Жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен бұйымдардың,
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 1128 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 60) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен бұйымдардың, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3 Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 317 қаулысымен бекітілген
Жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен бұйымдардың, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тізбесі
1. Жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен бұйымдардың, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тізбесі тасымалдау кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығына, ұшу немесе мүлік қауіпсіздігіне зиян келтіретін немесе қауіп төндіретін қауіпті заттар мен бұйымдарды, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерін азаматтық әуе кемелерінің бортына алып кіруді болдырмау мақсатында нұсқаулық материал ретінде пайдалануға арналған. 2. Қол жүгінде және багажда тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен бұйымдар: 1) жарғыш және өзге де өлімге ұшырататын құрылғылар, құрамында жарылғыш заттар мен бұйымдар, құрамында сондайлары барлар, оның ішінде: саны мен орамасына қарамастан, дәрілердің барлық түрлері; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|