссиясы ай сайын, келесі айдың 5-күнінен кешіктірмей Бағдарламаға қатысушылардың тізімін: 2009 жылы - Банк пен ӘКК-ге; 2010 жылы - Банк пен бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторына бір мезгілде жібереді. ҚР Үкіметінің 2009.29.12. № 2217 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.28.04. № 359 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 11-тармақ өзгертілді 11. 2009 жылы ӘКК, ал 2010 жылы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы тізімді алған күнінен бастап он жұмыс күнінің ішінде Бағдарламаға қатысушының әрқайсысымен міндеттеме-шарт жасасады, онда Бағдарламаға қатысушының мынадай міндеттемелері көзделеді: 1) Банкпен тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт жасасу: тұрғын үй қарызын алу және тұрғын үйді кепіл ретінде беру мақсатында тұрғын үйді салу (қайта жаңарту) аяқталғаннан кейін тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарттың талаптарына сәйкес 5,5 жылдан асырмай Банктегі шотта жинақтауды жүзеге асыру туралы; 2) тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шартта көзделген жинақтау шарттарын ол бұзған жағдайда құқықтары мен міндеттемелерін Бағдарламаның басқа қатысушысына беру. ҚР Үкіметінің 2009.29.12. № 2217 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.28.04. № 359 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 12. ӘКК немесе бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы тұрғын үй құрылысы аяқталғаннан және тұрғын үй пайдалануға берілгеннен кейін немесе сатып алынғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей тұрғын үйдің құны туралы ақпаратты және тұрғын үй құрылыс жинақтарын жинақтау жөнінде міндеттеме-шарт жасасқан Бағдарламаға қатысушылардың тізімін Банкке жібереді. ҚР Үкіметінің 2009.29.12. № 2217 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 13. Банк осы Ереженің 12-тармағында көзделген ақпаратты ӘКК немесе бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы алған сәттен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт (бұдан әрі - Шарт) жасасады. ҚР Үкіметінің 2009.29.12. № 2217 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.28.04. № 359 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 14-тармақ өзгертілді 14. Банк тоқсан сайын, жинақтау басталған күнінен бастап есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде ӘКК-ге немесе бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторына және облыстың (облыстық маңызы бар қаланың, ауданның) уәкілетті органына Бағдарламаға қатысушылардың Шарт бойынша жинақтау шарттарын орындауы туралы ақпарат жібереді. ҚР Үкіметінің 2009.29.12. № 2217 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.28.04. № 359 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 15-тармақ өзгертілді 15. Тұрғын үй комиссиясы облыстың (облыстық маңызы бар қаланың, ауданның) уәкілетті органы берген қаражат жинақтаудың қатарынан екі немесе одан да көп бұзылуы туралы ақпараттың негізінде бір ай ішінде резервтік тізімге енгізілген адамдарға тұрғын үйді сату туралы шешім қабылдайды және жаңартылған тізімді Банк пен бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторына бір мезгілде жібереді. ҚР Үкіметінің 2009.29.12. № 2217 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 16. ӘКК немесе бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы жаңартылған тізімнің негізінде тізімнен алып тасталған Бағдарламаға қатысушылармен міндеттеме-шарттарды бұзуды жүзеге асырады, Бағдарламаға жаңадан қатысушылармен міндеттеме-шарттар жасасады және жаңартылған тізімді алған сәттен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей оны Банкке жібереді. 17. Банк жаңартылған тізімді алған сәттен бастап он бес жұмыс күні ішінде тізімнен алып тасталған Бағдарламаға қатысушылармен Шарт бойынша құқықтары мен міндеттемелерін жаңа қатысушыға беру не Банк шотындағы ақша қалдығына тең сомадағы соманы қайтара отырып, «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына сәйкес Шартты бұзу рәсімін жүргізеді. ҚР Үкіметінің 2009.29.12. № 2217 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.28.04. № 359 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 18-тармақ өзгертілді 18. Банк жинақтау мерзімі аяқталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей облыстың (облыстық маңызы бар қаланың, ауданның) уәкілетті органы мен ӘКК-ге немесе бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы тұрғын үй қарызын алу үшін Шарттың талаптарын орындаған Бағдарламаға қатысушылар туралы ақпарат ұсынады. ҚР Үкіметінің 2009.29.12. № 2217 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.28.04. № 359 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 19-тармақ өзгертілді 19. ӘКК немесе бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы алынған ақпараттың негізінде Бағдарламаға қатысушымен салынған (қайта жаңартылған) немесе сатып алынған тұрғын үйге сатып алу-сату шартын ресімдейді. 