Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»
Осы редакция 2011 жылғы 9 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Мұнай базаларының және автожанармай құю станцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы № 514 қаулысымен бекітілген
«Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
1. Қолданылу саласы
1. Осы «Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) мұнай базаларының және стационарлық, контейнерлік, жылжымалы автожанармай құю станцияларының (бұдан әрі - автожанармай құю станциялары) қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілейді. 1) мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларына оларды жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстары, пайдалану және жою кезінде қойылатын қауіпсіздіктің ең төменгі талаптарын; 2) мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларын сыртқы табиғи әсерлердің тәуекел дәрежесін, өндірістік және пайдалану факторларын, қоршаған орта ластануының ықтимал салдарын ескере отырып, регламент талаптарына сәйкестігін бағалауды және растауды белгілейді.
3. Регламентте мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады: автожанармай құю станциясы - мұнай өнімдерін сақтауды және бөлшектеп сатуды қамтамасыз ететін жабдықтармен жарақтандырылған технологиялық кешен; жерасты резервуары (жерасты сақтау) - егер резервуардағы сұйықтықтың ең жоғарғы деңгейі шектесетін алаңның төменгі жоспарлы белгісінен кемінде 0,2 м-ден төмен болса (резервуар қабырғасынан 3 м шегінде), мұнай өнімдерін сақтауға арналған резервуар; мұнай базасы - мұнай өнімдерін қабылдауға, сақтауға және көтерме сатуға арналған ғимараттар мен құрылыстар кешені, технологиялық жабдықтары, резервуарлық паркі, техникалық құрылғылары мен коммуникациялары бар ұйым; мұнай базасының немесе автожанармай құю станциясының паспорты - оның негізгі сипаттамалары және жауапты пайдаланушы, жүргізілген қайта жаңартулар мен жөндеулер туралы ақпаратты, жүргізілген тексерулер мен оның нәтижелері туралы ақпаратты қамтитын құжат; мұнай базасының, автожанармай құю станциясының қауіпсіздігі - адам өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіруіне байланысты жол берілмейтін тәуекелдің болмауы; мұнай базасын немесе автожанармай құю станциясын пайдалану - ғимараттардың (құрылыстардың) техникалық жай-күйін бақылау, диагностика, техникалық қызмет көрсету, мұнай базасының немесе автожанармай құю станциясының техникалық құрылғыларын ағымдағы жөндеу; мұнай базасындағы, автожанармай құю станциясындағы қауіпті заттардың шекті саны - мұнай базаларындағы, қоймалардағы, автожанармай құю станцияларындағы олардың болуы декларациялау үшін негіз болып табылатын мұнай өнімдерінің мөлшері; мұнай өнімдерін сақтау қоймасы - мұнай өнімдерін қабылдауды, сақтауды және беруді қамтамасыз ететін технологиялық құрылыстардың, жабдықтардың кешені; техникалық құрылғылар - технологиялық жабдықтар (құбыржолдарының жалғастырушы бөлшектерін, сорғыларды қоса алғанда, резервуарлар, цистерналар, баллондар, бөшкелер, құбыржолдар), агрегаттар (төгу-құю құрылғылары, жерасты құрылыстары, шағын көлемді қазандықтар), жапқыш, реттеуіш және сақтандырғыш арматура, олардың тораптары және құрамдас бөлшектері; электр қондырғылар; отын-тарату бағаналарын, өлшеу және автоматтандыру құралдарын қоса алғанда, есепке алу және бақылау тораптары; мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларында қолданылатын сүзгілер-лас ұстағыштар; тәуекелді бағалау - қауіптіліктің іске асырылу мүмкіндіктері мен зардаптарын талдау және бағалау, жол берілмейтін тәуекелдің өлшемдерімен салыстыру; тәуекелдің жол берілетін деңгейі - қауіпсіздіктің қоғамдық танылған деңгейі.
3. Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларын құру және пайдалану шарттары
4. Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларында қолданылатын техникалық құрылғыларды, материалдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етіледі. 5. Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларында техникалық құрылғыларды дайындау үшін қолданылатын материалдар мен дайын бұйымдардың сапасы мен техникалық сипаттамасы дайындаушының паспорттарымен немесе сертификаттарымен расталады. 6. Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларына арналған техникалық құрылғыларды жеткізу кезінде техникалық құрылғыларды атауын, елін және дайындаушы кәсіпорынды (орындаушыны), рұқсат етілетін пайдалану мерзімін, қолданылу тәсілін қамтитын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпаратпен сүйемелдеу көзделуге тиіс. 7. Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларында Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес қауіпті қалдықтар паспорттары, «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына сәйкес санитарлық паспорты, МЕМСТ 17.0.0.04-90 сәйкес экологиялық паспорты және мұнай базасы немесе автожанармай құю станциясының паспорты жүргізіледі.
4. Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларын жобалау
4.1. Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларын жобалауға қойылатын жалпы талаптар
8. Жобалау кезінде ұқсас объектілердегі авариялық статистикалық деректерді, құрылыс пен пайдаланудың техникалық-экономикалық көрсеткіштерін ескере отырып, авариялар, жұмыс істемеу, сыртқы әсерлер, персоналдың болжамды қателіктері кезінде барлық болуы мүмкін қауіптер біріздендірілуі тиіс. 9. Барлық біріздендірген қауіптер үшін тәуекелді есептік, тәжірибелік немесе талдамалық әдістермен бағалау жүргізіледі. 10. Тәуекелге жүргізілген бағалауды ескере отырып, мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларын пайдалану кезінде тәуекелді жою немесе оны жол берілетін деңгейге дейін азайту үшін шаралар кешені анықталады. 11. Жол берілетін тәуекелдерді анықтау кезінде жобалау ұйымы: мұнай базаларының, автожанармай құю станцияларының ерекшелігін; қабылданатын техникалық құрылғылардың сенімділігін; құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын; сыртқы табиғи әсерлерді; мұнай өнімдерінің пайдалану қасиеттерін; персоналдың қате іс-қимылдарын; қоршаған ортаның ластануының, құрылыс, қайта жаңарту және кәдеге жарату кезінде құнарлы топырақ қабатының, өсімдік жамылғысының бұзылуы салдарының ықтимал әсерін; авариялардың (жарылыс, уландырғыш залал, қоршаған ортаның ластануы) және аварияларды оқшаулау және олардың салдарларын жою кезінде құнарлы топырақ қабатының, өсімдік жамылғысының бұзылуларының зақымдайтын тәуекелдерін ескереді. 12. Тәуекелді жол берілетін деңгейден төмендету мүмкін болмаған кезде жобада адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шаралар жүйесі көзделеді. 13. Мұнай базаларын жобалауға, ғимараттарды, құрылыстар мен техникалық құрылғыларды орналастыруға 2.09.02-85 ҚНжЕ, 3.02-15-2003 ҚНжЕ, 2.11.03-93 ҚНжЕ, 4.04.10-2002 ҚНжЕ, 2.04.05-2002 ҚНжЕ, 5.03-37-2005 ҚНжЕ, 2.02.-11-2002 ҚНжЕ талаптарына сәйкес жол беріледі. Барлық типтегі автожанармай құю станцияларын жобалауға, оларға ғимараттарды, құрылыстар мен техникалық құрылғыларды орналастыруға 4.01-15-2001 ҚН, 3.05-15-2001 ҚН, 1.02.010-97 ҚНжЕ талаптарына сәйкес жол беріледі. Мұнай базаларын, автожанармай құю станцияларын сумен жабдықтауды және желдетуді жобалау 4.01.41-2006 ҚР ҚНжЕ, 4.01.02-2001 ҚР ҚНжЕ, 4.02.42-2006 ҚНжЕ, 2.02-14-2002 ҚР ҚН талаптарына сәйкес орындалады. 14. Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларының жалпы торапты автомобиль жолдарына кем дегенде екі кіру қақпасы немесе мұнай базасына кірме жолдары болуы тиіс. Жаяу жүргіншілердің қозғалысы үшін ені 0,75 м-ден кем емес асфальттанған және тас төселген тротуарлар жобалануда. Өтпелер жұмысшылар үшін өте қолайлы бағыттар мен жерлер арқылы орнатылуы тиіс. 15. Мұнай базалары мен автожанармай құю станциялары үшін өндірістік объектілерді жобалауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес санитарлық-қорғаныс аймақтары жобаланады. 16. Мұнай базаларын салуға арналған жобалық құжаттамада мұнай базасының аумағын биіктігі 2 м-ден кем емес жанбайтын материалдардан жасалатын қоршаумен қоршау көзделуі тиіс. Қоршау ғимараттар мен құрылыстардан (әкімшіліктен басқа) кем дегенде 5 м қашықтықта болуы тиіс. 17. Мұнай базасының аумағын функционалды пайдалану бойынша технологиялық байланыстарды, жүк айналымы мен көлік түрлерін, санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да талаптарды ескере отырып, аймақтар мен учаскелерге бөлу қажет. 18. Жарылу қаупі бар аймақтарда орналасқан электр жабдықтары мен автоматтандыру құралдарының орындалуы үй-жайлардың және сыртқы құрылғылардың жарылыс-өрт және өрт қаупі бойынша жіктемесіне сәйкес келуі тиіс. 19. Қоршаған орта әсерінің агрессивтілік дәрежесін бағалау және жер үсті резервуарлары мен құбыржолдарының сыртқы бетін тоттанудан қорғау 2.01-19-2004 ҚР ҚНжЕ сәйкес жүзеге асырылады.
4.2. Резервуарлық парктерге және мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларының резервуарларына қойылатын талаптар
20. Резервуарлық парк: су басу, көшкін, тас құлау әсеріне және басқа да бұзатын геологиялық әсерлерге ұшырамайтын алаңда орналасуы; ауа райы жағдайына қарамастан, сақтау объектісіне жақын немесе тікелей орналасқан тұрақты орнатылған өртке қарсы жабдықтардың барлығына қол жеткізімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін кірме жолдармен жабдықталуы тиіс. 21. Жобалық шешімдер резервуарларды тасымалданатын заттармен толтырудың қауіпсіз процесін және олардың босатылуын, газ кеңістігінде қысымның артуы мен төмендеуінен қорғауды, өртке қарсы іс-шараларды, оның ішінде пирофорлы қосылыстар түзілуінің, түпкі шөгінділер мен қоспаларын (мысалы, «тауарлық» су) алып тастаудың, газ-ауа тығындыларының жүргізілген құбыржолдардан резервуарларға түсуінің алдын алу шараларын көздеуі тиіс. 22. Резервуарлық парк, сорғы станцияларының резервуарлары мен сыйымдылықтары авария кезіндегі өнім ысырабы мен залалды барынша азайтуды және жақын орналасқан елді мекендердің, кәсіпорындардың, су объектілері мен көлік жолдарының аумағына төгілу мүмкіндігін болдырмауды ескере отырып, сақталатын өнімнің авариялық төгілулерін оқшаулау жүйесімен және жою құралдарымен орналастырылуы және жайғастырылуы тиіс. 23. Резервуарлық парктерді жарықтандыру үшін жобамен резервуарлық парктің опырылуы шектеріне тікелей орналасқан діңгектерде орнатылған прожекторлар көзделуі тиіс. 24. Дәнекерлеу және басқа да отпен істейтін жұмыстар үшін арнайы жабдықталған және белгілермен көрсетілген алаңдар көзделеді. Өрт жабдықтарына және өрт гидранттарына кірме жолдар мен өтпелер әрқашан бос болуы тиіс: өрт гидранттарына және өрт су айдындарына олардың орналасу орындарын тез анықтауға мүмкіндік беретін көрсеткіш жазбалар ілінуі тиіс. Түнгі уақытта өрт гидранттары мен су айдындарындағы көрсеткіштерге жарық түсірілуі тиіс.
