Аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жасау қағидасын бекіту туралы (2018.28.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағының 17) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жасау қағидасы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) белгіленген заңнамалық тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы Ж. Қасымбекке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 137 бұйрығымен бекітілген
Аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жасау қағидасы
1-бөлік. Корпус
1-бөлім. Болат корпустың конструкциясы және беріктілігі
1. Жалпы ережелер
1. Аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жасау Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін жүк кемелеріне, сүйреткіштерге, мұзжарғыштарға, су ығыстырғыш жолаушылар тасымалдайтын кемелерге, «М-СП» сыныпты техникалық флот кемелеріне және каботажды жүзуде тұрған «М-ПР» және «О-ПР» сыныпты барлық типті және міндетті кемелерге қолданылады. Халықаралық рейстер жасайтын кемелер үшін сондай-ақ халықаралық конвенциялар талаптарын орындатуы қажет. «О-ПР», «М-ПР» және «М-СП» - кеменің консрукивті ерекшелігін және оның теңіз аудандарында жүзу шарттарын анықтайтын, аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелер сыныбының негізгі символдар формуласындағы әріптік тіркестер. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|