Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы
Осы редакция 2011 жылғы 1 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң Алматы қаласының ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндiрiстiк орталық ретіндегі ерекшелiктерiн негiзге ала отырып, оның ерекше мәртебесiн айқындайтын құқықтық негiздердi, қаржымен, экономикалық және әлеуметтiк жағынан ынталандыру шараларын белгiлеу арқылы оның бұдан былайғы даму кепiлдiктерiн белгiлейдi. ҚР 05.07.04 № 570-11 Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред. қара) 1-бап. Алматы қаласы мәртебесiнiң құқықтық негiзi 1. Алматы қаласы республикалық маңызы бар қала болып табылады. 2. Алматы қаласының құқықтық мәртебесі осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерiмен айқындалады. ҚР 05.07.04 № 570-11 Заңымен 1-1-баппен толықтырылды 1-1-бап. Алматы қаласының нышаны 1. Алматы қаласының өз елтаңбасы бар, ол қаланың Қазақстан Республикасының мәдени, саяси, экономикалық және ғылыми орталығы ретіндегі ерекшеліктерін, сондай-ақ оның географиялық орналасқан жері мен қоршаған ортасының ерекшеліктерін бейнелейтін нышаны болып табылады. 2. Алматы қаласы елтаңбасының сипаттамасы мен оны пайдалану тәртібін және оның бейнесiн Алматы қаласының өкілдi органы айқындайды.»; ҚР 29.12.03 № 512-11; 05.07.04 № 570-11 (бұр.ред. қара) Заңдарымен 2-бап өзгертілді 2-бап. Алматы қаласының аумағы 1. Алматы қаласының аумағын Қазақстан Республикасы Үкiметінің ұсынуы бойынша әрі жергіліктi өкілдi және атқарушы органдардың пiкiрлерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтiн және өзгертетiн Алматы қаласының әкiмшiлік-аумақтық бiрлiктерiнің шекарасы шегiндегі жер құрайды. 2. Қаламен бiртұтас әлеуметтiк, табиғи және шаруашылық аумағын құрайтын қала шегiнен тыс жер қала маңындағы аймақты құрайды, оның көлемi мен шекарасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. Қала маңындағы аймаққа кiретiн жердi пайдаланудың тәртібі мен режимiн қаланың атқарушы органының аумағы қала маңындағы аймаққа кiретiн облыстық атқарушы органмен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. 3. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындалатын aтаулары мен шекарасы бар аудандар қаланың әкімшілік-аумақтық бiрлiктерi болып табылады. 4. Алматы қаласының аудандары тиiстi аумақтардың географиялық, қала құрылысы ерекшеліктері, халқының саны, әлеуметтік-экономикалық сипаттары, көлік коммуникацияларының орналасуы, өндірістік және әлеуметтiк инфрақұрылымының болуы ескеріле отырып құрылады. ҚР 05.07.04 № 570-11 Заңымен 2-1-баппен толықтырылды 2-1-бап. Жер учаскелерiн мемлекеттік қажеттіктер үшiн алып қою (сатып aлу) ерекшеліктері 1. Жер учаскесi мемлекеттік қажеттіктер үшін сатып алу немесе меншік иесiнiң немесе жер пайдаланушының келісімiмен құны тең басқа жер учаскесiн беру жолымен алып қойылуы мүмкiн. 2. Жердi пайдалану құқығын сатып алған меншік иелерi мен мемлекеттік емес жер пайдаланушылардан мемлекеттік қажеттіктер үшiн жер учаскесiн алып қою жер учаскелерін алдағы сатып алуға дейiн үш айдан кешіктірілмейтін мерзімде оларға міндетті түрде жазбаша xaбарлай отырып, сатып алу тәртiбімен жүзеге асырылады. Меншік иелері немесе жер пайдаланушылар осындaй хабарламаны алған күннен бастап үш ай өткенге дейін жер учаскелерін сатып алуға меншiк иесінің немесе жер пайдаланушының келісімімен ғана жол берiледi. Егер меншік иесі немесе жер пайдаланушы мемлекеттік қажеттіктер үшін өзiнен жер учаскесін сатып алу туралы шешіммен келiспесе не сатып алынатын жер учаскесiнiң бағасы немесе сатып алудың басқа да шарттары туралы онымен келiсімге қол жеткізілмесе, Алматы қаласының атқарушы органы үш ай өткен соң жер учаскесiн сатып алу туралы сотқа талап арыз беруге құқылы. ҚР 20.11.98 ж. № 303-1; 24.12.01 ж. № 276-II; 05.07.04 № 570-11 (бұр.