20. Бағдарламаға қатысушы Банкке қарыз алу үшін қажетті құжаттарды ұсынады. ҚР Үкіметінің 2009.29.12. № 2217 Қаулысымен 21-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.28.04. № 359 Қаулысымен 21-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 21. Банк Бағдарламаға қатысушымен кепілді қамтамасыз етуді ресімдеген және жылдық 4,5 %-бен банктік қарыз шартын жасасқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тұрғын үйдің құнына тең мөлшердегі қаражатты ӘКК немесе бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторының шотына аударады. ҚР Үкіметінің 2009.29.12. № 2217 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.28.04. № 359 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 22-тармақ өзгертілді 22. Егер тұрғын үйді салуды (қайта жаңартуды) аяқтау мерзімі Шарт бойынша жинақтау мерзімі аяқталған күннен бұрын басталған жағдайда ӘКК немесе бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы тұрғызылған (қайта жаңартылған) немесе сатып алынған тұрғын үйді кейіннен жинақтау мерзімінің аяқталуына қарай Банктің кредит қаражаты есебінен сатып алу құқығымен жалға беру шартымен Бағдарламаға қатысушыларға береді. Тұрғын үйді жалдау құны ӘКК немесе бюджеттік бағдарламалардың операторы мен Бағдарламаға қатысушы арасындағы келісім бойынша айқындалады, ол Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлік пен жер учаскесінен алынатын салықтық алымдардың жылдық сомасынан аспауға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2009.29.12. № 2217 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара) 2009 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданындағы Бағдарламаға қатысушыларға тұрғын үй сату тәртібі
23. ӘКК Бағдарламаға қатысушы үшін қарыз беру жөніндегі және Бағдарламаға қатысушыға берілген қарыз қаражатының нысаналы пайдаланылуын және құрылысты бақылау міндеттерін оған жүктей отырып, оператор компанияны айқындайды, сондай-ақ қарыздар беру үшін оператор компанияға ақшалай қаражат бөледі. 24. ӘКК оператор компания мен Бағдарламаға қатысушылар арасында тұрғын үй мен жылыжай құрылысына ақшалай қаражат беру туралы қарыз шарттарының жасалуын қамтамасыз етеді. Тұрғын үйдің белгіленген алаңынан тыс құрылысы Бағдарламаға қатысушының меншікті қаражаты есебінен қаржыландырылады. ҚР Үкіметінің 2010.28.04. № 359 Қаулысымен 25-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 25. Облыстың уәкілетті органы берген тізімнің негізінде оператор-компания он жұмыс күні ішінде әрбір Бағдарламаға қатысушымен тұрғын үй және жылыжай құрылысына қарыз шартын жасасады, онда Бағдарламаға қатысушының Банкпен: тұрғын үй қарызын алу және тұрғын үйді кепіл ретінде беру мақсатында тұрғын үй мен жылыжай салу аяқталғаннан кейін тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарттың талаптарына сәйкес 5,5 жылдан асырмай Банктегі шотта жинақтауды жүзеге асыру туралы шарт жасасу жөніндегі міндеттемелерін көздейді. 26. Бағдарламаға қатысушы оператор компаниямен қарыз шартын жасасады және жер учаскесіне кепілді қамтамасыз етуді ресімдейді. 27. Бағдарламаға қатысушы оператор компаниямен және құрылыс салушымен тұрғын үй мен жылыжай құрылысына шарт жасасады. Құрылыс салушыны Бағдарламаға қатысушы айқындайды. 28. Оператор компания тұрғын үй мен жылыжай құрылысын салу шартының негізінде Бағдарламаға қатысушыға берілген қарыз сомасын құрылыс салушының шотына аударуды қамтамасыз етеді. 29. Бағдарламаға қатысушы құрылыс аяқталғаннан кейін тұрғын үйге және жылыжайға меншік құқығын тіркейді, қарыз шарты бойынша өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін тұрғын үй мен жылыжайды оператор-компанияға кепілге береді. 30. ӘКК тұрғын үй мен жылыжай құрылысы аяқталғаннан кейін тұрғын үй мен жылыжайдың сметалық құны туралы ақпаратты, Бағдарламаға қатысушылардың тізімін он жұмыс күнінен кешіктірмей Банкке жібереді. 31. Банк ӘКК-ден осы Ереженің 30-тармағында көзделген ақпаратты алған сәттен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей Шарт жасасады. 32. Банк тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде ӘКК мен облыстың уәкілетті органына Келісімге сәйкес Бағдарламаға қатысушылардың шарт бойынша жинақ талаптарын орындағаны туралы ақпарат жібереді. 33. Қаражат жинақтау жөніндегі талаптар бұзылған жағдайда оператор компания қарыз шартын бұзу және тұрғын үй комиссиясы ұсынатын резервтік тізімдегі Бағдарламаға қатысушылармен жаңа қарыз шартын жасау жөнінде шаралар қабылдайды. ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 703 Қаулысымен 34-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 34. Банк жаңартылған тізімді алған сәттен бастап он бес жұмыс күні ішінде тізімнен алып тасталған Бағдарламаға қатысушылармен Банк шотындағы ақша қалдығына тең сомадағы соманы қайтара отырып, «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына сәйкес жаңа Бағдарламаға қатысушыға Шарт бойынша құқықтары мен міндеттемелерін беру, не Шартты бұзу рәсімін жүргізеді. 35. Банк жинақтау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде облыстың уәкілетті органы мен ӘКК-ге тұрғын үй қарызын алуға арналған шарт талаптарын орындаған Бағдарламаға қатысушылар туралы ақпарат ұсынады. 36. Бағдарламаға қатысушы Банкке тұрғын үй қарызын алу үшін қажетті құжаттарды ұсынады. ҚР Үкіметінің 2009.29.12. № 2217 Қаулысымен 37-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 703 Қаулысымен 37-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 37. ӘКК Банк беретін тұрғын үй қарызын қайтару бойынша Бағдарламаға қатысушылардың міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін тұрғын үйді Банкке кепілге беру сәтіне оператор компанияның ауыртпалықты алып тастауын қамтамасыз етеді. Банк жылжымайтын мүлік кепіліне тіркелген шартты алғаннан және Банктің ішкі нормативтік құжаттарымен тұрғын үй қарызын алу үшін көзделген талаптарды Бағдарламаға қатысушылар орындағаннан кейін тұрғын үй құнына тең мөлшерде оператор компанияның шотына аударады.
ҚР Үкіметінің 2009.29.12. № 2217 Қаулысымен бөліммен толықтырылды 2010 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданындағы Бағдарламаға қатысушыларға тұрғын үй сату тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.28.04. № 359 Қаулысымен 38-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) |