«2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы Қазақстан Републикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 Қаулысы (2011.07.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 17 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. 2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет мынадай көлемде атқарылуға қабылдансын, оның ішінде 2011 жылға: 1) кірістер - 3 939 975 720 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 2 543 733 998 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 78 639 307 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 14 523 664 мың теңге; трансферттердің түсімдері - 1 303 078 751 мың теңге; 2) шығындар - 4 322 673 002 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредит беру - 25 644 456 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 126 649 337 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 101 004 881 мың теңге; 4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 194 115 982 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 194 475 982 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 360 000 мың теңге; 5) тапшылық - -602 457 720 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өніміне 2,8 пайыз; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 602 457 720 мың теңге. 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі; 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес (қызмет бабында пайдалану үшін) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар және Қорғаныс министрліктерінің бюджеттік инвестициялық жобаларының тізбесі; 3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана арасында төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттерін және кредиттерді бөлу; 4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне эпизоотияға қарсы шараларды жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|