4.3. Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларының құбырларына қойылатын талаптар
25. Мұнай базалары құбырларының технологиялық схемасы мұнай өнімдерін айдау бойынша (төгу-құю, мұнай өнімдері құбырларынан қабылдау, базаішілік айдау, тұнбаны кетіру, резервуарларды босату және тазарту), барлық негізгі және қосалқы операциялардың орындалу мүмкіндігін, мұнай өнімін қажеттілік немесе авария жағдайында бір резервуардан басқасына айдау мүмкіндігін көздеуі тиіс. 26. Құбыржолдардың технологиялық схемасы өнеркәсіп қауіпсіздігін, өрт қауіпсіздігін сақтау, қоршаған ортаны қорғау кезінде мұнай өнімдерінің араласуын, ластануын, сулануы мен ысырабын болдырмауды қамтамасыз етуі тиіс. 27. Әр түрлі мұнай өнімдерін құбырлар арқылы айдау жобаға сәйкес жүргізілуі тиіс. Авиациялық техникада қолданылатын мұнай өнімдерін, сондай-ақ тура айдалатын бензинді және басқа да этилденбеген бензиндерді мұнай өнімдерінің бір тобына ғана арналған жеке мұнай өнімдерінің құбырлары бойынша айдау керек. 28. Құбыржолдар олардың тоқтауы кезінде босатуды қамтамасыз ететін еңістермен жобалануы тиіс. 29. Кедергілер арқылы өтетін құбыржолдардың жерүсті өтпелері орындарында көрші құбыржолдардың жылу және механикалық әсерлерден олардың біреуінің жарылуы мүмкін кезінде берік қорғауды қамтамасыз ететін конструктивтік шешімдер көзделеді. 30. Жер үстінен құбыржолдардың жерүсті төсемдерінің биіктігі жер бедері мен жергілікті жердегі топырақ жағдайларына, құбырлардың жылу әсеріне байланысты қабылданады, бірақ 0,5 м-ден кем болмайды. 31. Автомобиль жолдары мен өтпелердің қиылысқан жерлерінде автомобиль жолдары мен өту жолдарының үстінен биіктігі 4,25 м-ден кем емес және өтпелердің үстінен 2,2 м-ден кем емес тіреулер жобалануы тиіс. 32. Ғимараттар мен құрылыстардың және құрылғылардың астына жерасты құбыржолдардың төсеміне жол берілмейді. 33. Мұз қататын ортада құбыржолдар құбырдың үстіне дейінгі топырақтың қату тереңдігінен 0,1 м төмен болуы тиіс. 34. Құбыржолдарды жерасты төсеу кезінде екі және одан да көп құбыржолдардың бір траншеяға бірдей орналасуы жағдайында олар бір қатарға (бір көлденең жазықтықпен) орналасады. Олардың арасындағы қашықтық жарықта құбырлардың мынадай шартты диаметрлерінде қабылданады: 300 мм-ге дейін - 0,4 м-ден кем емес; 300 мм-ден астам - 0,5 м-ден кем емес. 35. Жерасты құбыржолдарының орналасу тереңдігі көлік қозғалысы көзделмеген жерлерде жер бетінен құбырдың немесе жылу оқшауламасының жоғарғы бөлігіне дейін 0,6 м-ден кем болмауы тиіс, ал қалған учаскелерде орналасу тереңдігі барлық қолданыстағы жүктемелерді ескере отырып, құбыржолдың беріктігін сақтау жағдайларына байланысты қабылданады. 36. Базаішілік темір жолдардың, автомобиль жолдары мен кірме жолдарының қиылыстарында жерасты құбыржолдары болат құбырлардан жасалған қаптамаларда төселуі, оларға төселетін құбыржолдардың диаметрі сыртқы диаметрінен 100 - 200 мм-ден артық болуы тиіс, ал құбырдың шеттері шеткі рельстен немесе автожол өтетін шеткі бөлігінен әр жаққа 2 м орын қалдыруы тиіс. Қаптамалардың шеттері тығыздалуы және битуммен құйылуы тиіс. Қорғаныш қаптамалары бар құбыржолдардың учаскелерінде пісірме түйіспелерінің саны барынша аз болуы тиіс. Барлық түйіспелер физикалық бақылау әдістерімен тексерілуі тиіс. Орналасу тереңдігі болат қаптамалардың үстінен шпалдардың табанына дейін 1 м-ден кем болмауы тиіс, ал автожолдар мен кірме жолдардың асты - жол жабындыларының үстіне дейін 0,8 м-ден кем болмауы тиіс. 37. Құбыржолдардың еңістері: тез жанғыш сұйық заттар үшін 0,002-ден кем болмауы; газ тәріздес заттар үшін 0,003-тен кем болмауы; тұтқырлығы жоғары және қататын заттар үшін 0,02-ден кем болмауы тиіс. 38. Болат құбыржолдардың сыртқы бетін қоршаған орта мен кезбе токтардың әсерінен туындайтын тоттанудан қорғау 9.602-89 МЕМСТ-ға сәйкес келуі тиіс. 39. Жылу оқшауламасын қолданудың қажеттілігі құбыржол төсеу орны мен тәсіліне, технологиялық процестің талаптарына, еңбек қауіпсіздігі мен жарылыс-өрт қауіпсіздігіне байланысты әрбір нақты жағдайда айқындалады. 