Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 қазандағы № 1037 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Ауыл және орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға оларды пайдалану үшін ауыл шаруашылығы және орман алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу нормативтерін және Алқаптарды қалпына келтіруге жүмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 қазандағы № 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., №41, 432-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін: тақырып «ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ орман шаруашылығы өндірісінің шығындары мен залалдарын өтеу» деген сөздермен толықтырылсын; кіріспедегі «Жер кодексіне» деген сөздерден кейін «2003 жылгы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне» деген сөздермен толықтырылсын; 1-тармақтың 3) тармақшасы «ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ орман шаруашылығы өндірісінің шығындары мен залалдарын өтеу» деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 402 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 қазандағы № 1037 қаулысымен бекітілген
Алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу, сондай-ақ орман шаруашылығы өндірісінің шығындары мен залалдарын өтеу ережесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|