Қазақстан Республикасының
Кодексі
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы
(2010.29.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 6 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 10 қарашадағы № 162-ө Өкімімен, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 5 қазандағы № 495 бұйрығымен бекітілген Кодексті іске асыру жөнінде нормативтік құқықтық актілерді қара
Мазмұны
ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1-бөлім. Жалпы ережелер
1-тарау. Негізгі ережелер
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Осы Кодекстің қолданылу аясы
3-бап. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы
2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу мен басқару
4-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат принциптері
5-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу негіздері
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
7-бап. Уәкілетті органның құзыреті
8-бап. Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері бар орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдардың құзыреті
9-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құзыреті
10-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының құзыреті
11-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингтің функциялары
12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл
3-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы лицензиялау, аккредиттеу және аттестаттау
13-бап. Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау
14-бап. Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу
15-бап. Денсаулық сақтау саласындағы аттестаттау
4-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттар, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сәйкестігін растау және жарнама
16-бап. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттар
17-бап. Денсаулық сақтау саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сәйкестігін растау
18-бап. Денсаулық сақтау саласындағы жарнама
5-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау
19-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау
20-бап. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау
21-бап. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау
22-бап. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылау
6-тарау. Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру
23-бап. Денсаулық сақтау жүйесін қаржылай қамтамасыз ету көздері
24-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландыру нысандары
25-бап. Денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету көздерін пайдалану
7-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру
26-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың объектілері мен субъектілері
27-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың принциптері
28-бап. Жеке тұлғалар (пациенттер) туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету
8-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық
29-бап. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары мен бағыттары
30-бап. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың экономикалық және құқықтық негіздері
ЕРЕКШЕ БӨЛІМ
2-бөлім. Денсаулық сақтау жүйесі және медициналық көмекті ұйымдастыру
9-тарау. Денсаулық сақтау жүйесі және медициналық көмекті ұйымдастыру
31-бап. Денсаулық сақтау жүйесінің құрылымы
32-бап. Денсаулық сақтау субъектілері
33-бап. Медициналық көмекті ұйымдастыру
34-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі
35-бап. Ақылы медициналық қызметтер алудың негіздері мен тәртібі
3-бөлім. Медициналық қызмет
10-тарау. Медициналық қызметтің мазмұны мен түрлері
36-бап. Медициналық қызметтің мазмұны
37-бап. Медициналық қызметтің түрлері
11-тарау. Медициналық көмек
38-бап. Медициналық көмектің түрлері
39-бап. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек
40-бап. Білікті медициналық көмек
41-бап. Мамандандырылған медициналық көмек
42-бап. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек
43-бап. Медициналық-әлеуметтік көмек
44-бап. Медициналық көмекті ұсыну нысандары
45-бап. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек
46-бап. Консультациялық-диагностикалық көмек
47-бап. Стационарлық көмек
48-бап. Стационарды алмастыратын көмек
49-бап. Жедел медициналық көмек
50-бап. Санитариялық авиация
51-бап. Төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмек
52-бап. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту
53-бап. Паллиативтік көмек және мейірбике күтімі
54-бап. Дәстүрлі медицина, халық медицинасы (емшілік)
55-бап. Зертханалық диагностика
56-бап. Патологиялық-анатомиялық диагностика
12-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы сараптама түрлері
57-бап. Денсаулық сақтау саласындағы сараптама
58-бап. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама
59-бап. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама
60-бап. Әскери-дәрігерлік сараптама
61-бап. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалар
62-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама
63-бап. Дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптама
64-бап. Ғылыми-медициналық сараптама
4-бөлім. Фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы
13-тарау. Фармацевтикалық қызмет
65-бап. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласының жүйесі
66-бап. Фармацевтикалық қызметтің түрлері
67-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру
68-бап. Дәрілік препараттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау
69-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізу
14-тарау. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы
70-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әзірлеу
71-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу
