Қазақстан Республикасының (2009.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 1 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2-тарау. Қор тобының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері 3-тарау. Қор тобындағы корпоративтік басқарудың ерекшеліктері Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Ұлттық әл-ауқат қорының құқықтық жағдайын, қызмет тәртібін, мақсаттарын, міндеттері мен өкілеттіктерін, сондай-ақ акциялары (қатысу үлестері) Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі заңды тұлғалардың және Қордың тобына кіретін өзге де ұйымдардың құқықтық жағдайының жекелеген ерекшеліктерін айқындайды.
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) жанама иелену - заңды тұлғаның акцияларын (қатысу үлестерін) Қордың немесе компанияның үшінші тұлғалар арқылы иеленуі; 2) компаниялар - ұлттық даму институттары, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу проценттен астамы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығымен Қорға тиесілі басқа да заңды тұлғалар; 3) Қордың тобы - Қор, компаниялар, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу проценттен астамы компанияларға тиесілі олардың еншілес ұйымдары, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу проценттен астамы компаниялардың көрсетілген еншілес ұйымдарына тиесілі, осы Заңда өздеріне қатысты арнаулы құқықтық жағдай белгіленетін заңды тұлғалар. Қордың тобына: кепілге салынған акцияларын (қатысу үлестерін) өткізу жөніндегі сауда-саттық Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өткізілмеді деп жарияланған кезде акциялары (қатысу үлестері) Қордың тобына кіретін банктің меншігіне келіп түскен заңды тұлғалар; банк кредиторларының мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында акциялары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қордың меншігіне келіп түскен банктер кірмейді; 4) Ұлттық әл-ауқат қоры (бұдан әрі - Қор) - ұлттық басқарушы холдинг.
2-бап. Қазақстан Республикасының Қор туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының Қор туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. 3. Акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы Қордың тобына осы Заңда реттелмеген бөлігінде қолданылады. 4. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбедегі компанияларға Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасы қолданылмайды.
3-бап. Қордың мақсаттары мен міндеттері 1. Қор қызметінің негізгі мақсаттары: 1) ел экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз етуге жәрдемдесу; 2) экономиканы жаңғырту мен әртараптандыруға жәрдемдесу; 3) компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру болып табылады. 1) қазақстандық экономиканы әртараптандыру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу; 2) ұлттық, салааралық және өңірлік ауқымдағы инвестициялық стратегиялық жобаларды әзірлеу және іске асыру; 3) Қазақстан Республикасының экономикасына инвестицияларды тартуға жәрдемдесу; 4) кәсіпкерлік қызметті дамытуға қолайлы жағдайларды мемлекеттік және жекеше мүдделерді шоғырландыру арқылы қамтамасыз етуге қатысу, сондай-ақ тиісті өңірдің әлеуметтік жобаларын іске асыру есебінен халықтың өмір сүру деңгейін өсіруге жәрдемдесу және өңірлердегі іскерлік және инвестициялық белсенділікті өсіруге жәрдемдесу; 5) бәсекелестікке қабілетті қазақстандық тауар өндірушілерді құруға және дамытуға жәрдемдесу; 2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 6) отандық тауар өндірушілермен және жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілермен өзара іс-қимыл жасау арқылы қазақстандық қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу; 7) компаниялардың бәсекелестікке қабілеттілігін оларды корпоративтік басқаруды жетілдіру арқылы арттыру болып табылады.
4-бап. Қор қызметінің принциптері Қордың қызметі мынадай принциптерге: 1) Қордың жалғыз акционері ретіндегі мемлекеттің мүдделерін сақтауға; 2) Қор мен компаниялар қызметінің ашықтығына, тиімділігіне және икемділігіне; 3) шешімдерді қабылдау мен оларды іске асырудағы жүйелілік пен жеделдікке; 4) жауапкершілік пен есеп берушілікке; 5) заңдылыққа негізделеді.
ҚОР ТОБЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
5-бап. Қордың акцияларына меншік мәселелері Қордың акциялары мемлекеттің айрықша меншігі болып табылады және иеліктен шығаруға жатпайды.
