Травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы қағиданы бекіту туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 6 қаңтардағы № ҚР ДСМ-1 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы қағида бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті (А.С. Таласпаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін. 5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Денсаулық сақтау министрінің м.а 2011 жылғы 6 маусымдағы № 352 бұйрығымен бекітілген
Травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы қағида
1. Жалпы қағидалар
1. Осы Қағида «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және травматологиялық және ортопедиялық медициналық ұйымдардың статусы мен өкілеттілігін анықтайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|