40. Құбыржолдардың жылу оқшауламасы анықталған ақауларды сынағаннан және жойғаннан кейін жүзеге асырылады. 41. Құбыржолдың жылу оқшаулау конструкцияларында мынадай элементтер: негізгі жылу оқшаулағыш қабат; арматуралаушы және бекітуші бөлшектер; қорғаныш-жабынды қабат (қорғаныш жабын) көзделеді. 42. Тоттануға қарсы қорғаныш пайдалану мерзімі ішінде құбыржолдардың авариясыз (тоттану себебі бойынша) жұмысын қамтамасыз етеді. 43. Жобалық құжаттамада құбырларды жерасты тоттанудан қорғау үшін олардың сенімді пайдаланылуын қамтамасыз ету жөнінде шешімдер көзделеді. 44. Жерасты құбыржолдары топырақ коррозиясынан арнайы тоттануға қарсы күшейтілген қорғанышпен (оқшаулаумен) қорғалуы тиіс. 45. Құбыржолдардың сыртқы беттерін тоттанудан қорғау жүйесі мен түрін таңдау олардың төсемдерінің тәсілі мен жағдайларына, сыртқы ортаның тоттану белсенділігінің сипаты мен дәрежесіне, электр тоттану қауіптілігінің дәрежесіне байланысты жүзеге асырылады. 46. Электр-химиялық қорғаныш (катодтық, протекторлық, дренаждық) жүйесін жобалау 9.602-89 МЕМСТ-ға сәйкес жүргізіледі. 47. Құбыржолдардың электр-химиялық қорғанышы кезінде оқшаулағыш ернемектік қосылыстар көзделуі тиіс. 48. Құбыржолдарды тоттануға қарсы қорғану жөніндегі іс-шараларды жобалау кезінде конструктивтік шешімдер тоттануға қарсы жабындарды тексеру мен қалпына келтірудің қол жетімділігін қамтамасыз етуі тиіс. 49. Құбыржолдарды жаңғырту мен қайта жаңартуға жобалық құжаттаманы (қажетті сараптамалар мен келісімдерді жүргізумен) өзгерткеннен кейін жол беріледі. 50. Барлық құбыржолдар сыйымдылығы бойынша өлшемделген болуы тиіс. 51. Бітеме, реттеуші, сақтандырғыш арматуралар басқару мен қызмет көрсету үшін ыңғайлы және оңай қол жетімді жерлерде орналастырылуы тиіс. 52. Ернемектік қосылыстарға құбырларды аппаратқа, арматураға және жауап ернемектері бар өзге де жабдықтарға қосу орындарында сондай-ақ, кезеңді бөлшектеу немесе ауыстырудың пайдалану процесін талап ететін құбыржол учаскесінде көздеуге жол беріледі. 53. Кезеңді бөлшектеуді талап ететін арматура орналасқан жерлерде және салмағы 50 кг астам, қиын құбыржол тораптарында арматураларды монтаждау және бөлшектеу үшін механикаландырудың жылжымалы немесе тұрақты құралдары көзделуі тиіс. 54. Бітеме арматура орнатылуы тиіс реттеуші вентильдер мен қақпақтардан басқа вентильдер мен қақпақтарды реттеуші негізгі бітеме құрылғылар ретінде пайдалануға тыйым салынады. 55. Технологиялық құбыржолдар үшін қолданылатын фасонды біріктіруші тетіктер, ернемектер, төсемелер және тіреу бұйымдары материалдың сапасы мен техникалық сипаттамасы бойынша 356-80 МЕМСТ-ға сәйкес келуі тиіс. 56. Құбыржолдардағы төсемені және бітеме арматураларды ауыстыру ондағы қысым атмосфералыққа дейін төмендегеннен, ол мұнай өнімдерінен толық босатылғаннан және қолданыстағы құбыржолдардан ажыратылғаннан кейін ғана жол беріледі. 57. Айдау және құю станцияларының құбыржолдарында жерасты және жерүсті құбырлары мен оларға орнатылған бітеме құрылғыларының технологиялық орналасу схемасы жасалуы және бекітілуі тиіс.
