Астық туралы (2010.30.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 6 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға енгізілетін өзгерістерді қара: 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 224-III ҚР Заңы (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 2 баптар) 2-тарау. Астық рыногын мемлекеттік басқару мен реттеу (3 - 9 баптар) 3-тарау. Астық өндіру мен сатуды мемлекеттік қолдау (10 бап) 4-тарау. Мемлекеттік астық ресурстары (11 - 12 баптар) 5-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындары (13 - 16 баптар) 6-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін реттеу (17 - 33 баптар) 7-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындарын тарату (34 - 38 баптар) 8-тарау. Астық қолхаттары (39 - 41 баптар) 9-тарау. Қорытынды ережелер (42 бап) Осы Заң Қазақстан Республикасында астықты өндiру, сақтау және сату процесiнде пайда болатын қатынастарды реттейдi.
ҚР 11.07.01 ж. № 231-11; 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілді ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред .қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.11.12 № 229-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) агент - акцияларының (үлестерінің) жүз проценті агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингке немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған оның еншілес ұйымына тиесілі және мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі өкілеттікті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын заңды тұлға; 2) азық-түліктік астық - тағамдық мақсаттарға пайдаланылатын астық; 3) 2009.11.12 № 229-ІV ҚР Заңымен алып тасталсын (бұр.ред.қара) 2009.11.12 № 229-ІV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) ақша резерві - мемлекеттік астық ресурстарын өткізуден түскен таза кіріс есебінен қалыптастырылатын және агенттің ішкі нарықты реттеу үшін мемлекеттік астық ресурстарын сатып алу бағасынан төмен бағамен пайдалану кезінде туындаған залалдарын өтеу үшін пайдаланылатын (өткізуге жұмсалатын шығыстары ескеріле отырып) агенттің басқаруында болатын ақша резерві; 4) астық - тағамдық, тұқымдық, мал азығы және техникалық мақсаттар үшін пайдаланылатын дәнді, дәнді-бұршақ және майлы дақылдардың өнімдері; 5) астық иесі - астық қабылдау кәсіпорнына сақтауға астық берген жеке немесе заңды тұлға; 6) астық қабылдау кәсіпорны - астық сақтау жүзеге асырылатын меншік құқығындағы астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пункті) бар заңды тұлға; 7) астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пункті) - астық сақтауға арнап мамандандырылған техникалық ғимарат; 9) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесі - астық қабылдау кәсіпорындарының өздері берген астық қолхаттары бойынша міндеттемелерін орындамауынан астық қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған ұйымдық-құқықтық шаралар кешені; 10) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қоры - астық қабылдау кәсіпорындарының өздері берген астық қолхаттары бойынша міндеттемелерін орындамауынан астық қолхаттарын ұстаушылардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын заңды тұлға; 2009.11.12 № 229-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша 10-1) тармақша болып есептелсін (бұр.ред.қара) 10-1) астық қолхаты - астық иесінен астықты сақтауға қабылдағанын растап, астық қабылдау кәсіпорны беретін қоймалық қосарлы куәлік; 11) астық қолхатын ұстаушы - астық иесі, астық қолхатымен индоссамент жасаған жағдайларда - индоссат; 12) астық өндіру - астық өсіруге бағытталған агротехникалық іс-шаралар кешені; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 13) астық рыногына қатысушылар - астықты өндіруге, сақтауға, тасымалдауға, қайта өңдеуге және өткізуге қатысушы жеке және заңды тұлғалар; 2009.11.12 № 229-ІV ҚР Заңымен 15) тармақша 13-1) тармақша болып есептелсін (бұр.ред.қара) 13-1) астық рыногының мониторингі - астықты өндіруді, сақтауды, қайта өңдеуді және сатуды қоса алғанда, астық рыногына қатысушылар жүзеге асыратын астықпен жасалатын операциялар туралы деректерді жинауға, өңдеуге және талдауға бағытталған тұрақты іс-шаралар жиынтығы; 2009.11.12 № 229-ІV ҚР Заңымен 19) тармақша 13-2) тармақша болып есептелсін (бұр.ред.қара) 13-2) астық сапасының паспорты - астық сапасының нақты көрсеткіштерін және олардың стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына және (немесе) келісім-шарт талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды; 2009.11.12 № 229-ІV ҚР Заңымен 13-1) тармақша 13-3) тармақша болып есептелсін (бұр.ред.қара) 13-3) астық экспорттаушы - астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға; 2009.11.12 № 229-ІV ҚР Заңымен 13-4) тармақшамен толықтырылды 13-4) астықты нысаналы пайдалану - агент астықты қайта өңдеу ұйымдарына ішкі нарықты реттеу мақсатында, тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында өткізілетін нан-тоқаш өнімдерін өндіру мақсатында өнеркәсіптік қайта өңдеу үшін өткізген мемлекеттік астық ресурстарын олардың пайдалануы; 2009.11.12 № 229-ІV ҚР Заңымен 16) тармақша 13-5) тармақша болып есептелсін (бұр.ред.