Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысына бекітілген
Осы редакция 2011 жылғы 28 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты» жері бойынша тіркеу»
1. Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) - Қазақстан Республикасында халықтың ішкі көші-қонын есепке алу және Қазақстан Республикасының азаматтары өздерінің конституциялық және азаматтық құқықтарын жүзеге асыру мақсатында азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу рәсімі. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылған. Қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы аумақтық (қалалық, аудандық) әділет органдарының қызметкерлері «Халықты құжаттандыру және тіркеу» тіркеу пункті» ақпараттық жүйесін пайдалана отырып көрсетеді. 3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысы 27-тармағының негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызметті көрсету аумақтық (қалалық, аудандық) әділет органдарымен (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы стандарттың 1-қосымшасында мекенжайлары мен телефондары көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы жүзеге асырылады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны азаматтарды тіркеу кітабында азаматтарды тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркеу жасалғаны туралы белгі қою болып табылады. 6. Тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркеуге Қазақстан Республикасының оның аумағында тұрақты тұратын немесе шетелдерден тұрақты тұруға келген азаматтары жатады. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері: 1) азаматтарды тіркеу екі жұмыс күніне дейінгі мерзімде жүзеге асырылады. 2) құжаттарды тапсырған кезде ең ұзақ кезек күту уақыты 30 минуттан аспайды; 3) құжаттарды алған кезде ең ұзақ кезек күту уақыты 30 минуттан аспайды. 8. Мемлекеттік қызмет көрсету ақылы жүргізіледі. Тұрғылықты жері бойынша тіркеу үшін 0,1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады. Растайтын құжаты төлем туралы түбіртек немесе «электронды үкіметтің» төлем шлюзы арқылы берілетін төлем туралы чек болып табылады. 9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурстарында (www.minjust.kz), сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және 1-қосымшаға сәйкес Орталықтардың үй-жайларындағы стендтерде орналастырылады. 10. Мемлекеттік қызмет көрсетулер сенбі, жексенбі, мереке, демалыс күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен, сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін ұсынылады. Қабылдау «электронды» кезек тәртібінде алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. 11. Мемлекеттік қызмет мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жағдай жасалған Орталық ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту үшін креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналасқан.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Тұрғылықты жері бойынша тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушылар мынадай құжаттар ұсынады: 1) тұрғын үйге меншік иесінің келісімі бар тіркеу туралы арызы; 2) белгіленген тәртіппен меншігіне тұрғын үйді сатып алғанын растайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша тұрғын үйге тұруға құқық беретін өзге де құжаттары; 3) азаматтарды тіркеу кітабы; 4) бұрынғы тұрған жерінен келген кету мекенжай парағы; 5) жеке басты куәландыратын құжаты (16 жасқа дейінгі балалар - туу туралы куәлігі) (көшірмесі); 6) әскери міндеттілер, одан басқа жергілікті әскери басқарманың әскери есепке қабылдағаны туралы белгісі бар әскери билеті (әскери міндеттілер-тіркеу куәлігін) (көшірмесі); 7) келу парағына статистикалық талоны. Тұтынушылар құжаттардың көшірмелерімен бірге құжаттардың түпнұсқаларын да ұсынады, түпнұсқалар көшірмелерімен салыстырылып тексерілген соң иесіне қайтарылады. 13. Бланкілер күту залының арнайы тіреуіштерінде орналастырылады. 14. Құжаттарды қабылдау «терезенің» атқаратын қызметтері мен оның міндеттері туралы ақпарат ілінген, сондай-ақ уәкілетті орган қызметкерінің және/немесе Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген «терезе» арқылы жүзеге асырылады. Уәкілетті органның қызметкері құжаттарды осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкестігін тексерген соң азаматтардың тіркеу кітабына тіркелген орны туралы мәлімет енгізеді және белгі қояды. 15. Тұтынушыға осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген: 1) сұратылып отырған мемлекеттік қызметтің түрі; 2) құжаттарды берген күні мен орны; 3) уәкілетті органның құжаттарды қабылдаған қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты бар құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі. 16. Дайын құжаттарды беруді уәкілетті органның қызметкері сенбі, жексенбіні қоспағанда «терезе» арқылы сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен, сағат 9.00-ден сағат 18.30-га дейін қолхат негізінде көрсетілген мерзімде жүзеге асырады. 17. Тұтынушы осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда, Орталық мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
18. Уәкілетті органның және Орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарын сақтауға, қызметтік борышты орындау кезіндегі заңдылықты сақтауға негізделген және сыпайылық, түбегейлі және толық ақпарат беру, оны сақтау, қорғау және құпиялылық қағидаттарында жүзеге асырылады.
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 20. Мемлекеттік орган, мекеме немесе өзге де субъектілер жұмыстары бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын арнайы құрылған жұмыс тобымен бекітіледі.
21. Уәкілетті орган қызметкерінің және Орталық инспекторларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметінен мына телефон: 58-00-58 арқылы алуға болады. 22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта бойынша немесе уәкілетті органның және Орталықтың кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады. Уәкілетті органдардың және Орталықтар басшыларының мекен-жайлары мен телефондары осы стандарттың 1 және 1-1 қосымшасында көрсетілген. 23. Қабылданған шағым уәкілетті органның және Орталықтың ақпараттарды есепке алу журналында тіркеледі және түскен уақытынан бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қаралады, қосымша зерделеу мен тексеру жүргізу қажет болған жағдайда күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. Қаралған шағымдардың нәтижесі туралы өтініш берушіге жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
24. Уәкілетті органдар мен Орталық басшыларының жұмыс және қабылдау кестесі уәкілетті орган мен Орталықтың және осы стандарттың 10-тармағында көзделген жұмыс кестесіне сәйкес анықталады. Уәкілетті органдар мен Орталықтардың байланыс телефондары мен мекенжайлары осы стандарттың 1 және 1-1 қосымшасында көрсетілген, сондай-ақ ресми ақпараттар көздерінде және уәкілетті органдар мен Орталықтардың үй-жайларындағы стендтерде орналастырылады. Уәкілетті органдар мен Орталық басшыларының байланыс телефондары мен мекенжайлары осы стандарттың 1 және 1-1 қосымшаларында көрсетілген. 25. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, интернет-ресурс: www.minjust.kz.
«Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
«Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына 1-1-қосымша
«Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
Кесте. Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
|