Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланудың кейбір түрлері үшін (2011.07.12. берілген өзгерістермен)
Жамбыл облысы мәслихатының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 38-11 шешімімен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 506-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 14-бабына сәйкес, Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ: 1. Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде екінші дәрежелі сүрек ресурстарын дайындау дайындау үшін төлемақы ставкалары 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін. 2. Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалануға негізделген жанама орман пайдаланулардың кейбір түрлері үшін төлемақы ставкалары 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін. Жамбыл облыстық мәслихатының 2011.07.12. № 41-10 шешімімен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Аңшылық шаруашылығының қажеттіліктері үшін, ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру, туристік, рекреациялық және спорттық мақсаттарда облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану үшін төлемақы ставкалары 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін. 4. «Облыс бойынша орман пайдаланудың кейбір түрлері үшін төлем ставкаларын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 12-5 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1631 тіркелді, 2006 жылғы 10 қаңтарда № 3 «Ақ жол» және 2006 жылғы 7 қаңтарда № 2-3 «Знамя труда» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 5. Осы Шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2011 жылғы 15 наурыздағы № 32-8 шешіміне 1 қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|