72-бап. Биологиялық активті заттарды клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеу
73-бап. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы техникалық жағынан сынау
74-бап. Фармакологиялық және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы клиникалық зерттеу және (немесе) сынау
75-бап. Дәрілік затты, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы таңбалау
76-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған дәрілік заттарды сатып алу
77-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютор
78-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау мен тасымалдау
79-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жою
80-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелу тәртібі
81-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкету тәртібі
15-тарау. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар
82-бап. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы монтаждау, жөндеу, оларға техникалық және метрологиялық қызмет көрсету
83-бап. Қауіпсіздікті сыныптау және медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қолданудың ықтимал қатерінің дәрежесіне қарай қауіпсіздігін қайта сыныптау
84-бап. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысына тыйым салу, оларды тоқтата тұру немесе айналыстан алып қою
85-бап. Дәрілік заттардың жанама әсерлерінің мониторингі
86-бап. Жаңа дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника туралы ақпарат
5-бөлім. Азаматтардың денсаулығын сақтау
16-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы құқықтар мен міндеттер және оларды қамтамасыз етудің кепілдіктері
87-бап. Денсаулық сақтау саласындағы құқықтарды қамтамасыз етудің кепілдіктері
88-бап. Азаматтардың құқықтары
89-бап. Балалардың құқықтары
90-бап. Азаматтардың, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың міндеттері
91-бап. Пациенттердің құқықтары
92-бап. Пациенттердің міндеттері
93-бап. Медициналық көмектен бас тарту құқығы
94-бап. Азаматтардың келісімінсіз медициналық көмек көрсету
95-бап. Дәрігерлік құпия
17-тарау. Адамның ұрпақты болу құқықтарын қорғау
96-бап. Азаматтардың ұрпақты болу құқықтарын қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері
97-бап. Әйелдердің жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңінде денсаулығын сақтау
98-бап. Бедеуліктен емделу
99-бап. Ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологиялары, клондау
100-бап. Суррогат ана болу кезіндегі медициналық көмек
101-бап. Жыныстық жасушалар донорлығы және оларды сақтау
102-бап. Контрацепцияны пайдалану
103-бап. Хирургиялық стерилизациялау
104-бап. Жүктілікті жасанды түрде үзу
18-тарау. Туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету
105-бап. Туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету
106-бап. Азаматты туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады деп танудың тәртібі
107-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге жіберудің негізі мен тәртібі
108-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, мәжбүрлеп емделуде жүрген науқастардың құқықтары
109-бап. Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарды емдеу және ұстау
110-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеу аяқталғаннан кейінгі медициналық байқау және емдеу
111-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарға әлеуметтік көмек
19-тарау. АИТВ инфекциясын жұқтырғандарға және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету
112-бап. АИТВ инфекциясының және ЖИТС-тың профилактикасы, диагностикасы және оны емдеу мәселелеріндегі мемлекет кепілдіктері
113-бап. АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды әлеуметтік қорғау
114-бап. АИТВ инфекциясының профилактикасы
115-бап. АИТВ-ға зерттеліп-қаралу
20-тарау. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету
116-бап. Психиатриялық көмек алуға жүгінудің еріктілігі
117-бап. Кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін атқаруды шектеу
118-бап. Психиатриялық көмек көрсетілетін азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау
119-бап. Психиканың бұзылуының (ауруының) диагностикасы және оны емдеу
120-бап. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдардың құқықтары
121-бап. Психиканың бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдарға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
122-бап. Мемлекет кепілдік берген психиатриялық көмек көрсету және әлеуметтік қорғау
123-бап. Психиатриялық куәландыру
124-бап. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші науқастарды динамикалық байқау
125-бап. Психиатриялық стационарға жатқызу
126-бап. Заңды өкілдерінің өтініші бойынша немесе олардың келісімімен психиатриялық стационарға орналастырылған кәмелетке толмаған адамды немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамды куәландыру
127-бап. Психиатриялық көмек көрсету кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары
128-бап. Психиатриялық стационардан шығару
129-бап. Адамдарды психоневрологиялық ұйымдарға орналастыру үшін негіздер
21-тарау. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету
130-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру
131-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын және медициналық-әлеуметтік оңалтуға мұқтаж адамдардың медициналық ұйымдарға өтініш жасауы
132-бап. Адамды алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп тану тәртібі
133-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдардың құқықтары
134-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарды есепке алу және байқау
22-тарау. Азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету
135-бап. Әскери қызметшілерге, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының, әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің, өртке қарсы қызметтің, қаржы полициясының қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелері мен осы ведомстволардың зейнеткерлеріне медициналық көмек көрсету
136-бап. Иондаушы сәулеленудің әсеріне ұшыраған азаматтарға медициналық көмек көрсету
137-бап. Экологиялық зілзала салдарынан зардап шеккен азаматтарға медициналық көмек көрсету
138-бап. Бас бостандығы шектеулі азаматтарға медициналық көмек көрсету
23-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы жекелеген қатынастарды реттеу
139-бап. Хирургиялық араласу, қан, оның компоненттерін құю және диагностиканың инвазиялық әдістерін қолдану тәртібі
140-бап. Биологиялық өлімді анықтау. Өмірге дем беру жөніндегі жасанды шараларды тоқтату жағдайлары
141-бап. Эвтаназия
142-бап. Анатомиялық сый
6-бөлім. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызмет және қоғамдық денсаулықты сақтау
24-тарау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызмет
143-бап. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жүйесі
144-бап. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау
145-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
146-бап. Тамақ өнімдерін және адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу
147-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг
148-бап. Инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының, халықтың улануының алдын алу
149-бап. Қазақстан Республикасының аумақтарын санитариялық қорғау
150-бап. Инфекциялық аурулар эпидемиясының пайда болу қаупі төнген жағдайда шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізудің шарттары
151-бап. Инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен улану оқиғаларын тіркеу және тексеру
152-бап. Дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шаралар
25-тарау. Қоғамдық денсаулықты сақтау
153-бап. Аурулар профилактикасының мақсаты мен түрлері
154-бап. Салауатты өмір салтын қалыптастыру
155-бап. Медициналық тексеріп-қарау
156-бап. Профилактикалық егуді жүргізу
157-бап. Инфекциялық емес аурулардың, оның ішінде кәсіптік аурулардың және жарақаттанудың профилактикасы
158-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділіктің профилактикасы
159-бап. Темекі шегушіліктің, алкоголизмнің профилактикасы және оны шектеу
160-бап. Темір тапшылығы жай-күйінің профилактикасы
161-бап. Йод тапшылығы ауруларының профилактикасы
7-бөлім. Донорлық және транспланттау
26-тарау. Қан мен оның компоненттерінің донорлығы
162-бап. Донорлық, қан, оның компоненттерін және препараттарын дайындау
163-бап. Донорлық, қанды, оның компоненттері мен препараттарын дайындау саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары мен өзге де ұйымдар
164-бап. Донорлық қанның, оның компоненттері мен препараттарының қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету
165-бап. Донор, оның құқықтары мен міндеттері
166-бап. Донорды медициналық зерттеп-қарау
167-бап. Донорға берілетін кепілдіктер
168-бап. Жұмыс берушілер мен ұйымдар басшыларының донорлықты дамытуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау жөніндегі міндеттері
27-тарау. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттау
169-бап. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттау және оларды алу шарттары
170-бап. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттау тәртібі
171-бап. Донор мен реципиенттің құқықтары
28-тарау. Адамның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін), қан мен оның компоненттерін әкелу, әкету
172-бап. Адамның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) әкелу, әкету үшін негіздер
173-бап. Қан мен оның компоненттерін әкелу, әкету үшін негіздер
174-бап. Адамның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін), қан мен оның компоненттерін әкелудің, әкетудің тәртібі
8-бөлім. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылыми қызмет
29-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі
175-бап. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі
176-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік емтихандары
177-бап. Қазақстан Республикасы дәрігерінің анты
30-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызмет
178-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметтің субъектілері
179-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметті үйлестіру
180-бап. Медициналық-биологиялық эксперименттер, клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулер жүргізу, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістерін қолдану
181-бап. Этика мәселелері жөніндегі комиссиялар
9-бөлім. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі, оларды әлеуметтік қорғау
31-тарау. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері, еңбек қатынастары, Ар-намыс кодексі
182-бап. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері
183-бап. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары
184-бап. Қазақстан Республикасының медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі
10-бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
32-тарау. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық және осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі
185-бап. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
186-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі
Жалпы бөлім
1-Бөлім. Жалпы ережелер
1-тарау. Негізгі ережелер
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) адамның мекендеу ортасы (бұдан әрі - мекендеу ортасы) - адамның тыныс-тіршілігі жағдайын айқындайтын табиғи, антропогендік және әлеуметтік факторлардың, ортаның (табиғи және жасанды) жиынтығы;
2) АИТВ - адамның иммун тапшылығы вирусы;