ред. қара) Заңдарымен 3-бап өзгертілді 3-бап. Алматы қаласы өкiлдi органының өкiлеттiгi Алматы қаласының өкiлдi органы: 1) аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын, жергiлiктi бюджет пен оның атқарылуы туралы есептердi бекiтуге; 2) Алматы қаласының аумағында жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн айыппұл өндiрiп алудың мөлшерi мен тәртібін белгiлеуге; 3) 05.07.04 № 570-11 ҚР Заңымен алып тасталды 4) аумақтық мемлекеттік және қоғамдық ескерткiштердi қорғау органдарының Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау мен пайдалану жөніндегі мемлекеттік органмен келісілген ұсынысы бойынша жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң тiзiмiн бекiтуге; 5) басқа мемлекеттердiң жергiлiктi атқарушы органдарымен Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шек пен тәртiп бойынша халықаралық байланыстар орнатуға; 6) лотереялар шығару, оларды орналастыру мен өткізу шарттары туралы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына сәйкес қарыздар тарту қажеттілігі мен шарттары туралы шешiм қабылдауға; 7) атқарушы органның ұсынысы бойынша қаланы басқару схемасын бекiтуге; 8) Алматы қаласының аумағындағы көшi-қон процестерiн реттеу тәртібін бекiтуге; 8-1) қала аумағын абаттандыру, санитарлық тазалау, тазалық сақтау және жинауды ұйымдастыру тәртібін белгiлеуге; 8-2) «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағын белгілеуге және оны беру тәртібі мен шарттарын айқындауға; 9) 2004.20.12 № 13-III алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
ҚР 11.06.01 ж. № 207-II; 13.06.01 ж. № 212-II 05.07.04 № 570-11 (бұр.ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 4-бап өзгертілді 4-бап. Алматы қаласы атқарушы органының өкiлеттiгi Алматы қаласының атқарушы органы: 1) 2004.20.12 № 13-III алып тасталды 2) Алматы қаласының коммуналдық меншiгiн иеленудi, пайдалануды және оған билiк етудi жүзеге асырады; 3) коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілiп берiлмеген коммуналдық меншiк тiзбесiн бекiтедi, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн заңды тұлғаларды қоспағанда, Алматы қаласының аумағында тiркелген шаруашылық серiктестiктерi акцияларының мемлекеттік пакетiн иеленудi, пайдалануды және оған билiк етудi жүзеге асырады; 4) заңдарда белгiленген тәртiппен коммуналдық мүлiктi жекешелендiру туралы шешiм шығарады; 4-1) қала аумағында халықтың экологиялық қауiпсiздігін және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерін қалпына келтiрудi қамтамасыз етеді; 4-2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен қалада жалпымемлекеттік және халықаралық іс-шаралар өткізу үшін қажетті жағдайлар жасайды; 4-3) Алматы қаласы арқылы өтетiн транзиттік автомобиль көлiгінің жүру сызбасын белгiлейдi; 5) Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн тiзбеге сәйкес қызмет түрлерiн лицензиялауды жүзеге асырады; 6) Алматы қаласын дамытудың бас жоспарын iске асыруды және оның мониторингiн қамтамасыз етедi; 7) жергiлiктi өкiлдi органға жергілiктi мемлекеттік басқарудың үлгi құрылымына сәйкес Алматы қаласын басқару схемасын бекiтуге ұсынады. ҚР 05.07.04 № 570-11 Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред. қара) 5-бап. 2004.20.12 № 13-III алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 6-бап. 2004.20.12 № 13-III алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР 24.12.98 ж. № 334-1 Заңына сәйкес 7-бап алынып тасталды 7-бап. алынып тасталды ҚР 24.12.98 ж. № 334-1 Заңына сәйкес 8-бап алынып тасталды 8-бап. алынып тасталды Қазақстан Республикасының
|