Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2013.31.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1 және 5-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2011 жылғы 9 маусымдағы № 648 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1-тармақ 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 1. «Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, ішкі істер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеудің, бір жолғы жәрдемақылар тағайындау мен оны төлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 тамыздағы № 803 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 29, 255-құжат): тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу, біржолғы жәрдемақылар тағайындау және оны төлеу ережесін бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|