Осы редакция 2011 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 140 қаулысымен бекітілген
«Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды
1. Осы «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - Стандарт) қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру тәртібін айқындайды. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 100 - 111-баптары, «Адамдардың бала асырап алуына, оны қамқоршылыққа (қорғаншылыққа), патронатқа алуына болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 маусымдағы № 842 қаулысы негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызмет 1-қосымшаға сәйкес Астана қаласының білім басқармасы, қалалық және аудандық білім бөлімдері (бұдан әрі - білім бөлімдері) арқылы көрсетіледі. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны 3-қосымшаға сәйкес жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімі: білім бөліміне өтініш білдірген кезде: 1) құжаттарды қарау мерзімі бес жұмыс күнін құрайды; 2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 40 минуттан аспайды; 3) құжаттарды алған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|