Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың бірыңғай қағидалары туралы
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың күшіне енуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды
ҚР 2011 жылғы 22 шілдедегі № 474-ІV Заңымен ратификацияланды 2012 жылғы 1 қаңтарда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі, 1995 жылғы 20 қаңтардағы Кеден одағы туралы келісімді, 1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістік туралы шартты, 2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шартты негізге ала отырып, ауыл шаруашылығы өнімі саудасының өзара тиімді, әділ және нарыққа бағдарланған жүйесін одан әрі дамытудың қажеттілігін сезіне отырып, Тараптар мемлекеттерінің Бірыңғай экономикалық кеңістігін құру мақсатында, Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу кезінде Кеден одағына қатысушы мемлекеттер позицияларының келісімділігін қамтамасыз ету мақсатында, жалпыға бірдей танылған халықаралық құқық қағидаттарын басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
1. Осы Келісімнің мәні ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру қағидаларын белгілеу болып табылады. 2. Осы Келісім Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында әрекет етеді және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын 1-қосымшада санамаланған тауарларға (бұдан әрі - ауыл шаруашылығы тауарлары) қатысты қолданылады.
Осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) әкімшілік-аумақтық бірліктер - Ресей Федерациясынын субъектілері және/немесе Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасының облыстары (Минск, Астана және Алматы қалаларын қоса алғанда); 2) ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау - ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге тікелей немесе уәкілетті агент арқылы үкімет немесе өзге мемлекеттік билік органы көрсететін қаржылық көмек. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|