Халықаралық ынтымақтастық саласында қадағалау ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы
ҚР Бас прокурорының 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 166 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарымен және лауазымды тұлғаларымен халықаралық ынтымақтастық саласында тиісті қадағалауды қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының 11-бабын басшылыққа ала отырып: 1. Қосылған Халықаралық ынтымақтастық саласында қадағалау ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекітуді, 2. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2009 жылғы 18 ақпандағы № 10 «Халықаралық ынтымақтастық саласында қадағалауды ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту» туралы жарлығының күші жойылды деп танылуын, 3. Осы бұйрықты Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелері басшыларының назарына жеткізуді, бас әскери және көліктік прокуратуралар, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі комитеті, Бас прокуратура жанындағы Институт, облыстар, Алматы, Астана қалалары прокурорларына жолдауды БҰЙЫРАМЫН.
Халықаралық ынтымақтастық саласында қадағалауды ұйымдастыру туралы нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, халықаралық және өзге де заңнамалар негізінде біркелкі және нақты қолдану мақсатында халықаралық ынтымақтастық саласындағы қадағалауды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды регламенттейді. Халықаралық ынтымақтастық саласын қадағалаудың негізгі бағыттары: 1) қылмыстық істер, экстрадициялау және транзиттік тасымалдау бойынша құқықтық көмек көрсету; 2) бас бостандығынан айыруға сотталған адамды өзі азаматы болып табылатын мемлекетке табыс ету; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|