6-бап. Қордың ұлттық әл-ауқатты қамтамасыз етудегі ерекше өкілеттіктері 1. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын арттыру, ұлттық әл-ауқатты қамтамасыз ету мақсатында Қордың мынадай ерекше өкілеттіктері бар: 1) меншік иелері иеліктен шығаратын стратегиялық объектілерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша сатып алудың басым құқығы; 2) акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектілерге жатқызылған ұйымдардың немесе республика экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар ұйымдардың банкроттығы кезінде конкурстық массаны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша сатып алудың басым құқығы; 19-бапқа сәйкес 3) тармақша 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен банктердің акцияларын сатып алу құқығы. 2. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және шарттарда Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттің атынан немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қор немесе жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компания жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы, сондай-ақ, егер осы заңды тұлғаның негізгі қызметі Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешімдерді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындауға және (немесе) оларға ықпал етуге мүмкіндігі бар заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иеліктен шығарылған құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) акциялар пакетін (қатысу үлесін) сатып алудың басым құқығына ие болады.
7-бап. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу 1. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық актілерінде көзделген арнаулы тәртібі Қор және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп процентін тікелей немесе жанама түрде Қор иеленетін ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қолданылмайды. 2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сай Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін үлгі ережелерге сәйкес Қордың директорлар кеңесі бекітетін ережелер негізінде жүргізіледі. 3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғалардың сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу рәсімдерін Қордың директорлар кеңесі бекітетін ережелерге сәйкес орындау үшін жауапты құрылымдық бөлімшесі болуға тиіс. Сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу рәсімдерін орындау үшін жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысын акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп процентін тікелей немесе жанама түрде Қор иеленетін ұйымның директорлар кеңесі (байқаушы кеңесі) лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады. 4. Қор осы баптың 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғалардың Қордың директорлар кеңесі бекіткен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асырады. 2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен бап 5 тармақпен толықтырылды 5. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу кезінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалар: 1) тендерге қатысушыларға ұсынылатын тендерлік құжаттамада тендерге қатысушылардың - отандық тауар өндірушілердің және жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілердің бағаларын шартты түрде төмендету жөніндегі талаптарды көздеуге; 2) отандық тауар өндірушілердің және жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілердің өтінімдерін қарау және тендер жеңімпазын таңдау кезінде бағаларды шартты түрде төмендетуді қолдануға; 3) тендерге қатысушылардың баға ұсыныстары тең болған кезде отандық тауар өндірушілерге және жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге артықшылық беруге тиіс. Қазақстандық қамту Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі бойынша айқындалады. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту бойынша ақпарат сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде осы уәкілетті органға ұлттық басқарушы холдинг атынан шоғырландырылған түрде ұсынылады.
ҚОР ТОБЫНДАҒЫ КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
8-бап. Қор органдары Қор органдары: 1) жоғары орган - жалғыз акционер; 2) басқару органы - директорлар кеңесі; 3) атқарушы орган - басқарма; 4) Қордың жарғысына сәйкес өзге де органдар болып табылады.
9-бап. Қордың жалғыз құрылтайшысы және акционері 1. Қордың жалғыз құрылтайшысы және акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады. 2. Осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және (немесе) Қордың жарғысында оның жалғыз акционерінің құзыретіне жатқызылған мәселелер жөніндегі шешімдерді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды. 3. Қордың жалғыз акционерінің айрықша құзыретіне: 1) Қордың жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оны жаңа редакцияда бекіту; 2) Қордың жылдық қаржылық есептілігін бекіту; 3) Қордың даму стратегиясын бекіту; 4) Қорды ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату; 5) Қордың жарияланған акцияларының санын ұлғайту немесе Қордың орналастырылмаған жарияланған акцияларының түрін өзгерту туралы шешім қабылдау; 6) Қордың директорлар кеңесінің сан құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ Қордың директорлар кеңесінің құрамындағы тәуелсіз директорлардың санын өз қалауынша айқындау; 7) Қордың жалғыз акционері айқындаған тізбедегі компаниялардың акцияларын иеліктен шығару, сондай-ақ көрсетілген акцияларды сенімгерлікпен басқаруға беру; 8) Қордың жалғыз акционері айқындаған тізбедегі компанияларды тарату, қайта ұйымдастыру туралы шешу; 9) Қор басқармасының төрағасын лауазымға тағайындау және лауазымынан мерзімінен бұрын босату; 10) Қордың есепті қаржы жылындағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және Қордың бір жай акциясына шаққандағы дивидендтің мөлшерін бекіту; 11) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайлар басталған кезде жай акциялар бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдау; 12) Қордың дивидендтік саясатын айқындау; 13) Қор «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес акцияларды сатып алған кезде олардың құнын айқындау әдістемесін бекіту; 14) басқарма төрағасы мен мүшелерінің лауазымдық айлықақыларының мөлшерін және олардың еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы берудің шарттарын айқындау; 19-бапқа сәйкес 15) тармақша 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 15) банктердің акцияларын сатып алу және иеліктен шығару, сондай-ақ көрсетілген акцияларды сенімгерлікпен басқаруға беру; 16) осы Заңға және Қордың жарғысына сәйкес өзге де мәселелер жатады. 4. Қор жалғыз акционері (қатысушысы) болып табылмайтын компанияларға қатысты осы баптың 3-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша шешімдерді кейіннен компаниялар акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналыстарында Қордың уәкілетті өкілдерінің дауыс беруі мақсатында Қордың акционер (қатысушы) ретіндегі ұстанымын айқындау үшін Қордың жалғыз акционері қабылдайды.
