Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі әкімдерінің күші жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 15 ақпандағы № 141 қаулысына қосымша
Күші жойылған Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімдерінің тізбесі
1. «Қазақстан-Ғарыш» ғылыми-техникалық және экономикалық ынтымақтастық кешенді бағдарламасы туралы» Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 13 наурыздағы № 166 қаулысы. 2 «Қазақстан-Аэроспейс-98» халықаралық авиациялық-ғарыштық көрмесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 желтоқсандағы № 1838 қаулысы. 3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Қазақстан Республикасының ғарышкеріне кандидаттарды алдын ала іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 қаңтардағы № 27 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 1, 10-құжат). 4. «Ғарыштық ұшыруларға қатысушылардың Халықаралық ассоциациясының 17-ші конгресін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 1948 қаулысы. 5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 1948 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 шілдедегі № 906 қаулысы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|