қара) 13-5) астықты сақтау - астық қоймасында (элеваторда, астық қабылдау пунктінде) жүзеге асырылатын, астық қабылдауды, өлшеуді, кептіруді, тазартуды, сақтауды және тиеп жөнелтуді қамтитын қызмет көрсетулердің технологиялық кешені; 14) астықтың өмірлік циклі - астықты өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу, жою және кәдеге жарату процестері; 17) астықтың сапасы - астықтың стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың, санитарлық, ветеринариялық және фитосанитариялық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес келуін айқындайтын тұтыну қасиеттерінің жиынтығы; 18) астықтың сапасына сараптама жасау - көлік құралын (қойманы) зерттеуді, сынаманы іріктеу мен сынақтан өткізуді, сапа паспортын ресімдеуді қамтитын астық сапасының нақты көрсеткіштерін белгілеу мен растауға бағытталған шаралар кешені; 20) жемдік астық - жануарлар мен құс азығына арналған астық; 21) жұмылдыру дайындығы - мемлекеттік органдардың алуан түрлі дағдарысты жағдайларда ел халқын астық ресурстарымен қамтамасыз ету қабілеті; 22) кепіл куәлігін ұстаушы - кепіл куәлігімен куәландырылған міндеттемеде астықты кепілге ұстаушы болып табылатын тұлға; 23) қойма куәлігін ұстаушы - кепілмен ауыртпалық жасалған астық иесі, қойма куәлігімен индоссамент жасалған жағдайларда - индоссат; 24) мемлекеттік азық-түліктік астық резервін жаңарту - оның бір бөлігін сату және жаңа егіннің астығы есебінен мемлекеттік азық-түліктік астық резервінің белгіленген көлемін және қажетті сапасын ұстап тұру мақсатында жаңа егіннің астығын сатып алу; 25) мемлекеттік астық ресурстары - азық-түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік міндеттемелерді орындау мақсатында, сондай-ақ астық рыногын қорғау мен реттеу үшін жасалған мемлекеттік астық запастары; 26) мемлекеттік астық ресурстарын ауыстыру - мемлекеттік астық ресурстарын бір астық қабылдау кәсіпорнынан басқасына тасу; 2009.11.12 № 229-ІV ҚР Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды 26-1) отандық астық өндірушілер - Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын және астық өндірумен айналысатын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар; 27) реттеуші орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағаны (тарифтерді) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік орган; 2009.11.12 № 229-ІV ҚР Заңымен 27-1) тармақшамен толықтырылды 27-1) сатып алу бағасы - құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын, агроөнеркәсіптік кешен нарықтарына талдамалық зерттеулерді жүзеге асыратын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандандырылған ұйым беретін деректер негізінде уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша астықтың ішкі нарықта қалыптасқан нарықтық бағасын ескере отырып белгілейтін баға; 28) тұқымдық астық (тұқым) - себу мақсаттарына пайдаланылатын әрі сорттылық және себу сапаларына қарай бөлінетін астық; 29) уәкілетті орган - астық рыногы саласындағы мемлекеттік саясатты іскe асыруды, оған қатысушылардың қызметін үйлестіру мен реттеуді, сондай-ақ мемлекеттік астық ресурстарын басқаруды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2009.11.12 № 229-ІV ҚР Заңымен 2-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара) 2-бап. Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының астық туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер болса, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2-тарау. Астық рыногын мемлекеттік басқару мен реттеу
3-бап. Астық рыногындағы мемлекеттік басқарудың мақсаттары Астық рыногын мемлекеттік басқару мен реттеудiң мақсаттары: 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред .қара) 1) Қазақстан Республикасының азық-түлiктiк қауіпсіздігін, техникалық реттеу саласындағы қауіпсіздікті (бұдан әрі - қауіпсіздік) және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету; 2) астық бағасының демпингіне жол бермеу; 3) астық өткізу рыногын кеңейту; 4) астық сапасын қамтамасыз ету; 5) фитосанитариялық жағдайды қауiпсiз деңгейде ұстау; 6) табиғи-климаттық жағдайларды және рынок конъюнктурасын ескере отырып, астық өндiру құрылымын оңтайландыру және астықты өндiру, сақтау мен сату технологиясын жетілдiру; 7) жемдiк астықтың мемлекеттік ресурстары көлемiнiң шегiнде мал шаруашылығы мен құс шаруашылығында азықтың ықтимал тапшылығын жою; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр. ред .қара) 8) астық өндiру iсiнде инвестиция, кредит, салық және кеден саясатын қалыптастыру ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды 9) астықтың қауіпсіздігіне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруға әкеп соғатын әрекеттердің алдын алу болып табылады.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 4-бап өзгерді 4-бап. Астық рыногын мемлекеттік реттеу нысандары Астық рыногына қатысушылардың қызметiн мемлекеттік реттеу: 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн біліктілік талаптары негiзiнде астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу жөніндегі қызметтi лицензиялау; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды(2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) 1-1) астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред .қара) 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу; 2-1) астықтың сапасына сараптама жасау жөніндегі аккредиттелген зертханалардың қызметiн бақылау; 3) астық қолхаттарының айналысын құқықтық реттеу; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу жөніндегі қызметті, сондай-ақ астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін лицензиялық бақылау; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды(2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) 4-1) астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу; астықты сақтау; астық қолхаттарын беру, олардың айналысы мен өтелуі жөніндегі ережелердің сақталуын бақылау; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды(2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) 4-2) астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметті бақылау; 5) мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру және олардың сандық-сапалық жай-күйiн бақылау арқылы; 6) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды 7) өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi жөніндегі iс-шараларды мемлекеттік қаржыландыру; 8) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды 10) заң актілерінде көзделген өзге де нысандар арқылы жүзеге асырылады.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2009.11.12 № 229-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 5-бап өзгерді 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретi Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) Қазақстан Республикасының астық рыногы мен астық индустриясын дамыту стратегиясы - астық бағдарламасын әзiрлеп, iске асырады; 2) астық өндiрудi мемлекеттік қолдау бағдарламасын бекiтедi, инвестициялар тарту үшiн қолайлы жағдай қалыптастырады және астық рыногын дамыту мен оның тұрақтылығын қолдау жөнiнде өзге де шаралар қолданады; 2009.11.12 № 229-ІV ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды 2-1) агентті айқындайды; 2009.11.12 № 229-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3) мемлекеттік астық ресурстарының көлемiн, құрылымын, қалыптастырылу, сақталу, жаңартылу, ауыстырылу және пайдаланылу ережелерiн бекiтедi; 4) астықпен жасалатын операцияларға байланысты үкiметаралық келісімдер жасасады; 5) астық қабылдау кәсiпорны мен астық иесi арасындағы жария шарттардың үлгi нысанын бекiтедi; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу жөніндегі қызметке лицензиялау ережелері мен біліктілік талаптарын бекітеді; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) 6-1) астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметке лицензиялау ережелері мен біліктілік талаптарын бекітеді; 7) астықтың мемлекеттік ресурстарымен және агенттiң жеке қаржы-шаруашылық қызметiмен жасалатын операцияларды жеке есепке алу бойынша бухгалтерлiк есептiң ережелерi мен стандарттарын әзiрлейдi және бекiтедi; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 7-1) тармақша өзгертілді (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-1) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорларын құруға, олардың жұмыс iстеуі мен таратылуына қойылатын талаптарды, астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысу шарттарын, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) кепiлдiктер алу тәртібін, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi өтеу тәртібін белгiлейдi; 8) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды 9) астыққа және оның өмірлік циклінің процестеріне қатысты техникалық регламенттерді бекітеді. 2009.11.12 № 229-ІV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды 10) астық экспорттаушылардың мемлекеттік астық ресурстарына экспортталатын көлемге проценттік қатынаспен есептелетін астық жеткізуінің мөлшерін айқындайды; 2009.11.12 № 229-ІV ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды 11) астықты қайта өңдеу ұйымдары ішкі нарықты реттеу мақсатында сатып алатын мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын оларға ішінара өтеу тәртібін бекітеді; 2009.11.12 № 229-ІV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды 12) сатып алу бағасын белгілейді.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 6-бап өзгерді; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 6-бап. Уәкілетті органның құзыреті Уәкілетті органның құзыретіне мыналар кіреді: 1) астық нарығы саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, оған қатысушылардың қызметін үйлестіру және реттеу; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) 1-1) астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу жөніндегі қызметті лицензиялау ережелерін және оған қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі) 2-1) астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережелерін және оған қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 2-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.11.12 № 229-ІV Заңымен 2-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2-2) астықты экспорттаушылардың қызметiн астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарының сақталуы тұрғысынан лицензиялық бақылау; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.11.12 № 