Күдіктiлердi, айыпталушыларды тегiн тамақтандыру, оның ішінде жүктi әйелдер мен балалы әйелдердi,
Осы редакция 2011 жылғы 7 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қылмыстың жасалуына сезiктiлер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы Заңына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiліп отырған: Күдiктiлер мен айыпталушыларды тамақпен тегiн қамтамасыз ету нормалары; Жүктi әйелдер мен балалы әйелдердi, бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектердi көтеріңкi тамақтандыру және заттай қамтамасыз ету нормалары; Кәмелетке толмаған күдiктiлер мен айыпталушыларды көтеріңкi тамақтандыру нормалары; Сотталғандарды тамақтандыру мен материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету нормалары; Жазасын өтеуден босатылатын сотталғандарға көмек көрсету ережесi бекiтілсін. 2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитеті (келісім бойынша) бұған дейін қабылданған нормативтік құқықтық кесімдерді осы қаулыға сәйкес келтірсін. 3. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 889 қаулысымен бекітілген Күдіктiлер мен айыпталушыларды тамақпен тегiн қамтамасыз ету нормалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 889 қаулысымен бекітілген Жүктi әйелдер мен балалы әйелдердi, бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектердi көтерiңкi тамақтандыру және киiм-кешекпен қамтамасыз ету нормалары Жүктi әйелдер мен балалы әйелдердiң бiріншi және екiншi топтағы мүгедектердiң көтерiңкi тамақтандыру нормалары
Норма бойынша тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторлары мен түзеу мекемелерiнде ұсталатын босануға 4 ай қалған жүктi әйелдерге, сондай-ақ бала емiзетiн әйелдер және 9 айға дейiнгi баланы емiзетiн әйелдерге (дәрiгерлердiң қорытындысы бойынша) азық-түлік үлесі берiледi. Тамақ ұстау орнына қарамастан дәрiгердiң қорытындысы бойынша берiледi. Осы норма бойынша тамақ алатын күдiктi және айыпталушы әйелдерге күн ара жұмыртқа беруге рұқсат етiледi. Жүкті әйелдер мен балалы әйелдердi, бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектерді киім-кешекпен қамтамасыз ету нормалары
x) - бала емiзетiн әйелдерге берiледi Ескерту: Заттай мүлiк босанар алдындағы кезеңде жүктi әйелдерге тiзiм бойынша беріледі. Бала емiзетiн әйелдерге және балалар үйiне нәрестелердi емiзуге келетiн әйелдерге мүкәммалдық пайдалану үшiн 2 жылға 2 дана халат берiледi. Үкіметінiң 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 889 қаулысымен бекітілген Кәмелетке толмаған күдіктiлер мен айыпталушыларды көтерiңкi тамақтандыру нормалары
|