Мемлекеттік, тіркелетін танылым белгілері мен қосымша белгілерді азаматтық және эксперименттік (2023.13.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 49-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік, тіркелетін танылым белгілері мен қосымша белгілерді азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне салу ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 26 қазандағы № 477 бұйрығымен бекітілді
Азаматтық және экспериментальды әуе кемелеріне мемлекеттік, тіркеу танулық және қосымша белгілер енгізу ережесі
1 - тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Азаматтық және экспериментальды әуе кемелеріне мемлекеттік, тіркеу танулық және қосымша белгілер енгізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 49-бабының 3-тармағына және «Әуе кемелерінің ұлттық және тіркеу белгілері» халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияға 7 қосымшаның талаптарына сәйкес әзірленді (Чикаго, 1944 жыл). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|