Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы, кіші және орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын адамдардың арнайы бастапқы оқудан өту ережесін бекіту туралы
ҚР Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 211 бұйрығымен күші жойылды
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 11-бабын іске асыру мақсатында бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы, кіші және орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын адамдардың арнайы бастапқы оқудан өту ережесі бекітілсін. 2. Мыналар: 1) «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы, кіші және орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын үміткерлердің алғашқы арнайы оқудан өту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 28 сәуірдегі № 180 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4673 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2007 жылғы 15 маусымда № 90 (1119) жарияланған); 2) «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы, кіші және орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын үміткерлердің алғашқы арнайы оқудан өту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 28 сәуірдегі № 180 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 23 сәуірдегі № 149 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5211 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2008 жылғы № 8 жарияланған) бұйрықтарының күші жойылды деп есептелсін. 3. Кадр жұмысы департаменті (Ә.А. Жансейітов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өтуін және мерзімдік басылымдарда жариялануын қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|