4.4 Мұнай базаларының сорғы станцияларына қойылатын талаптар
58. Мұнай өнімдерін айдауға арналған сорғыларды ғимараттарда, ашық алаңдарда немесе қалқаның астында (егер сорғылар мен қозғалтқыштардың конструкциясы ашық ауада пайдалануға жол берілсе) орналастыру керек. Агрегаттың барлық қозғалатын бөліктері берік бекітілген қоршаулармен қорғалуы тиіс. 59. Бір үй-жайда әртүрлі жарқ ету температурасында, мұнай өнімдерін айдауға арналған сорғыларды орнату кезінде, бұл үй-жай және барлық жабдық жарқ етудің ең төменгі температурасымен мұнай өнімдерін айдауға қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс. 60. Сорғыларды қозғалтқыштармен біріктіретін біліктерді қабырға арқылы өтетін жерлерде олардың саңлаусыздығын қамтамасыз ететін жанбайтын материалдардан тығыздаманың құрылғыларымен қабырғаның (қалқалар) барлық қалыңдығына болат құбырлардан жасалған қаптамаларда көздеу керек. Тез тұтанатын сұйықтықтарды айдауға арналған сорғылар орнатылған үй-жайда жазық белдікті берілістерді қолдануға жол берілмейді. 61. Ғимараттарда орналасқан өнімді сорғы станцияларының сорғы агрегаттарының жетегі үшін, жалпы залда да, жеке үй-жайда да жанбайтын материалдан дайындалған қабырғаның (қалқаның) артына оларды орнатуға жол беретін электр қозғалтқыштар қолданылуы тиіс. 62. Сорғы станцияларында сорғылардың шығар бөліктерінің арасындағы өтпелердің ені 1 м кем болмауы тиіс; ені 0,6 м дейін және биіктігі 0,5 м дейін сорғыларды орнату кезінде өтпелердің енін 0,7 м дейін азайтуға жол беріледі. Сорғылардың екі қатарға орналасуы кезінде қатарлардың арасындағы өтпенің ені 1,5 м кем болмауы тиіс. 63. Іргетастардың мұнай өнімдерімен бүлінуін болдырмау үшін сорғылар жиектерімен металл тұғырықтарға орнатылуы тиіс. 64. Сорғы станцияларындағы едендер мен науалар мұнай өнімдерін өткізбейтін және оларды сіңірмейтін материалдан дайындалуы және ағындарды қабылдағыш жағына қарай еңістігі болуы тиіс. Науалар ысырмалардың тораптары орналасқан жерлерде үрлеу шүмектері мен сорғылардың тұғырықтары этилденген бензиндерді айдау үшін жинақ резервуарымен, қалған жағдайларда - мұнай өнімдерін бұруға арналған кәрізбен біріктірілуі тиіс. Төгілген сұйықтықтарды тазарту үшін сорғы станцияларының үй-жайларда резеңке шлангалы су тіреушіктерімен жабдықталады. Гидравликалық бекітпелерді кәрізге сорғы станцияларының ағынды арналарын қосу жерлерінде сорғы станциясының қызмет көрсетуші персоналы жүйелі түрде тексеруі тиіс. 65. Жерасты көлденең резервуарлардың шетжағы будың жарқ ету температурасы 1200С-тан жоғары мұнай өнімдеріне және мазутқа арналған осы резервуарлар немесе бақылау және басқару пункттері қызмет көрсететін өнімді сорғы станциясының үй-жайларында орналастыруға рұқсат етіледі. 66. Сорғы станциясындағы майлау майын металл немесе полиэтиленді ыдыста тығыз жабылған қақпақпен және тәуліктік қажеттіліктен аспайтын мөлшерде сақтау қажет. 67. Стационарлық автоматты газ анализаторлары тез тұтанатын мұнай өнімдерін айдау жөніндегі сорғы станциясының үй-жайында авариялық желдеткішпен, сондай-ақ үй-жайда мұнай өнімдері буларының қауіпті қоспаларының болуы туралы дыбыс және жарық дабылдарының құрылғыларымен тосқауылдануы тиіс.
