Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерін, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді, сондай-ақ оларға құқықты куәландыратын құжаттар нысандарын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы
ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 613 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 45-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерін, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді, сондай-ақ оларға арналған құқықтарды куәландыратын құжаттар нысандарын мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасының Азаматтық әуе кемелерін, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу және де оларды азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тізілімінен алып тастау үшін ұсынылатын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004 жылғы 30 маусымдағы № 116 бұйрығының күші жойылсын. (Мемлекеттік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 2968 болып тіркелген. 3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|