|
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің іргелі ғылым саласындағы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 2 желтоқсандағы № 1441 Қаулысымен бекітілді 2012 жылғы 3 ақпанда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкіметтері, ғылым мен білімді дамыту бөлігінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мемлекет басшылары кеңесінің 2007 жылғы 5 қазандағы шешімімен мақұлданған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын одан әрі дамыту тұжырымдамасының ережелерін ескере отырып, Тараптар мемлекеттерінің әлеуметтік және экономикалық өркендеуі үшін іргелі ғылымды дамытуға маңызды мән бере отырып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің іргелі ғылым саласындағы ынтымақтастығын дамыту, үйлестіру және дәйекті түрде тереңдету үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында, төмендегілер туралы келісті:
Тараптар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің іргелі ғылым саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі кеңесін (бұдан әрі -Кеңес) құрады. Кеңес өз қызметін осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің іргелі ғылым саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі кеңесі туралы ереже негізінде жүзеге асырады.
Осы Келісім Тараптардың әрқайсысының мемлекеті қатысушы болып табылаған басқа халықаралық шарттардан ол үшін туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді оған қол қойған Тараптардың орындағаны туралы үшінші хабарлама депозитарийге сақтауға тапсырылған күнінеп бастап күшіне енеді. Мемлекетішілік рәсімдерді кеш орындаған Тараптар үшін осы Келісім депозитарий тиісті құжаттарды алған күнінен бастап күшіне енеді.
Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын тиісті хаттамамен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|