|
Кәсіптік-техникалық кадрларды даярлау жөніндегі ұлттық кеңесті құру туралы (2014.04.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 529 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 1158 Жарлығын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Кәсіптік-техникалық кадрларды даярлау жөніндегі ұлттық кеңес (бұдан әрі - Ұлттық кеңес) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) Ұлттық кеңес туралы ереже; 2) Ұлттық кеңестің құрамы бекітілсін. 3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мен кадрлар даярлау жөнінде республикалық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1211 қаулысы; 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1211 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 қазандағы № 1124 қаулысы. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 298 қаулысымен бекітілген
Кәсіптік-техникалық кадрларды даярлау жөніндегі ұлттық кеңес туралы ереже
1. Кәсіптік-техникалық кадрларды даярлау жөніндегі ұлттық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Кеңес қызметінің мақсаты республикалық деңгейде еңбек ресурстарын дамыту және экономиканың салаларын білікті кадрларлармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жәрдемдесу болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|