|
|
|
Қазақстан Республикасының
1-бап. «Сот приставтары туралы» 1997 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 201-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Сот приставтарының бөлімшелерін Жоғарғы Сотта және облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелерде (бұдан әрі - аумақтық бөлімшелер) (соттардың кеңселерінде) Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) құрады.»; 2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Жоғарғы Сотта және аумақтық бөлімшелерде сот приставтарының қызметіне ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылықты уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.»; 3-тармақ алып тасталсын; 4-тармақта: бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «4. Аумақтық бөлімшелерде сот приставтарын тиісті аумақтық бөлімшелердің басшылары қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.»; екінші бөліктегі «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы» деген сөздер «уәкілетті органның басшысы» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақтағы «тиісінше», «және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы» деген сөздер алып тасталсын; 5-тармақтың бірінші бөлігінде: «аумақтық бөлімнің басшысына хабарлауға міндетті, аумақтық бөлім басшысы осындай жағдайлар жөнінде» деген сөздер «тиісті» деген сөзбен ауыстырылсын; «органның» деген сөз «бөлімшенің» деген сөзбен ауыстырылсын; «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Аппаратының» деген сөздер «уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын; 6-тармақтағы «тиісінше», «және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына» деген сөздер алып тасталсын; 3) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын: «12-бап. Сот приставтарының қызметін бақылау Жоғарғы Сотта және аумақтық бөлімшелерде сот приставтарының қызметін бақылауды уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.». 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2010 жылғы желтоқсан 27-сі № 367-IV ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |