Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік сатып алу туралы (2011.18.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 24 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2009.10.07 № 178-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «веб-сайттарда», «веб-сайттың», «веб-сайты», «веб-сайтында», «веб-сайтта», «веб-сайт», «Веб-сайтта», «веб-сайтынан», «веб-сайтын» деген сөздер тиісінше «интернет-ресурстарда», «интернет-ресурстың», «интернет-ресурсы», «интернет-ресурсында», «интернет-ресурста», «интернет-ресурс», «Интернет-ресурста», «интернет-ресурсынан», «интернет-ресурсын» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
2009.04.05. № 156-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ашық тауар биржалары» деген сөздер «тауар биржалары» деген сөздермен ауыстырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Осы Заң мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектілерінің арасында мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті олардың жүзеге асыруы процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі Ұғымдар 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың аффилиирленген тұлғалары - акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы тікелей не жанама түрде тиесілі болатын заңды тұлғалар. Жанама тиесілілік әрбір келесі аффилиирленген тұлғаға өзге заңды тұлғаның акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы тиесілі болатынын білдіреді; 2) әлеуетті өнім беруші - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткер заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум). Кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлға осы Заңның 41-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда әлеуетті өнім беруші болуы мүмкін; 3) әлеуетті өнім берушінің аффилиирленген тұлғасы - аталған әлеуетті өнім берушінің шешімдерін айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешімдерге, оның ішінде жазбаша нысанда жасалған мәміленің күшіне орай ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзіне қатысты аталған әлеуетті өнім берушінің осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға; 4) біртекті тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер - бірдей болмаса да, белгілі бір функцияларды орындауына және өзара алмастырушы болуына мүмкіндік беретін ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрамдас бөліктерден тұратын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер; 2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 5) демпингтік баға - конкурсқа қатысушының жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ұсынған бағасы, ол мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында ұқсас жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қолданылып жүрген бағалармен салыстырғанда көрінеу төмен баға болып табылады; 6) жұмыстар - құрылыспен, заттық нәтижесі бар шикізат кен орындарын жайластырумен байланысты қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмысқа жатқызылған өзге де қызмет; 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды; 2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен 6-1) тармақша жаңа редакция (бұр.ред.қара) 6-1) қазақстандық қамту - мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауға жұмысқа тартылған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегіне ақы төлеу құнының осы шарт бойынша еңбекке ақы төлеудің жалпы қорындағы және (немесе) Қазақстан Республикасы резиденттерінің жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу немесе толық өндіру критерийлеріне сәйкес тауарда (тауарларда) белгіленген қазақстандық шығарылым үлесі (үлестері) құнының мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауардың (тауарлардың) жалпы құнындағы пайыздық қамтылуы; 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды;2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен 6-1) тармақша жаңа редакция (бұр.ред.қара) 6-2) Қазақстан Республикасының резиденттері - шетел мемлекетінде тұрақты тұру құқығына сол мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген құжаты бар азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде шетелде уақытша жүрген немесе оның шегінен тыс жерлерде мемлекеттік қызметте жүрген азаматтары; Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаты бар шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, оның аумағында орналасқан барлық заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде орналасқан филиалдары мен өкілдіктері; Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі оның дипломатиялық, сауда және өзге де ресми өкілдіктері; 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 6-3) тармақшамен толықтырылды 6-3) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер - Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету бойынша Қазақстан Республикасының жергілікті еңбек ресурстарының кемінде тоқсан бес процентін пайдаланатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар; 7) конкурстық комиссия - осы Заңда көзделген конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдерін орындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы құратын алқалы орган; 8) конкурстық құжаттама - конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізудің шарттары мен тәртібі қамтылатын, конкурсқа қатысуға өтінім әзірлеу үшін әлеуетті өнім берушіге табыс етілетін құжаттама; 9) көрсетілетін қызметтер - тапсырыс берушінің заттық нәтижесі жоқ қажеттерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет; 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцида (бұр.ред.қара) 10) қаулы - бақылау нәтижелерін растайтын және ол жолданған мемлекеттік сатып алу жүйесінің барлық субъектілерінің орындауы үшін міндетті шешімдер бар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде айқындалған сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органы қабылдаған акт; 11) мемлекеттік кәсіпорынның аффилиирленген тұлғалары - еншілес мемлекеттік кәсіпорындар; 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12) мемлекеттік сатып алу - жеке тұлғалардан еңбек шарттары бойынша не кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалардан өтемді қызмет көрсету шарттары бойынша, мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде сатып алынатын көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ жарналар (салымдар) енгізуді, оның ішінде жаңадан құрылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына жарналар (салымдар) енгізуді қоспағанда, тапсырыс берушінің жұмыс істеуін, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не осы Заңда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын жарғылық қызметін орындауын қамтамасыз ету үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тапсырыс берушілердің ақылы негізде сатып алуы; 13) 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен алып тасталады (2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімі - әлеуетті өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, тиісті комиссия осы Заңға сәйкес жүзеге асыратын өзара байланысты, дәйекті іс-шаралар кешені; 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды 14-1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы - мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлға не өзін құрған заңды тұлғаның атынан әрекет ететін құрылымдық бөлімше; 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 14-2) тармақшамен толықтырылды 14-2) мемлекеттік сатып алудың веб-порталы - электрондық мемлекеттік сатып алудың электрондық қызмет көрсетулеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын мемлекеттік ақпараттық жүйе; 15) мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - мемлекеттік сатып алу жүйесін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 16) мемлекеттік сатып алу жүйесі - мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектілерінің және олардың мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру процесінде біртұтастық және өзара байланыс арқылы айқындалатын қатынастарының жиынтығы; 17) мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілері - мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар; 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 18) мемлекеттік сатып алу саласындағы қызмет - мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды орындау, осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу саласында мамандар даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтер көрсету, мемлекеттік сатып алу жүйелерінің субъектілеріне консультациялық, ақпараттық қызметтер көрсету; 19) мемлекеттік сатып алу туралы шарт - осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес, тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасында тапсырыс берушінің жұмыс істеуін, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не жарғылық қызметін орындауын қамтамасыз ету үшін тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету туралы жасалған азаматтық-құқықтық шарт; 20) 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды 20-1) отандық кәсіпкерлер - Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын әлеуетті өнім берушілер; 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 20-2) тармақшамен толықтырылды ; 2009.05.05 № 158-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) 20-2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 20-2) отандық тауар өндірушілер - Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын және: кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген тауарларды; кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жеткілікті өңдеу критерийлеріне сәйкес Қазақстан Республикасында жеткілікті өңделген тауарларды өндіретін әлеуетті өнім берушілер (бұдан әрі - отандық тауар өндірушілер) - жеке және (немесе) заңды тұлғалар; 21) өнім беруші - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, тапсырыс берушімен мемлекеттік сатып алу туралы жасасқан шартта оның келісім-шарт жасаушы агенті ретінде әрекет ететін заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум). Кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлға осы Заңның 41-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда өнім беруші болуы мүмкін; 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 22) сараптама комиссиясы - сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзіндік ерекшелігін әзірлеуге қатысу және (немесе) әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық өзіндік ерекшеліктеріне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды әзірлеу үшін тартылатын, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы құратын алқалы орган; 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 23) сарапшы - сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзіндік ерекшелігін әзірлеуге қатысу және (немесе) әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық өзіндік ерекшеліктеріне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды әзірлеу үшін тартылатын, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы айқындаған жеке тұлға; 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 24) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 24) тапсырыс берушілер - ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олармен аффилиирленген заңды тұлғаларды қоспағанда, осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар; 25) тауарлар - нәрселер (заттар), оның ішінде жартылай фабрикаттар немесе қатты, сұйық немесе газ тәріздес күйдегі шикізат, электр және жылу энергиясы, шығармашылық зияткерлік қызметтің объектіленген нәтижелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмілелерін жасасуға болатын заттық құқықтар; 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 25-1) тармақшамен толықтырылды 25-1) ұсыну - Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылық шараларын қолдану үшін бақылау объектілеріне жіберілетін уәкілетті органның, мемлекеттік қаржылық бақылау органының орындауға міндетті актісі; 26) шартты баға - конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысына конкурстық құжаттамада көзделген критерийлердің салыстырмалы мәнін қолдануды ескере отырып есептелген және конкурстың жеңімпазын айқындау мақсатында конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру кезінде ғана пайдаланылатын баға. 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 27) тармақшамен толықтырылды 27) электрондық мемлекеттік сатып алу - ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу; 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 28) тармақшамен толықтырылды 28) электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылатын, акциялардың (қатысу үлестерінің) жалғыз меншік иесі мемлекет немесе ұлттық холдинг болып табылатын, электрондық мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлға.
2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Мемлекеттік сатып алуды құқықтық реттеу принциптері Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы: 1) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау; 2) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін теңдей мүмкіндік беру; 3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік; 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4) мемлекеттік сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы; 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды 5) отандық кәсіпкерлерді қолдау принциптеріне негізделеді.
2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 4-бап. Осы Заңның өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданбай жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу 1. Осы Заңның өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормалары қолданылмай мемлекеттік сатып алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады: 1) егер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген жалпы жылдық сома тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын болса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бағалар, тарифтер, алымдар және төлемдер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 3) жедел-іздестіру қызметін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тергеу іс-қимылдарын жүзеге асыруға уәкілетті органдардың оларды жүзеге асыру үшін: жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға құпия түрде жәрдем көрсетуге келісім берген адамдар көрсететін қызметтерді; қызметтік үй-жайларды, көліктік және өзге де техникалық құралдарды, мүлікті; жасырын ұйымдар құру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді; қажетті ғылыми-техникалық немесе өзге де арнайы білімі бар лауазымды адамдар мен мамандар көрсететін қызметтерді сатып алу; 4) табиғат пайдалану құқығын сатып алу; 5) стратегиялық маңызы бар өнеркәсіптер үшін шикізат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тауарлар тізбесі бойынша шетелден сатып алынатын тауарларды сатып алу; 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 6) мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбе бойынша тауарларды кейіннен өңдеу мақсатында сатып алуы; 7) өкілдік ету шығыстарына байланысты тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 8) көрмелердің, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың, симпозиумдардың, тренингтердің материалдарын сатып алу, сондай-ақ аталған іс-шараларға қатысқаны үшін ақы төлеу; 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9) қағаздағы және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі мерзімді баспасөз басылыдарын, ақпаратты шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ интернет-ресурстарда орналастырылған ақпараттарды ұсыну жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, әртүрлі магниттік жеткізгіштерде басылған дыбыстандырылған кітаптады, көзі көрмейтін мүгедектерге қызмет көрсету үшін рельефтік-нүктелік шрифтімен, тифлоқұралмен басылған кітаптарды сатып алу; 10) қызметкерлерді шетелде даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 11) рейтингтік агенттіктер көрсететін қызметтерді, қаржылық қызметтерді сатып алу; 12) мамандандырылған кітапханалардың қызметтерін сатып алу; 13) лизинг қызметін жүзеге асыру кезінде тауарларды кейіннен лизингке беру үшін сатып алу; 14) заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы бағалы қағаздарды, үлестерді сатып алу; 15) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 16) мемлекеттік және ведомстволық наградаларды және олардың құжаттарын, Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының омырауға тағатын белгісін және оның құжатын, мемлекеттік сенім таңбаларын, Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары (оның ішінде қызметтік және дипломатиялық) және жеке куәліктерін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді дайындау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өнім берушілерден Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша арнайы дәрежеде қорғауды талап ететін баспа өнімдерін сатып алу; 17) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық қаржы ұйымдары қаржыландыратын инвестициялық жобалар шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 18) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының дизайны, оларды жасау, сақтау, жеткізіп беру жөніндегі жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ олардың дизайны мен дайындалуына қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 19) мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, қызметтері қайырымдылық және халықаралық сипаттағы шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өтемсіз негізде ұсынатын грант ақшаларын, сондай-ақ оларды беру туралы келісімдерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың өзге рәсімдері көзделген жағдайларда осы гранттарды бірлесіп қаржыландыруға бөлінген ақшаны пайдалануға байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 20) мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 21) тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің тізбесіне кіретін медициналық қызметтерді сатып алу; 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 21-1) тармақшамен толықтырылды 21-1) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда, сондай-ақ ерекше қауіпті жұмыстармен, машиналармен және тетіктермен байланысты жұмыстарда істейтін қызметкерлерді міндетті медициналық тексеру жөніндегі қызметтерді сатып алу; 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 21-2) тармақшамен толықтырылды; 2009.16.07 № 186-IV ҚР Заңымен 21-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 21-2) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету, эпидемиологиялық ауруларды емдеу және олардың алдын алу үшін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу; 22) Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде емдеу, сондай-ақ оларды тасымалдау әрі олармен бірге жүру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 23) іссапар шығыстарын жүзеге асыруға байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 24) тарих және мәдениет ескерткіштері ретінде мемлекет қорғауына алған және мемлекеттік мұражай, кітапхана, мұрағат қорларын, кино, фотосурет қорын және өзге де осыған ұқсас қорларды толықтыруға арналған тарихи, көркемдік немесе өзге де мәдени маңызы бар мәдени құндылықтар болып табылатын тауарларды, оның ішінде мұражай заттары мен мұражай коллекцияларын, сондай-ақ көшірмелерін қоса алғанда, сирек кездесетін және құнды басылымдарды, қолжазбаларды, мұрағат құжаттарын сатып алу; 25) сатып алынатын тауарларға, көрсетілетін қызметтерге қатысты ерекше құқықтары бар тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 26) табиғи монополия субъектілерінен реттелетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 27) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын белгілі бір нарықта үстем (монополиялық) жағдайға ие, осындай нарықта үлесі жүз процентке тең болатын тұлғадан не нарық субъектісінен олардың қызметінің негізгі нысанасы бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 28) төтенше жағдай салдарларын оқшаулау және (немесе) жою үшін, электр энергетикасы объектілеріндегі, тіршілікті қамтамасыз ететін коммуникациялық жүйелердегі, темір жол, әуе, автомобиль, теңіз көлігі объектілеріндегі, тазарту құрылыстарындағы, мұнай құбырларындағы, газ құбырларындағы аварияларды жою үшін, сондай-ақ коммуникациялардың, тетіктердің, агрегаттардың, қосалқы бөлшектердің және материалдардың тасымал жолында тез арада қалпына келтіруді талап ететін сынуы, істен шығуы туындаған кезде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; |