229-ІV Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) астық қабылдау кәсіпорындарының: уәкілетті органның облыстық аумақтық бөлімшелерінің бастықтары бекіткен графиктер негізінде тоқсан сайын жоспарлы тексеру, сондай-ақ астық нарығына қатысушылардың өтініштері негізінде жоспардан тыс тексеру түрінде - астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу; астықтың сақталуы; астық қолхаттарының берілуі, айналымы және өтелуі ережелерін сақтауын бақылау; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3-1) астықты экспорттаушылардың қызметін Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын сақтауы тұрғысынан бақылау; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) 3-2) Қазақстан Республикасы астық туралы заңнамасы талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулының нысандарын бекітеді 4) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар беру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау; 5) астық нарығының мониторингін жүзеге асыру; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді ( бұр. ред .қара) 6) астық қауіпсіздігі мен сапасын мемлекеттік бақылау; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді ( бұр. ред .қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7) астық сапасының сараптамасы бойынша аккредиттелген зертханалардың қызметін астық сапасын сараптау және уәкiлеттi орган белгiлеген астық сапасы паспортын беру тәртібін сақтауы тұрғысынан бақылау; 8) осы Заңның 28-бабының 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде астық қабылдау кәсіпорнынан астықты көліктің кез келген түрімен тиеп-жөнелтуге тыйым салу; 9) ауыл шаруашылығы техникасының және жабдықтарының лизингін ұйымдастыру, селекцияны және тұқым шаруашылығын, дәнді дақылдар өсіру технологиясы, топырақ құнарлылығын сақтау, өсімдіктер қорғау және 1 карантині жөнінде бағдарламалар әзірлеу; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді ( бұр. ред .қара); 2009.11.12 № 229-ІV Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 10) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісе отырып астық сапасын сараптау және астық сапасы паспортын беру тәртібіне талаптар әзірлеу және бекіту; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда ( бұр. ред .қара) 11) астыққа және оның өмірлік циклінің процестеріне қатысты техникалық регламенттерді әзірлеу; 12) астықтың сандық-сапалық есепке алынуы, сақталуы; астық қолхаттарының берілуі, айналымы және өтелуі; астық нарығының мониторингін жүргізу; астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды жүргізу; астық қабылдау кәсіпорындары есептілігінің үлгі нысандары жөнінде нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік астық инспекторлары туралы ереже әзірлеу және бекіту; 13) 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14) астық өндірушілерді қорғау үшін демпингке қарсы шаралар қолдану жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 15) астық қолхаты жазылатын бланкілерге, оларды шығару, алу, сақтау, айналдыру, өтеу және жою тәртібіне талаптар, сондай-ақ астық қолхаттарының үлгілеріне талаптар белгілеу; 16) астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және астық қолхаттары тізілімі мәліметтеріне сәйкес астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялау (тексеру); 17) осы Заңның 33-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес астық қабылдау кәсіпорнына уақытша басқаруды енгізу туралы, сондай-ақ уақытша басқаруды мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдау; 18) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өкілеттіктер шегінде мемлекеттік астық ресурстарын басқаруды бақылау; 19) мемлекеттік астық ресурстарын тиеп жіберуге және тасымалдауға (орнын ауыстыруға) бақылау. 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) 20) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды; 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 20-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 20-1) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлеу және бекіту. 2009.11.12 № 229-ІV Заңымен мазмұн 21)-32) тармақшалармен толықтырылды 21) астық қабылдау кәсіпорнын зерттеп-тексеру актісінің нысанын әзірлеу және бекіту; 22) уәкілетті органның облыстық аумақтық бөлімшелерінің бастықтары бекіткен графиктер негізінде тоқсан сайын жоспарлы тексеру, сондай-ақ астық нарығына қатысушылар мен мемлекеттік органдардың өтініштері негізінде жоспардан тыс тексеру түрінде - астық нарығына қатысушыларда астықтың нақты болуы мен сапасын және оның есептік деректеріне сәйкестігін тексеру; 23) облыстар бойынша мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алу квотасын әзірлеу және бекіту; 24) сатып алу бағасын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу; 25) мемлекеттік астық ресурстарын ішкі нарықты реттеу мақсатында пайдалану туралы шешім қабылдау; 26) мемлекеттік астық ресурстарына: агент пен отандық астық өндіруші; агент пен астық экспорттаушы арасындағы астық жеткізу шартының үлгі нысанын әзірлеу және бекіту; 27) агент пен астықты қайта өңдеу ұйымы арасындағы ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарынан астық жеткізу шартының үлгі нысанын әзірлеу және бекіту; |