4.5. Эстакадалар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
68. Төгу-құю эстакадалары темір жолдардың тік көлденең учаскелерінде жобалануы тиіс. Қоймаларда біржақты төгу-құю эстакадаларын радиусы 200 м кем емес жолдардың қисық учаскелерінде орналастыруға рұқсат етіледі. 69. Темір жол төгу-құю эстакадаларының ұзындығы бір уақытта өңделетін цистерналардың санына байланысты, бірақ темір жол цистерналарының бір бағытты құрамының ең жоғары ұзындығынан кем емес болып белгіленеді. 70. Темір жол цистерналарын тиеу-түсіру үшін мұнай базаларының темір жол тұйығы бір және екі жақты эстакадалармен, құю немесе төгу құрылғыларымен, жүк, ауа-вакуумды коллекторлармен, жинақтармен, мазут пен майға арналған аралық резервуарлармен, мұнай өнімдерін есептеу тораптарымен, қыздыру аспаптарының көтеру және түсіру мен фронтты бойлай цистерналарды ауыстыру құралдарымен арнайы жабдықталуы тиіс. 71. Мұнай базаларында екі жақты эстакадалар орналасқан темір жолдарда бағытпен төгу-құю үшін параллельді басып озатын кірер жолы болуы тиіс. Қолданыстағы эстакадаларды қайта жаңарту немесе кеңейту кезінде және цистерналарды екі жақтан шығаруды қамтамасыз ету мүмкін болмағанда көзделген тұйық жолды пайдалануға рұқсат етіледі. 72. Төгу-құю құрылғыларымен немесе эстакадаларымен тұйық темір жолдардың ұзындығын ұлғайту керек (өрт кезінде құрамды ағыту мүмкіндігі үшін): 6-дан астам цистернаны бір уақытта өңдеу кезінде - 30 м-дер 3-ға тен 6-ға дейінгі цистернаны қоса алғанда - 20 м, 2 цистернаны бір уақытта өңдеу кезінде ұзындығы ұлғайтылмайды. Тұйық жолдың есепті ұзындығын ұлғайту көлемі соңғы цистернадан арынды брус жағына қарай қабылданады. 73. Төгу-құю эстакадаларына ені 0,75 м кем емес қатты жабындармен жаяу сүрлеу салынуы тиіс. Жаяу сүрлеу әр эстакаданың шет жағына әкелуі тиіс, олардың теміржолдармен қиылысу орындарында рельстердің басымен деңгейінде тұтас төсеніштер орналастырылады. 74. Автоэстакадалар биіктік габаритті белгілерімен жасақталуы тиіс.
4.6. Мұнай өнімдерін автоцистерналарға құю құрылғысына қойылатын қауіпсіздік талаптары
75. Автомобиль цистерналары үшін құю құрылғылары алаңдарда қалқалардың астында орналасуы тиіс. Жеке құю құрылғылары (3 құрылғыға дейін) ашық алаңдарда орналасуы мүмкін. 76. Мұнай өнімдерін бөшкелерге және ұсақ ыдысқа құю және орау құйғыш және орайтын (май, жағатын май) үй-жайларда жүзеге асырылады. |