Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген
Осы редакция 2011 жылғы 28 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жылжымайтын мүлік объектілері жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған (2010.07.05. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Жылжымайтын мүлік объектілері жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) - жылжымайтын объектілер жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру рәсімі. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызметті аумақтық әділет органдары (бұдан әрі-уәкілетті орган) Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетеді, олардың мекен-жайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны жылжымайтын объектілер жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру болып табылады. 6. Құқықтық кадастрдың тіркеу ісіндегі құжаттардың көшірмелері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген олардың құзыретіне сәйкес сот, құқық қорғау органдарының және басқа мемлекеттік органдардың дәлелді сауалдары бойынша ұсынылады. Өзге адамдарға көрсетілген ақпарат құқық иесінің келісімі бойынша беріледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған (тіркелген, талон алған сәттен бастап), мемлекеттік қызмет алуға өтініш берген сәттен бастап: 1) тіркеуші органы куәландырған тіркеу ісіндегі құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелері бір жұмыс күні ішінде беріледі (құжаттарды қабылдаған күн мен берген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді); 2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды; 4) құжаттарды алу кезіндегі кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды. 8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында: www.minjust.kz орналасады, сондай-ақ ресми ақпарат кездерінде және Орталықтар үй-жайларында стендтерде орнатылады. ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10. Уәкілетті органда демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейінгі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін оның жұмысын қамтамасыз ететін кесте белгіленеді. Орталықтарда құжаттарды қабылдау демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, Орталықтардың филиалдары мен өкілдіктері үшін бір сағаттық түскі үзіліспен сағат 9.00-ден сағат 19.00-ге дейінгі жұмыс кестесі белгіленеді. Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11. Мемлекеттік қызмет Орталықтың ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту үшін креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылады. Мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушылар мыналарды ұсынады: 1) белгіленген нысандағы өтінішті, онда сауал берілетін орган, берілетін ақпараттың түрі, жылжымайтын мүлік объектісінің түрі, оның тұрған жері, өтініш берушінің деректері (тегі, аты, әкесінің аты, паспорттың деректері (жеке куәлігінің деректері) жеке тұлғаның тұратын жері, заңды тұлғаның атауы және деректемелері) көрсетіледі; 2) жеке басын куәландыратын құжатты; 3) заңнамада белгіленген жағдайларда өкілдің өкілеттіктерін куәландыратын құжат. Құқық қорғау, сот және атқарушы органдар өз құзыретіне сәйкес өтініш жасаған жағдайларда және нормативтік құқықтық актілерде көзделген басқа да жағдайларда сұрау салуда талап етілген ақпарат негіздемесі, сондай-ақ сұралатын ақпараттың пайдаланылу мақсаты көрсетіледі. 13. Бланкілер күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады не Орталықтың консультанттарында болады. 14. Құжаттарды қабылдау «терезенің» арналуы және атқаратын функциясы туралы ақпарат ілінген, сондай-ақ Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетілген «терезе» арқылы жүзеге асырылады. Орталықтың инспекторы осы стандарттың 12-тармағына сәйкес құжаттардың толықтығын тексеруді, құжаттардың есеп журналында тіркелуін және құжаттарды жинақтаушы бөлімнің инспекторына табыс етілуін жүзеге асырады. Орталықтың жинақтаушы бөлімінің инспекторы құжаттарды жинауды, тізілімнің жасалуын және уәкілетті органға жіберілуін жүзеге асырады. Орталық қоса берілетін құжаттарымен бірге өтініштердің уәкілетті органға жеткізілуін және кері алынуын осы өтініштерді қабылдаған күні кемінде 2 рет жүзеге асырады. Уәкілетті орган Орталықтан құжаттар пакетін алғаннан кейін мыналарды: - жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеуші орган куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін жасайды; - орындалған құжаттар тізілімін қалыптастырады және тұтынушыға беру үшін Орталыққа жібереді. Орындалған құжаттар уәкілетті органнан қолхатта көрсетілген беру мерзімі өткенге дейін бір күн бұрын Орталыққа түсуі тиіс. сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні; сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі; қоса берілген құжаттардың саны мен атауы; құжаттарды беру күні, уақыты және орны; құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі. ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 16. Дайын құжаттарды тұтынушыға беруді Орталық инспекторы «терезе» арқылы күн сайын мерзімі көрсетілген қолхат негізінде жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 17. Құжаттарды ресімдеуде қателіктер анықталған, осы стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттар пакеті толық берілмеген және құжаттар тиісінше ресімделмеген кезде уәкілетті орган қызмет көрсетудің белгіленген мерзімі ішінде Орталыққа кейіннен тұтынушыға беру үшін бас тартудың себептерін көрсетіп, хабарлама жолдайды.
18. Уәкілетті орган мен Орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын атқару кезіндегі заңдылықты сақтауға негізделеді және әдептілік, толық ақпарат беру, оның қорғалуын, сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
21. Мемлекеттік қызметті ұсыну сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда уәкілетті органның және Орталық қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметінің 58-00-58 телефоны бойынша алуға болады. ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен 22-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде, уәкілетті органның немесе Орталықтың кеңсесі арқылы жұмыс күндерінде қолма-қол қабылданады. Шағым уәкілетті орган мен Орталық басшысының атына беріледі. Уәкілетті орган мен Орталықтың мекен-жайлары және басшыларының телефондары осы стандартқа 1 және 1-1-қосымшаларда көрсетілген. 23. Қабылданған шағым уәкілетті орган мен Орталықтың ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі және он бес күнтізбелік күн ішінде қаралады. Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. Өтініш берушіге шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен 24-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 24. Уәкілетті орган мен Орталық басшыларының жұмыс және қабылдау кестелері осы стандарттың 10-тармағында көзделген уәкілетті орган мен орталықтың жұмыс кестелеріне сәйкес анықталады. Уәкілетті органдар мен Орталықтардың байланыс телефондары осы стандартқа 1 және 1-1-қосымшаларда, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және уәкілетті орган мен Орталықтардың үй-жайларында орналасқан стендтерде көрсетілген. Орталықтар мен уәкілетті органдар басшыларының байланыс телефондары осы стандартқа 1 және 1-1-қосымшаларда көрсетілген. 25. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет-ресурсы: www.minjust.kz.
«Жылжымайтын объектілер жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен 1-1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Жылжымайтын мүлік объектілері жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-1-қосымша
«Жылжымайтын объектілер жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
Кесте. Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
|