3) анонимдік тексеріп-қарау - адамды жеке басын сәйкестендірмей ерікті түрде медициналық тексеріп-қарау;
4) апаттар медицинасы - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарларының алдын алуға және оларды жоюға бағытталған медицина және денсаулық сақтау саласы, ол халықтың ауруларының алдын алуды және оларды емдеуді, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтауды және қалпына келтіруді, сондай-ақ авариялық-құтқару қызметтерінің қызметкерлеріне медициналық көмекті қамтиды;
5) әлеуетті қауіпті химиялық және биологиялық заттар - белгілі бір жағдайларда және белгілі бір шоғырлануы кезінде адамның немесе болашақ ұрпақтың денсаулығына зиянды әсер етуі мүмкін, қолданылуы мен пайдаланылуы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілермен және гигиеналық нормативтермен регламенттелетін заттар;
6) әскери медицина - ғылыми білімдердің жүйесін (ғылыми-практикалық пәндер кешені) және әскери-медициналық қызметтің әскерлерді бейбіт уақытта және соғыс уақытында жан-жақты медициналық қамтамасыз етуді өзіне мақсат тұтатын практикалық қызметінің жүйесін білдіретін медицина және денсаулық сақтау саласы;
7) әскери-медициналық көмек - әскери қызметшілерге және әскери қаруды қолдану салдарынан зардап шеккен адамдарға әскери-медицина қызметінің мамандары көрсететін медициналық көмек;
8) әскери-медициналық қызмет - Қазақстан Республикасының заңдарында осы органдардың қызметін медициналық қамтамасыз етуге арналған әскери немесе арнаулы қызметтің болуы көзделген әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің жиынтығы;
9) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер:
орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдардың әскери-медициналық (медициналық) мекемелер (ұйымдар) қызметін ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері;
әскери-медициналық (медициналық) мекемелер (ұйымдар) және орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдардың тиісті контингентке әскери-медициналық және медициналық көмек көрсетілуін қамтамасыз ететін өзге де бөлімшелері;
10) әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету - материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі іс-шаралар кешені, сондай-ақ жеке құрамның жауынгерлік қабілеттілігі мен еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіру мақсатында әскерлерде, бөлімшелерде және ведомстволық ұйымдарда медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
11) бала - он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;
12) бас миының біржола семуі - бас миының бүкіл қатпарының семуімен қатар жүретін, бас миы жасушаларының интегралдық функцияларын толық жоғалтуы;
13) бейінді маман - жоғары медициналық білімді, белгілі бір мамандық бойынша сертификаты бар медицина қызметкері;
14) биологиялық активті заттар - жануарлар мен адам организмінің патологиялық өзгерген функцияларын қалыпқа түсіретін, дәрілік заттар алудың ықтимал көздері болып табылатын, әртүрлі жолмен алынатын заттар;
15) биологиялық активті қоспалар - тұрақты тұтынған кезде денсаулықтың жай-күйін жақсартуға арналған және адамның тамақтану рационын табиғи немесе табиғимен бірдей биологиялық активті заттармен байыту мақсатында олардың компоненттерін қамтитын өнімдерге қоспалар;
16) бірегей дәрілік зат - жаңа активті заттарды білдіретін немесе қамтитын дәрілік зат;
17) генетикалық түрлендірілген объектілер - гендік инженерия әдістері пайдаланылып алынған, өсімдіктен және (немесе) жануардан алынатын шикізат пен өнімдер, оның ішінде генетикалық түрлендірілген көздер, организмдер;
18) дәрілік заттар - аурулардың профилактикасына, диагностикасына және оларды емдеуге, сондай-ақ организмнің жай-күйі мен функцияларын өзгертуге арналған фармакологиялық активті заттарды білдіретін немесе оларды қамтитын заттар: дәрілік субстанция, табиғаттан алынатын дәрілік шикізат, дәрілік ангро- және балк-өнімдер, дәрілік препараттар, медициналық иммундық-биологиялық препараттар, парафармацевтикалар;
19) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютор - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде сатып алуды ұйымдастыруды, оның нәтижелері бойынша өнім берушілермен өнім беру шарттарын жасасуды, сондай-ақ дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тапсырысшыларға жеткізіп беру жөніндегі қызметтерді қамтамасыз етуді, ұсынуды жүзеге асыратын заңды тұлға;
20) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткізу - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын, сатып алумен (әкелуден басқа), сақтаумен, бөлумен, түпкі тұтынушыға өткізумен (әкетуден басқа), жойып жіберумен байланысты фармацевтикалық қызмет;
21) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізу - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын, көлемін шектемей сатып алумен, сақтаумен, әкелумен, әкетумен, өткізумен (халыққа дәрілік заттарды өткізуді қоспағанда), жойып жіберумен байланысты фармацевтикалық қызмет;
22) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы - қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әзірлеушіден және (немесе) өндірушіден тұтынушының қолдануына дейін жеткізу процесінде жүзеге асырылатын қызмет;
23) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілер -денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен үлгілік ережелерге сәйкес жұмыс істейтін дәріхана, алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункті, шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пункті, дәріхана қоймасы, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы уақытша сақтау қоймасы, оптика дүкені, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың дүкені, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қоймасы, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру жөніндегі ұйымдар;