1. Қордың директорлар кеңесі жалғыз акционер сайлайтын төрағадан және мүшелерден тұрады. 2. Қордың директорлар кеңесінің құрамы Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының бірінші басшылары арасынан, Қордың басқарма төрағасынан және өзге тұлғалардан құрылады. Лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қордың директорлар кеңесінің төрағасы болып табылады. 3. Қордың директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне мынадай: 1) Қордың аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды және оның қызметтеріне ақы төлеудің шекті мөлшерін жылдық бюджетті бекіту шеңберінде айқындау; 3) егер Қордың жарғысында осындай тәртіп айқындалмаса, жалғыз акционерге Қордың қызметі туралы ақпаратты беру тәртібін айқындау; 4) тәуелсіз директорларға сыйақылардың мөлшері мен оларды төлеу шарттарын айқындау; 5) мәселелерді жалғыз акционердің қарауына шығару туралы шешім қабылдау; 6) акцияларды орналастыру (өткізу) туралы, оның ішінде жарияланған акциялардың саны шегінде орналастырылатын (өткізілетін) акциялардың саны, оларды орналастыру (өткізу) тәсілі мен бағасы туралы шешім қабылдау; 7) Қордың орналастырылған акцияларды немесе басқа да бағалы қағаздарды сатып алуы және оларды сатып алу бағасы туралы шешім қабылдау; 8) басқарманың сан құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, басқарма мүшелерін сайлау, сондай-ақ олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату; 9) ішкі аудит қызметінің сан құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, оның басшысын тағайындау, сондай-ақ оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, ішкі аудит қызметінің жұмыс тәртібін және (немесе) Қордың тобындағы бірыңғай орталықтандырылған және өзге ішкі аудит қызметтерін үйлестіру тәртібін, ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы берудің мөлшері мен шарттарын айқындау; 10) Қордың ішкі қызметін ол бекіткен мәселелер тізбесі бойынша реттейтін құжаттарды бекіту; 11) Қордың даму стратегиясының негізгі көрсеткіштерінің орындалуын Қордың директорлар кеңесі белгілеген тәртіппен бағалау; 12) жасалуына қатысты «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында ерекше шарттар белгіленген мәмілелердің Қордың тобына кіретін ұйымдар арасында жасалу тәртібін айқындау; 13) осы Заңда таратылуы, қайта ұйымдастырылуы туралы шешім Қордың жалғыз акционерінің құзыретіне жатқызылған компанияларды қоспағанда, компанияларды тарату, қайта ұйымдастыру туралы шешу; 14) Қордың жылдық бюджетін және оның қызметін жоспарлау жөніндегі өзге де құжаттарды, сондай-ақ олар бойынша есеп берудің тәртібі мен мерзімін бекіту; 15) жиынтығында Қорға тиесілі барлық активтердің жиырма бес және одан көп процентін құрайтын активтердің бір бөлігін немесе бірнеше бөлігін беру арқылы Қордың өзге заңды тұлғаларды құруға немесе олардың қызметіне қатысуы; 16) корпоративтік басқару кодексін, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтыруларды бекіту; 17) Қордың міндеттемелерін оның өз капиталының он және одан көп процентін құрайтын шамаға ұлғайту; 18) Қордың басқа заңды тұлғалар акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он және одан да көп процентін сатып алуы; 19) Қордың тәуекелдерін басқару жөніндегі саясатты айқындау мәселелері бойынша шешімдер қабылдау; 20) осы Заңға және Қордың жарғысына сәйкес өзге де мәселелер жатады. 4. Қор жалғыз акционері (қатысушысы) болып табылмайтын компанияларға қатысты осы баптың 3-тармағының 13) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша шешімдерді кейіннен компаниялар акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналыстарында Қордың уәкілетті өкілдерінің дауыс беруі мақсатында Қордың акционер (қатысушы) ретіндегі ұстанымын айқындау үшін Қордың директорлар кеңесі қабылдайды. 5. Қордың директорлар кеңесі отырысының күн тәртібін Қордың корпоративтік хатшысы жасайды. Қордың директорлар кеңесінің мүшелеріне отырыс өткізу тәртібі туралы хабарламаларды Қордың корпоративтік хатшысы жібереді.
1. Қордың басқармасы басқарма төрағасынан, оның орынбасарларынан және өзге де адамдардан тұрады. 2. Қор басқармасының құзыретіне: 1) Қордың акцияларын төлеуге берілген не ірі мәміленің нысанасы болып табылатын мүліктің нарықтық құнын бағалау жөніндегі бағалаушының қызметіне ақы төлеу мөлшерін айқындау; 2) Қордың бағалы қағаздарын айырбастау шарттары мен тәртібін айқындау, сондай-ақ оларды өзгерту; 3) барлық дауыс беретін акциялары меншік және (немесе) сенімгерлікпен басқару құқығымен Қорға тиесілі компаниялар деңгейінде бірыңғай орталықтандырылған ішкі аудит қызметін құру; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына және компаниялардың жарғыларына сәйкес компаниялар акционерлері (қатысушылары) жалпы жиналысының құзыретіне жататын, олар бойынша шешімдерді (компаниялар қызметінің мәселелері бойынша осы Заңға сәйкес Қордың жалғыз акционері және директорлар кеңесі қабылдайтын шешімдерді қоспағанда) Қордың басқармасы немесе басқарма төрағасы қабылдайтын компаниялар қызметі мәселелерінің тізбесін, сондай-ақ осындай шешімдерді қабылдау тәртібін айқындау; 5) барлық дауыс беретін акциялары (қатысу үлестері) меншік және (немесе) сенімгерлікпен басқару құқығымен Қорға тиесілі компаниялардың атқарушы органдарының басшыларын тағайындау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ осы шешімдерді кейіннен көрсетілген компаниялардың директорлар кеңесінің қарауына шығара отырып, олармен жасалған еңбек қатынастарын мерзімінен бұрын тоқтату; 6) осы шешімдерді кейіннен көрсетілген ұйымдардың директорлар кеңесінің қарауына шығара отырып, Қордың тобына кіретін, барлық дауыс беретін акцияларын (қатысу үлестерін) Қор басқармасы айқындайтын тізбедегі компаниялар тікелей немесе жанама түрде иеленетін ұйымдардың атқарушы органдарының басшыларын тағайындау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату; 7) осы ұйымдардың жарғыларында оларды директорлар кеңесін құрмастан басқару мүмкіндіктерін белгілеу туралы шешімді компанияларға қатысты қабылдау немесе Қордың тобына кіретін, барлық дауыс беретін акцияларын тікелей және жанама түрде компаниялар иеленетін өзге ұйымдарға қатысты келісу; 8) Қордың штат кестесі мен ұйымдық құрылымын бекіту; 9) акцияларының (қатысу үлестерінің) елу проценттен астамы компаниялардың еншілес ұйымдарының меншігінде болатын ұйымдарға өзге заңды тұлғаларды құруға қатысуға және (немесе) олардың акцияларын (қатысу үлестерін) сатып алуға рұқсат беру; 10) Қордың филиалдары мен өкілдіктерін құру туралы шешімдерді қабылдау; 11) Қор немесе оның қызметі туралы қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын ақпаратты айқындау; 12) Қордың облигацияларын, туынды бағалы қағаздарын шығаруының және Қордың өз капиталы мөлшерінің бір процентінен аспайтын сомаға Қордың өзге қарызды тартуының шарттарын айқындау; 13) дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу проценттен астамын тікелей немесе жанама түрде Қор иеленетін заңды тұлғаларға қатысты үлгі құжаттарды бекіту; 14) компаниялардың даму стратегиялары мен жоспарларын бекіткен кезде оларға қатысты бірыңғай (оның ішінде компаниялар қызметінің салалары бойынша) қаржылық, инвестициялық, өндірістік-шаруашылық, ғылыми-техникалық және өзге де саясатты қалыптастыру; 15) инвестициялық шешімдер мен инвестициялық жобаларды іске асырудың толықтығы мен мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу жөнінде жедел шаралар қабылдау мәселелері бойынша шешімдер қабылдау; 16) осы Заңда және Қордың жарғысында Қордың басқа органдарының құзыретіне жатқызылмаған өзге де мәселелер кіреді. 3. Қор жалғыз акционері (қатысушысы) болып табылмайтын компаниялар қызметінің мәселелері бойынша осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген шешімдерді кейіннен компаниялар акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналыстарында уәкілетті өкілдердің дауыс беруі үшін Қордың акционер (қатысушы) ретіндегі ұстанымын айқындау мақсатында Қордың басқармасы немесе басқарма төрағасы қабылдайды. 4. Қор басқармасының осы баптың 2-тармағының 5), 6) тармақшаларында көрсетілген шешімдері барлық дауыс беретін акциялары (қатысу үлестері) меншік және (немесе) сенімгерлікпен басқару құқығымен Қорға тиесілі компанияның немесе Қордың тобына кіретін, барлық дауыс беретін акцияларын (қатысу үлестерін) тікелей немесе жанама түрде компаниялар иеленетін ұйымның директорлар кеңесінің бірауыздан қабылдаған шешімімен қабылданбауы мүмкін. 5. Қор басқармасы төрағасының құзыретіне «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мәселелермен қатар: 1) компанияларға және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу проценттен астамын тікелей немесе жанама түрде компаниялар иеленетін өзге заңды тұлғаларға тексерулер (ревизиялар) тағайындау туралы шешімдер қабылдау; 2) барлық дауыс беретін акциялары (қатысу үлестері) Қорға тиесілі компанияларға олардың қызметі мәселелері бойынша орындауы үшін тікелей (жедел) тапсырмалар беру; 3) осы Заңға және (немесе) Қордың жарғысына сәйкес өзге де мәселелер бойынша шешімдер қабылдау жатады.
12-бап. Қордың даму стратегиясы 1. Қордың даму стратегиясы елдің әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттары мен ұзақ мерзімді басымдықтарына сәйкес он жылға әзірленеді. Даму стратегиясы Қордың қызметі бағаланатын негізгі көрсеткіштерді, сондай-ақ олар бойынша мақсатты мәндерді қамтиды. 2. Қордың даму стратегиясының негізгі көрсеткіштерінің орындалуын бағалау Қордың директорлар кеңесі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
1. Қор барлық дауыс беретін акциялары (қатысу үлестері) Қорға тиесілі заңды тұлғалардың ақшасын басқару бойынша Қордың директорлар кеңесі бекітетін бірыңғай саясатты іске асырады. 2. Қордың тобына кіретін ұйымдар өзге ұйымдарға, оның ішінде Қордың тобына кіретін ұйымдарға ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысанда кредиттер (қарыздар) беруге құқылы. 3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген кредиттерді (қарыздарды) беру тәртібі мен шарттары Қордың директорлар кеңесі бекіткен ішкі кредит саясаты туралы ережелерде айқындалады.
14-бап. Жасалуына қатысты «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында ерекше шарттар белгіленген мәмілелер Жасалуына қатысты «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында ерекше шарттар белгіленген мәмілелер Қордың тобына кіретін ұйымдар арасында оларды қолданбай, Қордың директорлар кеңесі айқындайтын тәртіппен жасалады.
15-бап. Қордың тобына кіретін ұйымдардың өзге заңды тұлғалардың акцияларын (қатысу үлестерін) сатып алуы 1. Акцияларының (қатысу үлестерінің) елу проценттен астамы компаниялардың еншілес ұйымдарының меншігінде болатын ұйымдар өзге заңды тұлғаларды құруға немесе олардың жарғылық капиталдарына қатысуға құқылы емес. 2. Осы баптың 1-тармағында көзделген ережеден ерекше жағдайға Қор басқармасының шешімі бойынша жол беріледі. Қор басқармасы Қордың тобына кіретін жекелеген ұйымдар үшін олардың өзге заңды тұлғаларды құруға қатысу және (немесе) өзге заңды тұлғалардың акцияларын (қатысу үлестерін) сатып алу тәртібі туралы үлгі ережені бекітуге құқылы. |